“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Хабарландыру

Құрметті түлектер 2019!

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

сіздерді 2019 жылғы 18 сәуірде сағат 10.00-де ҚМИУ жаңа ғимаратындағы мәжіліс залында өтетін

«Түлектер жәрмеңкесі-2019» көрмесіне қатысуға шақырады.

Бағдарлама

10.04.2019, 15:01:34, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Объявления

ҚМИУ-де Қарағанды металлургия комбинатының құрылыс тарихына арналған дөңгелек үстел өтті

2019 жылдың 8 сәуірде іс-шараға Қазақстан Республикасының құметті құрылысшысы, техника ғылымдарының докторы, «Құрылыс» кафедрасының профессоры Филатов Анатолий Васильевич қатысты.

Дөңгелек үстелді «Құрылыс» кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шара барысында Анатолий Васильевич студенттерге құрылыс өндірісіне жаңа технологияларды әзірлеу туралы әңгімеледі. А.В. Филатовтың есімі Теміртау қаласының алғашқы құрылысшыларының Алтын кітабына жазылған. Анатолий Васильевичтің қатысуымен инженерлік-құрылыс факультеті үшін жабдықталған Калинин көшесінде спорт корпусы және ЖОО-ның екі корпусы салынды. Бұдан басқа, ол құрылыста жаңа технологияларды – қада іргетасын құрумен және жер асты құрылыстарын салумен қатар айналысты. Оларға ұсынылған технологиялар прокаттау цехтарын, домна пештерін, Қарметкомбинаттың жылу электр станцияларын салу кезінде тексерілді.

Біздің университет студенттері Қарметкомбинат құрылысының, Теміртау өнеркәсіптік нысандарының тарихын үлкен қызығушылықпен тыңдады. 70 жылдардан бастап біздің университеттің «Құрылыс» кафедрасы еліміздегі ең мықтылардың бірі болып табылады. Кафедра зертханаларында құрылыс материалдарын зерттеу үшін қолданылатын жабдықтар аз емес. Оның көмегімен құрылыс конструкцияларының қандай жағдайда екенін анықтау үшін беріктігі, жылу өткізгіштігі және басқа да көптеген сипаттамалар анықталады, құрылыс конструкцияларының үлгілеуі жүргізіледі, содан кейін нақты жағдайларда салынатын нақты жүктемелер мен күштерді анықтау арқылы сынақтар жүргізіледі. Осы мақсатта кафедра қала кәсіпорындары мен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ зертханаларымен тығыз байланыста.

ҚМИУ баспасөз қызметі

08.04.2019, 17:00:04, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Нұра ауданы мектептерінің түлектері ҚМИУ-де болды

2019 жылы 5 сәуірде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіне Нұра ауданы мектептерінің түлектері келді: «Тірек мектебі (ресурстық орталығы) «Мұташ Сүлейменовтың атындағы жалпы білім беретін мектеп» Кертінді кентінің және оған жақын орналасқан мектептер. Кертінді к. мектебі біздің университеттің қамқорлығындағы мектебі болып табылады, бізді өткен жалдың мамыр айында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум байланыстырады.

Болашақ мамандықты таңдау шеңберінде ҚМИУ ішінде және Теміртау қаласынды оқушылар үшін экскурсия өткізілді. Университеттің зертханаларымен, мұражайымен танысты, ҚМИУ студенттері тұратын жатақханаға барды. Экскурсия барысында мектеп түлектері белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін біліп, ішінара студенттік өмір ахуалына кірді. Біздің қонақтар көрермендер ретінде “ҚМИУ Аруы-2019” байқауына қатысып, біздің студенттеріміздің таланттарын көріп, жоғары оқу орнының шығармашылық студияларымен танысты. Мектеп оқушыларының алған әсерлері көп, сондықтан олар білім алу үшін біздің университетті таңдағанына сенімділікпен жауап берді.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті барлық ниет білдірушілер үшін ашық және сапалы және сұранысқа ие білім алуды ұсынады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

05.04.2019, 19:23:41, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Металлургия және материалтану» мамандығының 1 курс студенті «ҚМИУ Аруы-2019» болып атанды

2019 жылдың 5 сәуірінде ҚМИУ-де дәстурлі жыл сайынғы «ҚМИУ Аруы-2019» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – студенттердің мінез-құлвқ мәдениетін, белсенді ұстанымдарын, өнерге ұмтылысын, әлеуметтік жауапкершілігін, сахнада өзін-өзі ұстай білуін қалыптастыру.

Студенттер байқауға өте қатты дайындалды. Дайындық күн сайын дерлік, ал концерт күніне жақын күн сайын өткізілген.

Байқауға 7 студент қатысты. Қыздар өздерінің таланттарын үш сынақта көрсетті: визитка, шығармашылық байқау және кешкі көйлектерімен финалдық шығу.

Байқауға қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалады:

  • Халықаралық ынтымақтастық және Эразмус+ департаментінің директоры Аменова Әлия Алиханқызы;
  • Актер және жүргізуші Бекетов Бердах;
  • «ҚМИУ Аруы-2018» байқауының жеңімпазы Базарбекова Венера;
  • Шоумен, «КВН-Жайдарман» лигасының жетекшісі Елдос Арыстанұлы;
  • «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы Жүнісқалиев Талғат Тоқашұлы.

