Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «БІЛІМ БЕРУДІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ: МАЗМҰНЫ, ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ, САПАСЫ» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.
2019 жылдың 29 қарашасында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Білім беруді трансформациялау: мазмұны, технологиялары, сапасы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты – білім беруді трансформациялаудың бағыттары мен болашағын айқындау, білім сапасын дамытудың заманауи технологиялары мен оқытудың озық тәжірибелерін анықтау, өзара тәжірибе алмасу және Қазақстан мен көрші елдердің университеттері арасында ғылыми және серіктестік байланысты орнату.
Дәстүр бойынша конференция білім беру кеңістігін әлеуметтік-мәдени қатынастарды трансформациялау кеңістігіне айналдыру үшін университет қауымдастығының, жұмыс берушілер мен іскери серіктестердің өзара әрекеттесуі үшін танымал диалог алаңы ретінде қызмет етеді.
Конференцияға қатысу үшін Украина, Қырғызстан университеттерінен және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан 100 астам баяндамалар ұсынылды.
Конференцияның құрметті қонақтары:
- А.Н. Нукенов – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- Е. Т.Иргебаев – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары;
- К.А. Токушев – «Саналы ұрпак» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы;
- К.Б. – Оспанова «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
- Ш.Ж. Сеилов – Қазақ ақпараттық коммуникациялар академиясының президенті;
- Н.Н. Комарницкий – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаржы директорының орынбасары;
- С.Н. Роговой – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ақпараттық-есептеу орталығының бастығы, ақпараттық қауіпсіздік бойынша бас маман;
- Н.В. Нашар – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ персоналды дамыту және оқыту бөлімінің бастығы;
- И.В. Лукашук – «ТеміртауЭлектроМонтаж» ЖШС пероснал жөніндегі менеджері.
Пленарлық отырыста К.А. Токашев, Т.С.Байгабатов мырзалардың және Н.В. Плохих, И.В Лукашук ханымдардың баяндамалары тыңдалады.
Талқылауға ұсынылатын конференцияның негізгі тақырыбы цифрлық ғасырдағы оқытудың инновациялық шешімдерін анықтау.
Пленарлық отырыстан кейін конференция келесі фокус-топтарда жұмыс жасаумен жалғасады:
– оқу процестеріне озық тәжірибелерді енгізу.
– білім мен ғылымды сандық түрлендіру.
-университеттердің үшінші миссиясы мен тұтастық идеологиясының алдын-алу тәсілдері.
– іскерлік ағылшын тілі және мәдениетаралық коммуникация.
Конференцияның салтанатты ашылуы 29 қарашада сағат 10.00 ҚМИУ жаңа ғимаратының мәжіліс залында өтеді (Темірта қ., Республика даңғылы, 30).
Жауапты тұлғалар: АСД директоры – Елена Михайловна Харченко (+77479432837), АСД әдіскері – Айгерим Акметжановна Нургалиева (+77471617751)
ҚМИУ баспасөз қызметі.