“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Қарағанды индустриялық университетінде туған жер туралы “Қуатты Қазақстан” жаңа ән туды.

Қарағанды индустриялық университетінде туған жер туралы “Қуатты Қазақстан” жаңа ән туды.

Жаңа әннің авторлары ректор Болатбек Абдрасилов және “Энергетика, көлік және басқару жүйелері” факультетінің деканы Болат Махмудов болды.
Авторлардың айтуынша, поэтикалық шығарманың тууына туған елге деген үлкен сүйіспеншілік негіз болды.
«Казіргі қоғамда болып жатқан үдерістерге байланысты біз әріптесім Болатпен бірге ол туындыны қайта қарап, еліміздегі жаңа болғалы жатқан оң өзгерістерден шабыт пен қуат алып, жүректен шыққан ойлар мен сезімдеріміз жаңа өлеңнің тууына арқау болды»,- дейді Болатбек Серикбаевич.
Өлеңді оқып, жылы қабылдаған біздің жастарымыз өлеңге жақсы ән жазу керектігі жөнінде өз ұсыныстарын берді. Өлеңге ән жазу үшін, бірнеше варианттар қарастырылды, олар көңілден шықпады.
Арада аз уақыт өтпей ақ, Сыр елінің тумасы, әндері халқымыздың көңілінен шыққан, жоғары баға алған «Анашым», «Ұлы қазағым», «Жайна Қазақстан» және т.б. әндердің авторы Талғат Нағашыбаев хабарласты. Ол осы жазылған өлең сөздеріне жоғары баға беріп, әнге сұранып тұрғанын айта келіп, мен өленге ән жазсам қалай қарайсыз? -деп ниетін білдірді. Ол кісі әннің бірнеше нұсқаларын ұсынып, біз өз көңілімізден шыққан нұсқаны таңдап алынды. Бұл нұсқа біздің оқу орнының жастарына да қатты ұнап, жас әнші Ершат Қонақбаевтің орындауында өз идеяларымен флеш-моб биін ұйымдастырып видеоклип дайындады. Жаңа ән орындаушылық динамизмімен ерекшеленеді, жастардың көңіл-күйі мен рухын көтереді. Біз оның барлығына ұнайтынына және Қазақстан жастарының әнұранына айналатынына сенімдіміз!
Осы біздер жазған «Қуатты Қазақстаным» атты әнге дайындалған студенттеріміздің видеоклипін ұсынып отырмыз!
Қабыл алыңыздар!

15.11.2022, 12:15:03, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

On the 11th of November , 2022, the event «RETRO KARAOKE»…

2022 жылдың 11 қарашасында Қарағанды индустриалды университетінде «қазақ, орыс және шет тілдері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен Экономика және құрылыс факультетінің әдістемелік апталығы аясында “РЕТРО-КАРАОКЕ” іс-шарасы өтті. Байқауға 1 және 2 курс студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты студенттер арасында талантты ретро ән орындаушыларды анықтау және қолдау . Конкурсқа қатысуға 17 студент өтінім берді. Музыкалық байқау барысында ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәтінмен бейне-сүйемелдеу бойынша әндер айтылды. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды:

орын

аты-жөні

Тобы

I

Хыдырбаева Әсел,Жүнісбек Айару

Түймехан Аяжан

ТФП-22к-1

II

Мерцалова Екатерина

ПГС-22

II

Махамбет Жанна, Елубаев Арсен,

Серік Айкен

ТФП-22к-1

III

Оңалбек Тоғжан

ТФП-22к-6

III

Нуржанов Данияр

ПИ-22

III

Калмыков Сергей

ПИ-22

бірінші орынға -Bluetooth құлаққаптары;

екінші орынға -планшет пен смартфонға арналған штативтер;

үшінші орынғаблокноттар.

Жүлделі орын алмаған конкурстың әрбір қатысушысы қатысушы сертификатын және «Қазақстан» шоколадын алды. Іс – шараға белсене қатысқан студенттер тәтті сыйлықтар-шоколад берілді. Өткізілген іс-шараның нәтижелері бойынша студенттерді тек заманауи музыка ғана емес, сонымен қатар ретро стиліндегі музыка да қызықтыратыны анықталды, бұл олардың қызығушылығы мен белсенді қатысуынан байқалды.

11.11.2022, 19:42:03, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Қарағанды индустриялық университеті» КеАҚ Республикалық «ЖОО Үздік оқытушысы-2022» конкурсының жоғары оқу орындағы кезеңі аяқталды

Республикалық «ЖОО Үздік оқытушысы-2022» конкурсының  жоғары оқу орындағы кезеңі аяқталды. «ЖОО Үздік оқытушысы-2022» конкурсының  І кезеңіне 8 оқытушы қатысты.

  • ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан артық:

– «Жасанды интелелкт технологиясы» кафедрасының профессоры, т.ғ.д.  Умирбек Умбетович Умбетов;

– «Энергетика» кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Гульнара Газизовна Жабалова;

– «Құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., Асель Ныгметоллаевна Конакбаева;

– «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының аға оқытушысы, PhD, Сауле Серикбаевна Айнабекова;

– Жасанды интелелкт технологиясы» кафедрасының оқытушысы Жадыра Советхановна Авкурова;

  • ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан артық емес:

– «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының меңгерушісі, PhD Гульжайнат Есенжоловна Ахметова;

– «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы, PhD Талгат Токашевич Жүнісқалиев;

– «Металлургия және материалтану» кафедрасының оқытушысы Ербол Қуатбайұлы Қуатбай.

Республикалық «ЖОО Үздік оқытушысы-2022» конкурсының ІІ кезеңіне ең жоғары ұпай жинаған үміткерлер қатысады:

Умирбек Умбетович Умбетов – 52 ұпай, ғылыми-педагогикалық өтілі  15 жылдан артық.

Талгат Токашевич Жүнісқалиев – 76 ұпай, ғылыми-педагогикалық өтілі  15 жылдан артық емес.

Хаттама

11.11.2022, 17:45:15, Ольга Пак, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

09 қараша 2022 жылы әдістемелік апта аясында «Құрылыс» кафедрасының оқытушысы Касенова…

09 қараша 2022 жылы әдістемелік апта аясында «Құрылыс» кафедрасының оқытушысы Касенова А.Н. «Азаматтық ғимараттардың сәулеті» пәнінен ДПГС-21к тобының қатысуымен «Жаңа құрылымдарды құрылыста қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың мақсаты студенттерді сәулет-құрылыс объектілерін жобалау және салу үшін қажетті энергия үнемдеу және энергия тиімді құрылыс ұғымдарымен таныстыру болды.

Энергия үнемдейтін құрылыс саласында стратегиялық ойлауды қалыптастыру мақсатында студенттерге тәжірибелік сабаққа презентация түрінде алдын ала тапсырмаларды орындау ұсынылды. Тәжірибелік жұмыс тақырыптары құрылыстағы энергияны үнемдейтін материалдарға (Ақылды шыны, энергияны үнемдейтін үйлер), бірегей ғимараттар мен құрылыстарға, ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған жаңа материалдар мен технологияларға (модульдік ғимараттар, 3D қабырғалар) қатысты болды. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау студенттерге саналылық пен кәсіби іс-әрекетінде туындайтын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Мысалы, практикалық жұмысты орындауда студент Балағазы Бүлдіршін толық ақпарат алу үшін Smart Glass ұйымына хабарласса, ал студент Төребай Динара модульдік ғимараттарға салыстырмалы талдау жасады. Студент Қалмырза Нұрсұлтан құрылыста энергияны үнемдейтін материалдарды пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, «Энергия үнемдейтін үйлер – біздің болашағымыз» екеніне тоқталды. Студент Акишева Ақмарал бірегей ғимараттар санатына жататын нысандарға тоқталса, студент Умаров Дамир сыртқы және ішкі 3D қабырға панельдерін атап өтті.

Студенттер белсенді жұмыс жасап, сұрақтарға жауап берді, барлық жұмыстар презентациялармен сүйемелденіп, ашық сабақта тыңдалды.

10.11.2022, 14:58:09, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қараша айының 14-17 жұлдызы аралығында “Энергетика, көлік және…

Қараша айының 14-17 жұлдызы аралығында “Энергетика, көлік және басқару жүйелері” факультетінде профессорлық-оқытушылық құрамының әдістемелік даярлық пен педагогикалық шеберлікті жетілдіру мақсатында әдістемелік апта өткізіледі. Іс-шаралар кестесімен сілтеме бойынша танысуға болады https://old.tttu.edu.kz/education/edmework/

Апта аясында семинарлар, дөңгелек үстелдер, мастер-класстар, шағын-конференциялар, іскерлік / бизнес ойындар, тәлімгерлік және ашық сағаттар өткізу жоспарланған.

Барлық ниет білдірушілерді біздің оқытушылардың ашық іс-шараларына қатысуға шақырамыз!

09.11.2022, 19:15:37, Sergey Plotnikov, көшу → Тараулар: Жаңалықтар