«Визит карточкасы» байқауында қыздар өз даралығын ашып, слайдтық презентация немес видеоролик арқылы көрсетті, вокалдық номермен немесе театрландырылған мини-көрініспен сүйемелденді.

Ең қызықты шығармашылық сайыс болды, әр қатысушы өз таланттарын көрсетті.

Бірінші болып заманауи биімен қатысушы Абайханова Анель шықты. Қуатты музыкамен қолдағы битамен, Анель залды жарытты. Бидің ерекшілігі оның икемділігі болды, атап айтқанда бидің сонында ол шпагатқа отырды.

Келесі қатысушы Алпысбаева Анелия «Аққу» биін ұсынды. Анелия аққудың қанаттары бар ақ көйлек кийп, биде әсем және үйлескен аққуларды көрсетті. Бидің өзі тазалық символы, асылдық пен сұлулықтың ұлылығын көрсетті.

Қатысушы 3 нөмері Смагулова Алиса «Павлин» экзотикалық биін ұсынды. Өзінің жеңіл және жұмсақ қимылдарымен павлин қозғалыстарын еліктеп, нәзік сезім мен тамаша пластика көрсетті.

Төртінші болып шығыс биімен қатысушы Мадкен Әлия шықты. Қарапайым және гипнотизациялық қозғалыстарды көрсетті. Қатысушы 5 нөмері Жетпісбаева Ақерке көрермендерге әдемі қазақ биін сыйлады.

Келесі сөз алған Ағарыс Ақбота осы жылдың ақпан айында Астанада болған өрт кезінде қаза тапқан 5 қызды еске алуға арнаған ақындық шығармасымен сөз сөйледі.

Байқауға ақындық шығарманы дайындаған Тоқтарбаева Гүлнұр шықты. Бір минуттық үзілістен кейін Гүлнұр және оның әріптесі әдемі вальс биледі.

Байқаудың қорытынды кезеңі кешкі көйлектерімен дәстүрлі шығу болды.

«ҚМИУ Аруы-2019» үміткерлері керемет күш-қуатқа ие болды, сахнада жарық пен позитив шықты, сондықтан да оларға қарау қызықты болды. Көрермендерге қуаныш сыйлаған концерт көптеген жағымды эмоциялар қалдырды.

Қазылар алқасы мүшелері сахнада өздерін қалай көрсететінін, сөйлеу мәдениетін, өзіндік және жеке өнерін бағалау керек болды. Қазылар алқасы мүшелерінің бірауыздан пікірі бойынша «ҚМИУ Аруы-2019» тағын МиТНМ мамандығының 1 курс студенті Ағарсы Ақбота алды.

Бірінші вице-мисс «Материалтану және материалдар технологиясы» 1 курс студенті Смагулова Алиса болды;

Шынайлық аруы – Абайханова Анель, ҚМИУ-нің техника-экономкалық колледжінің «Менеджмент» мамандығының 2 курс студенті;

Шығармашылық аруы – Тоқторбаева Гүлнұр, «Технологиялық машиналар және көлік» мамандығының 1 курс студенті;

Дарын аруы – Мадкен Әлия, «Құрылыс және экономика» факультетінің 1 курс студенті;

Сүйкімді аруы – Жетпісбаева Ақерке, «Құрылыс және экономика» факультетінің 1 курс студенті;

Көктем аруы – Алпысбаева Анелия, «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1 курс студенті.

Барлық қатысушыларға университет басшылығы атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жастар ісі жөніндегі Комитет және университетінің Студенттік парламенті ҚМИУ студенттер кәсіподағының төрайымы Кәріпбаева Айжан Рыскелдіқызына байқауды ұйымдастыруға көмектескені үшін және қатысушыларға тамаша сыйлықтар бергені үшін алғыс білдіреді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

05.04.2019, 18:40:43, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ құрамасы «Магнитка NEXT» бірінші лигасының финалистері болып атанды

2019 жылдың 4 сәуірінде ҚМИУ көктемгі «Магнитка NEXT» кубогы өтті. Финалға шығу үшін 5 команда қатысты. Ойыншылардың қатарында біздің «Клубничный микс» құрамасы да болды.

Бұл күні көрермендерге көңіл көтерді. Әділқазылар алқасы қиын жұмыс болды, өйткені көңілді және тапқыр сайысшылар өздерінің бірегей әртістері болды. Нәтижесінде ойын нәтижелері келесідей болды:

1 орын – “Скотч” (№1 Гимназия)

2 орын – “Клубничный Микс” ҚМИУ

3 орын – “Сборная страшненьких подруг” (Қарағанды қ.)

4 орын – “Ромашка” (№14 ЖОМ)

5 орын- ” Кокетки»

Екі ойын қорытындысы бойынша «Магнитка NEXT» лигасының бірінші маусымының финалистері атанды:

Қысқы кубок жеңімпазы – «Аэропорт им. Шарля де Голля»

Көктемгі кубок жеңімпазы – «Скотч»

Қазылар алқасның шешімі бойынша – «Ромашка»

Редактор алқасының шешімі бойынша – «Клубничный микс»

Лига әкімшісінің шешімі бойынша – “Сборная страшненьких подруг”

Біздің финалисттерімізге шығармашылық табыстар мен тамаша жеңістер тілейміз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

04.04.2019, 19:15:27, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар