“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Гази университетінің (Түркия) профессоры Айдын Четин ҚарИУ жас ғалымдарына, магистранттары мен докторанттарына арналған оқыту семинарларын өткізді

2022 жылдың 5 қазанынан 3 қарашасына дейін болған ҚарИУ-ға сапары барысында Гази университетінің профессоры (Анкара, Түркия) Айдын Четин университет қызметкерлері мен білім алушылары үшін бірқатар оқыту семинарларын өткізді. Семинарға Қарағанды индустриалық университетінің жас ғалымдары, оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.

Ғылыми семинарлар барысында спикер IT-жобаларды дайындау, Scopus және Web of Science базаларына кіретін шетелдік журналдарда жариялау үшін ғылыми мақалалар дайындау, жасанды интеллектті, атап айтқанда, инжинирингтің әртүрлі салаларында терең оқыту әдістерін қолдану, Еуроодақ елдеріндегі ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары және т. б. тақырыптарды қозғады.

Профессор Айдын Четин Қазақстанға сапары барысында “Автоматтандыру және басқару” білім беру бағдарламасы бойынша оқитын “Жасанды интеллект технологиясы” кафедрасының магистранттары: Ізбасар Орынбасар және Байдуллаев Серғазы үшін диссертациялық жұмыстар тақырыптары бойынша ғылыми кеңестер берді.

Профессор Айдын Четиннің жас ғалымдармен, магистранттармен және докторанттармен халықаралық ғылыми зерттеулер жүргізу және бірлескен ғылыми еңбектерді дайындау жөніндегі бірлескен жұмысы Түркияға оралғаннан кейін де қашықтық форматта да жалғастырады.

 

03.11.2022, 11:27:35, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қараша айының 07-11 жұлдызы аралығында…

Қараша айының 07-11 жұлдызы аралығында “Экономика және құрылыс” факультетінде профессорлық-оқытушылық құрамының әдістемелік даярлық пен педагогикалық шеберлікті жетілдіру мақсатында әдістемелік апта өткізіледі. Іс-шаралар кестесімен сілтеме бойынша танысуға болады https://old.tttu.edu.kz/education/edmework/

Апта аясында семинарлар, дөңгелек үстелдер, мастер-класстар, шағын-конференциялар, іскерлік / бизнес ойындар, тәлімгерлік және ашық сағаттар өткізу жоспарланған.

Барлық ниет білдірушілерді біздің оқытушылардың ашық іс-шараларына қатысуға шақырамыз!

03.11.2022, 11:04:39, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«СІБІР» ЛИГАСЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ «НЕСТАНДАРТНАЯ» КОМАНДАСЫ З ОРЫН АЛДЫ!

/

24 қыркүйекте Горький мәдениет үйінде «Сібір» ресми лигасының бірінші жартылай финалы өтті.

Ойын барсында визит карточкасы, биатлон, импровизация және үй тапсырмасы бойынша тапсырмалар берілді. Әр конкурстан кейін командалардың дайындық жағдайы өзгеріп, соңғы сәтке дейін айқын көшбасшы болмады.

Біздің жерлес команданы зал өте жылы қарсы алды. «Нестандартная» командасы өзінің мықты екенін көрсетіп, көрермен көзайымына айналды.

Ойын қорытындысы бойынша «Нестандартная» командасы 3 орын иеленді. Меней Ерқанат «Үздік ойыншы» номинациясының жеңімпазы атанса, ал Тілеубек Арайлым «Милашка» арнайы номинациясының иегері атанды. Сондай-ақ, балалар «Үздік әзіл» және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинацияларында жеңіске жетті.

Финалға 1 және 2 орын алған командалар өтті. Алайда, біздікі әлі де финалға жолдама алуға мүмкіндігі бар. Біз «Сібір» лигасының екінші жартылай финалынан «Нестандартная» командасы жақсы жаңалықтарды күтеміз. Баршаңызды жеңісіңізбен құттықтаймыз!

28.10.2022, 16:21:10, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«ҚАЗАҚТАНУ» МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІ АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ МҰРАЖАЙЫНА БАРДЫ!

5 қазан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында Қарағанды индустриялық университетінің 1 курс студенттері Астана қаласындағы Тұңғыш Президент мұражайына барып қайтты.

Шара барысында Астана қаласының тарих мұражайының құрылуы мен даму тарихын, оның ғылыми-танымдық, мәдени-ағарту, оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізуде атқаратын қызметін терең де жан-жақты зерттеу, республиканың мәдени өміріндегі алатын орны мен атқаратын рөлін ашып көрсету.

Мұражай – табиғат пен адамзат қоғамының дамуы туралы білімнің алғашқы деректемесі, материалдық және рухани мәдениет, табиғат коллекциялары мен тарихи мұраларды жинақтау, сақтау, олардың экспонаттарын халыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекеме, яғни өткен тарихты көзбен көріп, қолмен ұстап саралайтын бірден бір орын болып табылады.

Мұражайға саяхат жасауда студенттер ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Осы мұражай бөлмелерін аралау барысында студенттер көптеген қазақтың ұлы тұлғаларының аспаптары мен олар туралы тың мәліметтермен танысты.

Танысу барысында мұражай қызметкері қызықты мәліметтер туралы сыр шертіп, студенттерге әр түрлі музыкалық үндендердің байланысуынан шыққан әуендерді тыңдатты.

Келесі аралау бөлімінде мультимедиялық үлкен залға кіріп, музыка, өнер құдіреті жайлы деректі фильмдер көрсетті. Студенттер мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Студенттер үшін, қоғам үшін  осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!  

Ендеше, оның кімді болса да терең білімге, мәдениеттілікке, болашаққа сеніммен қарауға жетелейтіні айқын.

28.10.2022, 14:09:22, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

26-27 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАСАМПАЗ ЕЛ МҰРАТЫ» ЗУМ ПЛАТФОРМАСЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

26-27 қазан аралығында Елбасы кітапханасы ұйымдастыруымен  «Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты» атты  семинар-тренингін жүргізді.

Семинар-тренингінің мақсаты:  ел мемлекеттілігінің тарихын кеңінен насихаттауды, жастарды патриоттық және азаматтық санаға ұйытуды, олардың шығармашылық әлеуетін нығайтуды көздейді.

Қатысушылар «Мемлекеттік тәуелсіздік – Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы», «Экономиканы жаңғырту және өмірдің жаңа сапасы», «Әлем тарихтағы Қазақстан», «Жасампаздық – ұлттың бәсекеге қабілеттілігініңкепілі» дәрістерін тыңдады.

Сондай-ақ материалды бекіту, байланыс орнату дағдыларын дамыту мақсатында тренингтер ұйымдастырылды.

Бұл семинарға Қарағанды индустриялық университетіне 28 студент белсенді түрде қатысыты. Вебинарда «Жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?», «Ол үшін жастар қандай болуы керек?» -, деген сұрақтарға жауап алдық.

Барлық тыңдаушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

 

26.10.2022, 22:15:20, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар