Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
14 сәуір күні Маңғыстау облысы Ақтау қ. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға! – Серпін» әлеуметтік жобасы шеңберінде облыстық мамандықтар фестивалі өткізілді.
Фестиваль мақсаты – ҚР БҒМ «Серпін» әлеуметтік жобасының жұмыс жоспарына сәйкес Маңғыстау облысының мектеп түлектеріне арналған кәсіпті бағдар жұмысын ұйымдастыру. Фестивалді ұйымдастырушы Маңғыстау облысының білім басқармасы.
Фестиваль шеңберінде ұйымдастырылған көрмеге осы әлеуметтік жобаға қатысушылар – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарының университеттері және колледждері қатысты. ҚМИУ «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультетінің деканының орынбасары К. Капашева, Қарағанды облысының өкілі ретінде қатысты және пленарлық отырыста баяндама жасады. Ол өзінің баяндамасында бағдарламаның жүзеге асырылуы, Мемлекет Басшысының алма-матері саналатын жоғары оқу орнының жетістіктері, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға! – Серпін» әлеуметтік жобасы шеңберінде оқып жатқан студенттерге арналған тәрбие жұмыстары және студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу туралы толық айтты.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Университет қабырғасында қалалық «Тілдарын» байқауы өткізілді. Оған ҚМИУ жеті студенті, «Мирас» көпбейінді колледждің, Сауда және тамақтандыру колледжінің бірнеше өкілдері қатысты.
«Тілдарын» байқауының мақсаты мен міндеті – үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік білетін оқушыларға қолдау көрсету, тіларалық қармы-қатынас мәдениетін қалыптастыру, көптілді жеке тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патритотизм сезімін нығайту, бәсекелестікке қатысты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Байқау үш кезең бойынша өткізілді, онда ұсынылған тақырыптар («Современный научно-технический прогресс», «Великие люди казахской степи», «Многоязычие – востребованность времени», «Рухани жаңғыру» и «Переход на латиницу») бойынша эссе жазу және мәтінді синхронды аудару орындалды. Бірінші кезеңде тапсырмалар қазақ тілінде, екінші кезеңде – ағылшын, үшінші кезеңде – орыс тілдерінде орындалды. Келесі кезеңге алдыңғы кезеңнен өткен қатысушылар ғана қатысты. Бұл байқаудың міндетті шарты.
Байқау қортындысы бойынша бірінші орынды Асемай Пушанова (ҚМИУ М-16қ тобы), екінші орынды – Нурасыл Тарасов (ҚМИУ, ТМЖ-17қ тобы) және Касымхан Ережеп (ҚМИУ, ЕТжБҚ-17қ тобы), үшінші орынды – – Умид Ирискулов (ҚМИУ, ЕТжБҚ-1қ тобы) және «Мирас» колледжінің студенті Умида Тастурсинова жеңіп алды.
Байқаудың барлық жеңілпаздарына сыйлықтар және сертификаттар тапсырылды. Асемай Пушанова Теміртау қаласының атынан облыстық «Тілдарын»байқауына қатысады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
18 сәуір күні ҚМИУ жоғары білімнің оқу жетістіктерін сырттай үлгілік бағалау базалық және бейінді циклдердің төрт міндетті пәні бойынша студенттерді кешенді тестілеу түрінде өткізілді.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, барлық тест тапсырмаларын орындау үшін жалпы 3 сағат берілді.
ОЖСБ күндізгі оқу бөлімінің үшінші курсының 366 студенті, оның ішінде 248 адам қазақ тілінде, 118 адам орыс тілінде оқу нысаны бойынша қатысты.
ОЖСБ міндеті:
– студенттердің оқу жетістіктеріне арналған мониторингті жүргізу;
– оқу процесін тиімді ұйымдастыруды анықтау;
– білім ұйымы ұсынатын білімдік қызмет сапасын салыстырмалы сараптау.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Варшава қаласында қазақстандық университеттердің ректорларының поляк әріптестерімен кездесулері өтуде.
Қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары бірінші күні Perspektywy-2018 инженерлік білім саласындағы көшбасшыларының Халықаралық форумына қатысты. Кейін келіссөздер Ғылым және жоғарғы білім министрлігінде өтеді, мұнда әрі қарай ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталады. Бірқатар жоғары оқу орындары арасындағы келісім шарттар және стратегиялық ынтымақтастық келісімдері бекітіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанның 783 студенті Польшада білім алып жатыр. Көптеген Польшаның университеттері және Қазақстандық университеттерімен екіжақты ынтымақтастық келісім шарттарын жасаған, осы келісім шарттары кеңауқымда жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының ректорларының делегациясының бұл сапары жақында Астана қаласына жұмыс сапармен келіп кеткен Варшава технологиялық университетінің ректоры Я.Шмидта, Технологиялық университетінің ректорының Ополе М. Тукиендорфа және «Perspektywy» Білім қорының президенті В. Сивинскидің жұмыс сапарларының нәтижесі.
