КарИУ «Sanaly Urpaq-2021» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебінің кезекті дәрістік сабақтарына белсенді қатысты
«Sanaly Urpaq» жобалық кеңесі «Adaldyq Alany» сыбайлас-жемқорлыққа қарсы Қызметінің жобалық кеңсесі өкілдерімен бірлесіп өткізген онлайн сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мектебінің бір апталық дәріс сабақтарына ҚарИУ студенттері қатысты.
«Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметі» тақырыбында өткізілген дәріс бойынша пікірсайыста көрсеткен азаматтық белсенділіктері үшін арнайы сертификаттарға ие болды.
Дәрістер мемлекеттік тілде жүргізілген бірінші дәрісті «Sanaly Urpaq» Республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекович «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күресу тәжірибесі» тақырыбында өткізді, ол жерде өз ойымызбен бөлісіп ашық сұхбат болды. Екінші дәрісті «Тұран» университеттің «Құқықтану және ХҚ» кафедрасының доценті Аралбаева Айгерим Адиловна « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық тәжірибе» тақырыбында болды. Дәрісте жемқорлық аз елдердің ұстанатын қағидаларымен бөлісті.
Үшінші дәріс Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Ізтұрғанова Гүлнар Қосшықызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы қолданбалы құралдар мен қадамдық ұсынымдар» оқыды.
Келесі дәрісті Қарағанды индустриялық университтетінің «Парасаттылық мектебінің» жетекшісі Капашева Жания Кудайбергеновна «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді ынтымақтасықтың нақты мысалдары» атты тақырыбында өткізіліп, тыңдаушылармен пікірталас алаңы ұйымдастырылды.
Бесінші дәрісті «Құқықтану және ХҚ» кафедрасының аға оқытушысы Бакиров Дархан Абдіманапұлы «Сыбайлас жемқорлықтан теріс салдарын еңсеру үшін қолданылатын стратегиялар» тақырыптары бойынша пікірталас алаңы түрінде парасатталық идеологиясын жүзеге асырудың тұжырымдамалары жан-жақты талқыланды. Дәрістер барысында пікір алаңында өзіндік көзқарасымызды дәлелдеуде университетіміздің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы меңгерушісінің м.а. Мағира Солтанның «Парасаттылық және құқық негіздері пәні бойынша берген теориялық білімі» көп септігін тигіздендігін айта кеткім келеді. Онлайн мектебінің тыңдаушысы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы неғұрлым кең, тың мәліметтерге ие болғандыммен құнды болды. Осындай шараны өткізген клуб ұйымдастырушыларына алғысым шексіз.
ҚарИУ
1 курс студенті
Тәсібек Меруерт