2017 жылы 17 және 18 тамыз аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті қазақтың ұлы билерінің бірі, қазақ елінің және мемлекетінің тарихында із қалдырған, Қаздауысты Қазбек би бабамыздың туғанына 350 жыл толған мерекелік іс-шараға қатысты.
Мерекелік іс-шаралар 18 тамыз күні Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында басталды. Мереке биіктігі 12 метрлік металды құрылысты-стелланың ашылуымен басталды. Бұл ескерткіш «Қазбек би. 350 жыл» деген жазу жазылған аспанға бағытталған масақтар түрінде жасалған.
Осы күні ауылда демеушілердің қаржысына салынған балалардың ойын алаңы ашылды, сонымен бірге Егіндібұлақ ауылының тумасы, белгілі суретші Кәріпбек Күйіков жергілікті мұражайға өзінің «Қаздауысты Қазыбек би» атты туындысын, өзінің туған ауылының кітапханасына қазақ әндері жазылған он екі диск жинағын және «Көшпенділер» кітапбының үш томын, ал ауыл әкімшілігіне Қазақстанның туын сыйға тартты.
Мерекелік іс-шараға облыс басшылары және қалалық басқармалар басшылары, орынбасарлары, жоғарғы оқу орындарының ректорлары және де басқада көптеген қонақтар қатысты. Жалпы 94 кигіз үй құрылды.
Біздің университетіміз құрған кигіз үйге құрметі қонақтар ретінде ақсақалдар, ҚР Бірінші Президентінің серіктестері Тоқтар Ыбырайұлы Ысқақов, Қуаныш Омашұлы Омашев және Теміртау қаласының әкімі Ғалым Абілханұлы Ашимов шақырылды.
Сонымен бірге «Қаздауысты Қазыбек би жолымен: «Бабаларға тағзым!» атты автокеруен жолға шықты, жеті автокөлікте 28 қатысушы Қарқаралы, Бұқар Жырау, Жаңаарқа, Ұлытау аудандары және Жезқазған, Қызылорда, Түрікстан, Ташкент, Новай, Шымкент, Тараз, Балқаш қалалары, Ақтоғай және Шет ауданы арқылы 30 тамыз күні Қарағанды қаласына қайтып оралады.
Мерекелік іс-шаралар шеңберінде аудан және қала өнерпаздары дайындаған театралдандырылған көріністер, концерттік бағдарламалар және ақындар айтысы спорт жарыстары өткізілді. Егіндібұлақ ауылында өткен мерекелік іс-шара әдемі от шашуымен аяқталды.
ҚМИУ Баспасөз қызметі