ҚМИУ-де ЖОО еңбек ардагерлерін даналық мерекесімен құттықтады.
Өмірде әрқайсымызға қатысты мерекелер бар. 1 қазан күні біз қарттар күнін атап өтудеміз, қарттықты құрметтеу – қарт адамдардың еңбегін тану белгісі, олардың мемлекетіміздің дамуына қосқан көп қырлы үлесі.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде қарттар күнін жыл сайын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Еңбек ардагерлерін құттықтау 2019 жылы 4 қазанда ҚМИУ «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінде өтті.
Бұл кездесудің құрметті қонақтары біздің ЖОО-ның еңбегі сіңген оқытушылары Гавва Нина Федосеевна, Орманышева Мейрамкуль Иманқұлқызы, Шаргородская Нина Федоровна, Филатов Анатолий Васильевич, Байғабатов Төлеутай Смакович, Кукало Людмила Ивановна, Харламов Анатолий Дмитриевич, Артықбаев Өтепберген Артықбайұлы, Старостина Надежда Ивановна болды.
Ардагерлер мен зейнеткерлерге тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Мәдина Мейрамқызы Салпенова мен кәсіподақ комитетінің төрайымы Айжан Рыскелдіқызы Кәріпбаева алғыс сөздерін айтты.
Кездесу қатысушылары жоғары оқу орнының қабырғасында жұмыс істеген уақыты туралы, өз әріптестері мен студенттері туралы, жылдан жылға университеттің қалай өзгергені туралы естеліктерімен қуана-қуана бөлісті. Университет ректоры Бақыт Ахатұлы Жаутиковқа еңбек ардагерлеріне үнемі қамқорлық көрсеткендері үшін алғыс айтты. Осы адамдардың әрқайсысы үшін біздің университетіміз әрдайым туған үйі болып қала береді, өйткені кездесудің әрбір қатысушысы біздің жоо-да 30 жылдан астам жұмыс істеді.
Ресми бөлімнен кейін университет ардагерлеріне концерттік бағдарлама көрсетіліп, мерекелік дастархан жайылды, жалпы естелік суретке түсті.
ҚМИУ баспасөз қызметі