“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ студенті «Ғажайып Аруы 2019» болып атанды

 

2019 жылдың 30 наурызынды Теміртау қаласының Мәдениет сарайында «Теміртау Аруы-2019» байқауы өтті. Байқауды Қазақстан халықы Ассамблеясы ұлттар лигасының мүшесі Андроник Гаспарян, ART Line модельдік агенттігі және «Теміртау қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.

Байқауға Теміртау қаласынаң 20 қыз қатысты, оның ішінде ҚМИУ студенті Жетпісбаева Ақерке болды. Ақерке сұлулық салонында визажист және кірпік өсіру шебері болып жұмыс істейді. Сонымен қатар Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде бухгалтер мамандығы бойынша оқиды.

«Өзін – өзі дамыту және өзін – өзі жетілдіру – жас ұрпақ айналысуы керек» – дейді Ақерке.

Біздің сүйкімді Ақерке өзінің әртістігін, сахнада ұстай білуін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті, осылайша «Ғажайып Аруы-2019» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Және бұл жаңа жеңістер үшін бастау деп айтуға болады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

02.04.2019, 11:24:37, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ студенттері ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадада үшінші орынға ие болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2019 жылдың 27-29 нарузы аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақстаы: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

Олимпиадаға Республикамыздың барлық аймақтарының 20 жоғары оқу орындарынан 30 командалық топ қатысып, бақ сынасты. Олар: Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Алматы технологиялық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Е. Буктов атындағы Қарағанды мемлекеттік университет, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеттері және т.б.

«5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті атынан Сапаров Дастан, МжЖМТ 16к және Асаинова Диана, МжЖМТ 15 тобының студенттері қатысты. Жетекшілері: МжМ кафедрасының оқытушысы Балабаева Айнұр Айтжанқызы және МҚӨ кафедрасының аға оқытушысы Даирбекова Гүлдана Сүйіндікқызы. Республикалық олимпиада үш тур бойынша жүргізілді: «Тестілеу», «Есеп шығару» және «Зертханалық-тәжірибелік».

ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада нәтижелері бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері терең білім көрсетіп, қойылған міндеттерді сәтті орындап «5В071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша жүлделі үшінші орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Олимпиада ұйымдастырушылар тарапынан біздің студенттеріміздің жоғары ғылыми деңгейі атап өтті.

1-ші орын – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

2-ші орын – Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ

3-ші орын – ҚМИУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атынан Жәутіков Бахыт Ахатұлына ХІ Республикалық Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша пәндік олимпиадасында студенттерді белсенділік көрсеткен, жоғары дайындықпен қатысқан үшін алғыс хатқа ие болды.

Студенттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, барлық ғылыми бастауларда сәттілік тілейміз.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

01.04.2019, 10:43:26, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Земля отцов

Ссылка на статью в газете «Индустриальная Караганда»

28.03.2019, 09:47:20, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

 «Кедергілерді бұзып, көпір саламыз»

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің баспасөз хатшысы Светлана Егорова Амстердам қ. ЖИТС бойынша (AIDS-2018) өткен XXII халықаралық  конференцияға қатысты. 

22nd International AIDS Conference (AIDS 2018) Amsterdam, Netherlands Copyright: Marcus Rose/IAS Photo shows: TB 2018: Signage at conference

Бұл оқиға «Кедергілерді бұзып, көпір саламыз» атты дивизбен өткізілді, бұл конференция ЖИТС және АИТВ қарсы жаһандық күрес шеңберінде тарихта қалады. Конференцияға 160 астам елден 16000 астам алам қатысты, оның ішінде дәрігерлер, дәрі-дәрмек өндірушілері, ғалымдар, құқық қорғаушылар, саясаткерлер, журналистер, үкіметті емес ұйымдар өкілдері, еріктілер және ЖИТС өмір сүретін адамдар. Іс-шараға қатысқан танымал тұлғалардың ішінде ЖИТС-инфекциясының таралуымен күресуге үлкен үлкен қосқан медиялық жеке тұлғалар – ханзада Гарри, АҚШ бұрынғы Президенті персондар Билл Клинтон, әнші Элтон Джон, актриса Шерлиз Терон, әнші Кончита Вюрст болды.

Әлемде АИТВ-инфекциясымен және ЖИТС ауруына шалдығу және өлім деңгейі төмендеуде, бірақта тек ғана Шығыс Еуропа және Орталық Азиада (ВЕЦА) өте күрделі шиеленіскен жағдай қалыптасқан: ЖИТС таралу темпі бұл аймақтарда жоғары бірінші орында, соңғы жылдары өлім жағдайы 38% жоғарлады. Жоғарыда айтылғандарға қатысты ЖИТС күресу тарихында бірінші рет елдің назары ВЕЦА өңіріне ауды.

