«Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының аға оқытушысы Сәуле Серікбайқызы Айнабекованы 6D071200 «Машинажасау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесімен құттықтаймыз.
Сәуле Серікбайқызы 2001 жылы Қарағанды металлургиялық институтының (казіргі Қарағанды индустриялық университеті) «Металдарды қысыммен өңдеу машиналары мен технологиялары» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
2002 жылы «Металдарды қысыммен өңдеу машиналары мен технологиялары» мамандығы бойынша магистрлік диссертациясын қорғады.
2004 жылы Сәуле Серікбайқызы «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандығы бойынша аспирантураны бітіріп, 2017 жылы «Машинажасау» мамандығы бойынша оқуын жалғастырды.
Оның ғылыми зерттеулер және ізденістерінің аумағы: «Ұсталы-штамптау цехтарын жобалау», «Ыстықтай және салқындай штамптау технологиялары», «Соғу технологиясы», «Престеу технологиясы», «Ыстықтай штамптау жабдықтары және технологиялары», «Штамптар және құрылғыларды жобалау» және «Сапаны басқарудың статистикалық әдістері».
Сәуле Серікбайқызына шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістер мен жаңалықтар тілейміз!
ҚарИУ баспасөз қызметі
Қарағанды индустриялық университетінің «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының компьютерлік сыныбында 12 жаңа «IT-Alem» жұмыс үстелінің желілік тренажерлері орнатылды. Тренажерлар «Бағдарламалық жасақтама», «Жасанды интеллект технологиялары» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған «Желілік технологиялар негіздері», «Желілік әкімшілендіру», «Киберқауіпсіздік негіздері», «Желілік қауіпсіздік» пәндері бойынша зертханалық және практикалық жаттығулар үшін қолданылады.
«IT-Alem» кестелік желілік тренажерлар инфокоммуникациялық ортада практикалық дағдыларды игеру үшін және желілік технологиялар бойынша әртүрлі деңгейдегі құзыреттіліктер алу үшін қолданылады. Тренажер – бұл студенттің жұмыс орнына орналастырылатын жеке портативті зертханалық қондырғы. Оған бағдарламалық жасақтама бар тұтынушыдан және серверлік бөліктерден, сондай-ақ пакеттік коммутация технологиясының көмегімен бір-бірімен өзара әрекеттесетін маршрутизатордан тұратын компьютерлік желінің моделі кіреді.
«IT-Alem» тренажерларына орнатылған бағдарламалық жасақтама бірқатар зертханалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді, соның ішінде «IP желісінде берілген ақпаратты зерттеу», «OSI деңгейлерін оқып-үйрену», «Желіге қолмен компьютерді қосу және статикалық адрестеу» «Желіге компьютерді автоматты түрде қосу және және т.б.».
Оқу үдерісінде осы тренажерларды қолданудың өзектілігі мен қажеттілігі кеңейтілген цифрландыру жағдайында сұранысқа ие желіде қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын дамыту қажеттілігімен расталады.
25 наурызда «Энергетика» кафедрасында «АСКУЭК энергетикалық ресурстарды басқару және есепке алу жүйесі» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарды техника ғылымдарының кандидаты, «Энергетика» кафедрасының профессоры Гульнара Газизовна Жабалова жүргізді. Семинарға кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты.
Бүгінгі күні бұл тақырып өте өзекті болып отыр, өйткені энергияны есептеудің автоматтандырылған жүйелері тұрғын үй, коммерциялық және өндірістік нысандарда электр және жылу энергиясын тұтынуды есепке алуға мүмкіндік береді. Жүйелер бір деңгейлі диспетчерлік және қаржы орталықтарымен үй, аудандар, қала, елді мекен деңгейінде энергия ресурстарының тұтынылуын ескере алады. Семинарда университет ғимараттарында автоматтандырылған жылу бекеттерін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Күні: 14 сәуір 2021 ж
Уақыты: 15.00 – 16.30
Платформа: Google Meet
Сілтеме: https://sites.google.com/tttu.edu.kz/sciencetttuedu/international-science-conference-in-online-format-youth-science–technology?authuser=0