“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Группа крови» финалда

2017-2018 маусымының “Магнитка” ашық лигасының соңғы финалисті белгілі болды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 4 сәуір күні КТК көктемгі Кубогы өтті. 

 “Аяулы ханымдар үшін!” тақырыбындағы ойында 7 команда қатысты.  Әзілдер, өздеріңіз байқағандай, тақырыпқа сәйкес болды. Әр команда шығуына бес минут берілді.

Нәтижесінде бірінші орынды “Группа крови” командасының балалары иеленді. Екінші орында – “Нестандартная” командасы, үшінші орында – “Сборная программистов УФФ”. “ПедаБоги” командасынан Зарина Нозимова үздік ойыншы деп танылды.

Көктемгі Кубок чемпионы чемпионат финалына шықты.

Ойын ұйымдастырушылары – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, Теміртау қ. Ашық лигасы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Нұр Отан» партиясының филиалы, «Жас Отан» ЖК Теміртау бөлімшесі және «Теміртау Жастар Клубы» ҚБ.

ҚМИУ Баспасөз қызметі

 


“Бөкетов оқулары-2018” екінші орын – ҚМИУ студентінде

ҚМИУ-дің үшінші курс студенті, болашақ экономист Карина Смағұлова «Бөкетов оқулары-2018» атты магистранттар мен студенттердің аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының «Экономика және құқықтың өзекті мәселелері» секциясында 2-ші орынды иеленді.

Конференция 29 наурыз Бөкетов ат. ҚарМУ-да өтті. «Экономика-15» тобының студенті Карина Смағұлова «Төртінші өнеркәсіптік революция ерекшеліктері» атты баяндамасымен сөз сөйледі.

– Тақырыбым бүгінгі күні талқылау үшін өзекті болып табылады деп есептеймін, – дейді Карина. – Мұнда пікірлер әртүрлі тарайды: біреу бұл ел дамуының жаңа кезеңі дейді, ал кейбіреулер мемлекет әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа түседі деп санайды. Мен өз баяндамамда  барлық көзқарастарды, сондай-ақ тақырыптың артықшылықтары мен кемшіліктерін және оның ерекшеліктерін көрсетуге тырыстым.

Үшінші курс студентінің айтуы бойынша, ол конференцияда көптеген әсерлер алды және үлкен тәжірибе жинады. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылардың баяндамалары өзекті және танымды болды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Қоғамдық сананы жаңғырту

ҚМИУ делегациясы 29 наурызда Достық үйінде (Қарағанды қ.) өткен «Қоғамдық сананы жаңғырту арқылы этномәдени бірлестіктердің жас көшбасшыларының тұлғасын қалыптастыру» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

 

 

 

 

 

 

Конференция жұмысына этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. “Polonia” Қарағанды ​​облыстық поляк қоғамының төрағасы В.А.Хмелевский; «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Бөкетов ат. ҚарМУ доценті Н. А. Бейсенбекова; Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі М.К.Абдакимова; «Видергебурт» неміс орталығы» Қарағанды ​​облыстық қоғамының төрағасы В.Е. Кист; Шевченко ат. “Рідне слово” украин тілдері қауымдастығының жастар қанатының жетекшісі О.В. Головченко баяндама жасады. Олар жастар арасында еріктілік пен еріктілер қозғалысын, патриоттық тәрбиелеу үрдісінде өскелең ұрпақта көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту идеясын жүзеге асыру мәселелерін көтерді. Содан кейін «Қазақстан төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында», «Ұлттық сана: таяу жылдарға арналған күн тәртібі» және «Этномәдени бірлестік көшбасшыларының құндылық бағдарлары» панельдік сессиялар отырысы басталды.

ҚМИУ делегация құрамына университеттің бірнеше оқытушылары мен студенттері кірді. “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Т. В. Семенова адами капитал құрылымында рухани-адамгершілік компоненттердің рөлі мен маңызы туралы айтты; қоғамдық пәндер оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Д.К.Жанабергенова «Бейбітшілік пен келісім идеясы» атты баяндамасымен, ал аға оқытушы Ж.А. Ахметов – «Жастардың рухани байлығын байытуда, шешендік өнердегі саяси құндылықтардың орны мен рөлі» атты өз жұмысымен сөз сөйледі.

Конференцияда ең өзекті мәселелер бойынша отыздан астам баяндамалар тыңдалды. Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Мемлекет Басшысының бес әлеуметтік бастамалары туралы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Альма-матеры болып табылатын Қарағанды индустриялық университетінде 30 наурыз 2018 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының студенттер, магистранттар, жас ғалымдармен және оқытушылармен кездесуі өтті. Құрметті қонақтар сапарының басты мақсаты – Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру тетіктерін түсіндіру.