ҚМИУ баспасөз хатшысы Светлана Егорова он жылдам артық уақыт ішінде ЖИТС және АИТВ қатысты мәселелерді баспасөз бетінде ел назарына ұсынуда, ол арнайы медиа-степендия иегері атады, осы степендия шеңберінде конференцияға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге бұл арнайы медиа-степендия журналистер, әртүрлі үкіметті емес ұйымның 100 астам өкіліне берілді.

22nd International AIDS Conference (AIDS 2018) Amsterdam, Netherlands. Copyright: Matthijs Immink/IAS AIDS2018 Scolarship Group Shot

Жалпы конференция аясында 500 астам іс-шаралар өткізілді. Негізгі бағдарламада мәжілісті отырыстар, біліктілікті арттыруға арналған семинарлар, арнайы сессиялар, стенді баяндамалар, ауызша тұсаукесерлер және т.б. шаралар өткізілді, ал «Жаһандық қалашықта» қоғамға қолжетімді – пікір-таластар, воркшоптар, фильмдер, театрлық көріністер, жастар сессиялары ұйымдастырылды. Осының барлығы тәжірибемен алмасуға, ЖИТС бойынша жаңа зерттеулер және алдын алу шаралары туралы көп мағұлмат жинауға, табысты әлеуметтік кампанияларға қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар конференция негізінен ағылшын тілінде жүргізілді, шамамен қырық сессия орыс тіліне аударылды. АИТВ-сыз әлем, тиімді емдеу және алдын алу, зиянды деңгейді төмендету – осы тақырыптар конференцияның барлық жұмысының өзегі болды.

Амстердам қ. ЖИТС бойынша халықаралық конференцияның қортындысы бойынша қарар қабылданды, онда 2016 жылы Дурбан қ. өткен конференциядан кейін ғылыми зерттеу жұмыстары әлемдік деңгейде танылды, АИТВ емделушідегі анықталмаған вирустық жүктеме кезінде ол басқа адамға жұқпайтындығы расталды. Сонымен бірге жалпы АИТВ алдын алу жұмыстары жеткілісіз деңгейде, халықтың негізгі тобы әйелдер және қыздар арасында АИТВ жұқтыру жағдайы жоғары.  Стигматизациялану, гендерлік теңсіздік, саяси еріктіліктің жетіспеушілігі, қаржыландыруды қысқарту және көптеген басқада себептер АИТВ қарсы күресуді тежейді. Осылайша, қоғам, саясат және биілік ЖИТС эпидемиясымен күресудің нағыз ортасында. Олардың өзара келісіміне жаһандық мақсаттарды денсаулық сақтау қызметімен барлық халықты қамту тәуелді.

Халықтың әлеуметті қорғалмаған ең әлсіз және маргиналдандырылған (салдарында эпидемияны тоқтау үшін) топтарына көмек көрсетуге қатысты тиімді қолжетімділікті кеңейтуді қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғамның өкілдері және белсенділері, ғалымдар және зерттеушілер бірге жұмыс жасаулары керек. Амстердам қ. өткен конференция эпидемиямен күреуге қатысты бәрін қамтушы және мультисекторлы тәсілдердің қарқынды дамуына ықпал ететін көпір болды. Қазіргі таңда қоғам, саясат және биілік АИТВ эпидемиясына қарсы жауап ретінде әділ және бәрін қамтуды қамтамасыз ету үшін бірігіп күресу қажет.

ҚМИУ баспасөз қызметі


СОТСБИ біліктілікті арттыру курсы

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары СОТСБИ компаниясымен бірге Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсында біліктіліктерін арттырып жатыр.

Курс тыңдаушыларын бірнеше күн ішінде «СОТСБИ интерактивті зертханалық-оқу кешені» курсы бойынша  дәрістер, практикалық және жеке өзіндік жұмыстар күтіп түр. Сабақты М. А. Бонч-Бруевич ат. Санкт-Петербург  телекоммуникация университетінің оқытушысы,  СОТСБИ ҒТО ЖШС техникалық жазушысы Татьяна Лушникова жүргізеді.

Оқылатын тақырыптар – байланыс желістері, ашық жүйелердің өзара әрекеттесуі, ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты коммуникациялық хаттамаларды зерделеуге арналған СОТСБИ-ngn аппаратты-бағдарламалық кешен және т.б. Курс ұзақтығы 72 академиялық сағат, оқыту нысаны- күндізгі/сырттай.

ҚМИУ баспасөз қызметі