ҚМИУ баспасөз қызметі
2018 жылдың 12-13 сәуір күндері Қарағанды индустриялық университеті және Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетімен (Украина) бірге «Жастардың Төртінші өнеркәсіптік революция әлемдегі ғылыми шығармашылығы» атты XLVIII республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференция жұмысына Қазақстанның жоғары оқу орындарының профессорлы-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және шетелдік әріптестер, кәсіпорындар өкілдері және білім мекемелерінің докторлары, магистранттары және студенттері қатысты. Конференц-байланыс бойынша ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетінің Электрмеханика, электрүнемдеу және басқару институтының директоры профессор А. П. Черный қатысушыларды конференцияның ашылу салтанатымен құттықтады.
Пленарлық отырыста ҚМИУ ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры А. А. Айкеева сөз алды. Ол өзінің сөзінде Басшысының алға қойған мақсаттарына, оның ішінде әлемдік озық елдер қатарына ену үшін қазақстандық білімді жаңа деңгейге көтеру мәселелері туралы айтты. Басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында ғылыми әрекеттің және білімдік үрдістің интеграциялануының маңыздылығы атап өтілген. Н.Ә.Назарбаев жаңа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» Жолдауында жаңа міндеттер айқындалды, осы міндеттерді жүзеге асыру барысында еліміз жылдам өзгеретін жаңа әлемге жағдайына табысты икемделеді. Алтын Аманжолқызы ҚМИУ ғылыми-инновациялық және халықаралық қызметі, жақын жылдардағы университет жоспары туралы айтты және конференция қатысушыларына табысты жұмыс атқаруды тіледі.
«Cisco» желісті академияда оқыту және оның әрі қарай табысты жұмыс жасауы жайлы пленарлық отырыста ҚМИУ жас маманы Д. Токсеит хабарлама жасады. «Топырақтарды зертханалық сынау» атты баяндаманы Қ-16ғм тобының магистранты А. Касенова тыңдаушылар назарына ұсынды. Компанияны тиімді басқару инструменттері жайлы Э-15 тобының студенті Т.Силаева ойын ортаға салды. Осыдан кейін бас және жаңа коропус дәрісханаларында әртүрлі бағыттар бойынша тоғыз секция өз жұмысын жалғастырды. Өздерінің баяндамаларын С.Тойайғыров атындағы Павлодар университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ студенттері, магистранттары, колледж және жалпыбілімдік мектептердің оқушылары көпшілік назарына ұсынды.
Конференцияда барлығы 360 баяндама, оның көпшілігі «Технология және машинажасау саласының өзекті мәселелері», «Металлургия және металтану саласын дамыту және инновациялар», «Архитектура және құрылыс», «Әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстандағы бизнесті дамыту» секциялары бойынша ұсынылды. Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жасалды.
ҚМИУ студенттері И. Стамкулова (МжЖМТ-14 тобы, «Металлургия және металтану саласын дамыту және инновациялар» секциясы), Ю. Франц (МҚӨТ-15с тобы, «Технология және машинажасау саласының өзекті мәселелері» секциясы), А. Мусин (ОЗХТ-14 тобы, «Химия, химиялық технологиялар және экология» секциясы), А. Смайл және А. Батырбек ( ЭЭ-15қ тобы, “Жылуэнергетика, электрэнергетика және өндірісті автоматтандыру» секциясы), Д. Прохорович (ЕТжБҚ-15 тобы, секция «Заманауи физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар» секциясы), А. Сапар (Қ-15қ-2 «Архитектура және құрылыс» секциясы), Д. Сейдуллаев және А. Турсунов (Э-17 тобы, «Әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстандағы бизнесті дамыту» секциясы), С. Қуанышқызы (МҚӨТ-17қ-3 тобы, «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер рөлі» секциясы), С. Елефтериади (МҚӨТ-17тобы, секция «Филологиялық ғылымдар» секциясы) үздік нәтижелер көрсетті.
Табысты және қызықты жұмыс күнінің соңында комиссия жұмыс қорытындысын шығарды. Конференцияның салтанатты жабылу шарасында үш бірінші орын жеңілпаздарына грамоталар және сыйлықтар, жеңілпаздарды осы конференцияға дайындаған оқу орындарының жетекшілері және педагогтарына Алғыс хаттар тапсырылды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
|