9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Біздің университеттің студенттері мен оқытушылары сайлауға белсенді қатысып, белсенді азаматтық ұстанымды көрсетті.
Сайлау күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде орналасқан сайлау учаскесіне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бақылаушысы, біздің университеттің түлегі, ҚМИУ Құрметті профессоры Олег Николаевич Сосковец келді.
Олег Николаевичтің жеке тұлғасы бәріне белгілі, қазіргі уақытта ол ресейлік тауар өндірушілер одағын басқарады, қаржы-өнеркәсіптік топтар қауымдастығының төрағасы, бұрынғы Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары, КСРО қара металлургия министрі.
Олег Николаевичтің қызметі Металлургтер қаласымен тығыз байланысты. 1971 жылы Қарметкомбинат жанындағы ВТУЗ (КГИУ) зауытын бітіргеннен кейін, ол жұмысшыдан комбинаттың бас директорына дейінгі еңбек жолынан өтті. Ресейге көшкен Олег Сосковец екі мемлекет арасында тығыз байланыс орнатуды жалғастыруда.
– Мен сайлауға дайындықтың жоғары деңгейін атап өткім келеді, – деді Олег Николаевич сайлау барысымен танысып, сайлаушылардың жоғары белсенділігін көріп.
Қазақстанның басқа облыстарынан келген “Серпін” бағдарламасы бойынша оқитын ҚМИУ студенттері де белсенді азаматтық ұстанымды көрсетті. Мадияр Кәрібжан-болашақ инженер – технолог, кезектен тыс сайлау-өз кандидатына дауыс берудің бірегей мүмкіндігі деп есептейді. “Мен үшін бұл үлкен оқиға”.
Теміртаулықтар біздің университетте сайлау учаскесінде орын алған ерекше мерекелік атмосфераны атап өтті.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Уважаемые абитуриенты, предоставляем вашему вниманию видео-памятку по подготовке к Единому Национальному Тестированию. Начиная с 2019 года, Единое Национальное Тестирование будет проводиться четыре раза в год: в январе, марте, июне и августе.
https://youtu.be/zza30GCCHLg
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) өткізілу форматына қатысты ешқандай өзгерістер болмағанымен, білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұрын-соңды ЖОО мемлекеттік гранттары мамандық бойынша бөлінетін болса, ендігі кезекте білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады. Аталмыш топтарға жоғары оқу орындарының бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді. Барлығы 97 топ бар.
Мәселен, маусым айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудегі сынақты талапкер «Математика» + «Физика» пәндерінің комбинациясы бойынша тапсырады делік. Сәйкесінше, талапкер үшін білім беру бағдарламасының тобын ұсынылған 25 бағдарламаның ішінен таңдап алу мүмкіндігі туындайды. Төменде пәндер комбинациясы мен сәйкесінше білім беру бағдарламалары топтарының көлемін ұсынамыз:
- “Биология” + “География” – 9
- “Дүниежүзі тарихы” + “География” – 4
- “Математика” + “Физика” – 25
- “Химия” + “Биология” – 16
- “География” + ” Дүниежүзі тарихы ” – 1
- “Қазақ тілі” + “Қазақ әдебиеті” – 3
- “Орыс тілі” + “Орыс әдебиеті” – 3
- “Шет тілі” + ” Дүниежүзі тарихы” – 5
- “Математика” + “География” – 9
- ” Дүниежүзі тарихы” + “Адам. Қоғам. Заң” – 2
- “Химия” + “Физика” – 1
- “География” + “Шет тілі” – 2
- Шығармашылық емтихан + Шығармашылық емтихан (білім беру бағдарламалары топтарының саны – 9).
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, түлектер үшін өздері таңдаған ЖОО-ға оңай түсуге қосымша мүмкіндік беретін жаңашылдықтарға тағы бір мәрте тоқталып кеткіміз келеді:
- ҰБТ-ны енді жылына 4 рет тапсыруға болады. Тестілеуді тапсырған сайын әр түрлі пәндер комбинациясын таңдауға болады. Білім беру гранттарын жеңіп алу үшін талапкер міндетті түрде жазғы ҰБТ тапсыруы қажет.
- Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, өз мамандығы бойынша қысқартылған бағдарлама бойынша оқуын жалғастыра отырып, ЖОО-ға ақылы негізде түсе алады. Оқуға түсу үшін ЖОО емтихандарының нәтижелері жеткілікті;
- Кешенді тестілеу (КТ) ҰБТ-мен біріктірілді.
Осы орайда биылғы түлектерге мамандық таңдауда дұрыс таңдау жасап, өздері қалаған оқу орнына түсулеріне тілектеспіз! Өйткені әрбір адамның шын мәнінде қуаныш сыйлап, қанағат сезімін әкелетін мамандық таңдағаны жөн. Ең бастысы, таңдаған мамандығыңыз болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие болатындығы маңызды.
Көзі
ҚМИУ түлектерінің назарына!
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Сіздерді 15 мамыр күні сағат 11.00-де Республика даңғылы, 38, Қалалық мәдениет сарайында өтетін бос жұмыс орындары Жәрмеңкесіне қатысуға шақырады.
Анықтама телефондары: 91-64-20, 41-55-00.
Техникалық мамандықтардың 3 және 4 курс студенттерінің назарына! 14.05.2019 ж. сағат 10.00-да 1-225 ауд. «Sandvik Mining and Construction Kazakhstan LTD» ЖШС өкілдерімен кездесу өтеді.
SANDVIK – бұл металл өңдеуге арналған құрал-саймандар өндірісінде, тау-кен жұмыстары мен құрылысқа арналған жаңа материалдар, жабдықтар мен құрал-саймандар өндірісінің технологияларын әзірлеуде әлемдегі жетекші орынға ие жоғары технологиялық машина жасау компанияларының тобы. Топ құрамына кіретін компанияларда әлемнің 130 елінен 50 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.
Егер сіз қызықты жұмыс алғыңыз келсе немесе өңдірістік тәжірбиеден өтгіңіз келсе, Сізді күтеміз!