Бұл күні ҚИУ-дың қонақтары: Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитетінің хатшысы, «Нұр Отан» партиясының экономикалық саясат жөніндегі Кеңесінің жетекшісі; Кәрібай Иманжанұлы Мұсырман – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитетінің мүшесі; Василий Иванович Олейник – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі Комитетінің мүшесі болды.

Биылғы жылы ҚИУ 55 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бүгінде ол Қазақстанның металлургия саласындағы жетекші техникалық ЖОО. Тәуелсіздік жылдары ҚИУ-да 25 мыңнан астам маман инженерлік білім алды. Ағымдағы жылдың 5 наурызында Мемлекет басшысы айтқан бес әлеуметтік бастамасы заманауи экономикалық жағдайда болашаққа үлкен сенім мен белсенділік сезімін ұялатады және қазақстандықтардың тағдырына терең алаңдаушылықты куәландырады. Барлық бастамалар еліміздің әрбір азаматының өмірінің маңызды аспектілеріне қатысты және халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған.

Университетте сандық оқу-өндірісін құру және оқу процесінде Индустрия 4.0 элементтерін іске асыру үшін кеңейтілген базалық алаң құрылды. ЖОО-да студенттік жастарды жан-жақты дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалды – бұл сабақтарға да, белсенді сабақтан тыс іс-шараларға да қатысты. Басқа қалалардан келген студенттер толық жатақханамен қамтамасыз етілген, олардың жайлы тұруы үшін барлық жағдай жасалған.

Университет ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын белсенді түрде қолдайды, оның жүзеге асырылуы жастарға толығымен мемлекет тарапынан қолдау мен қамқорлықты сезінуіне мүмкіндік береді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары үшін ҚИУ бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында бірегей жабдықтармен жабдықталған жоғары технологиялық зертханалары көрсетілді. Сондай-ақ, қонақтар көп жылдық тарихы бар университет мұражайына және жақында ашылған “Рухани жаңғыру” кеңсесіне барды, содан кейін ЖОО студенттерімен және оқытушыларымен дөңгелек үстел өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының маңызы туралы айтты,  сондай-ақ оларды жүзеге асыру механизмдерін егжей-тегжейлі және қол жетімді түсіндірді. Ол мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алу маңыздылығын атап өтті, білім беру гранттар санының ұлғайғанына назар аудартты, соның ішінде техникалық мамандықтар бойынша. ҚИУ студенттері қазақ әліпбиін латын қарпіне ауыстыру перспективалары,  жастарды жұмысқа орналастыру және басқа да көптеген мәселелер туралы өзекті және маңызды сұрақтар қойды. Бейбіт Баймағамбетұлы толық жауаптар берді және әрбір студенттің негізгі міндеті – сапалы білім алу және бұл мақсатқа қол жеткізу үшін еңбек нарығындағы өзінің бәсекеге қабілеттілігін көрсете отырып, өз күшімен жету қажет екенін атап өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман әлеуметтік-осал санат, көпбалалы отбасылар және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ жетім балалар қатарындағы студенттерді мемлекеттік қолдауға қатысты сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, жетім балалар үшін мемлекет тарапынан оқуға гранттар бөлінеді. Сонымен қатар, Кәрібай Иманжанұлы “Мәңгілік ел жастары – индустрияға!” – “Серпін” мемлекеттік әлеуметтік жобасы бойынша оқитын студенттердің жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу туралы сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ одан әрі жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу бөлігінде осы жобаны жүзеге асыру жолдарын түсіндірді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Василий Олейник әлеуметтік-маңызды санаттарды қолдау бойынша заңнамалық актілерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Қонақтар өз сөздерінде жаңа білім беру бағдарламаларын іске асыру және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін ҚИУ-дің жақсы материалдық-техникалық базасын атап өтті.

ҚИУ баспасөз қызметі


«Аспан астындағы шындық»

29 наурызда Қарағанды индустриялық университетінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ құрылған “Аспан астындағы шындық”  атты деректі фильм көрсетілімі өтті.

Көрсетілім «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі стратегиясын» жүзеге асыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеясын нығайту аясында өткізілді.

Фильм мықты азаматтық, шындық пен риясыз адалдық позицияны қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауға бағытталған. Көрсетілімге ЖОО 400 студенттері қатысты.

ҚИУ баспасөз қызметі