“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Шетелдік делегациямен – Ресей ғылым Академиясының академиктері мен корреспондент мүшелерімен кездесу өтті

16 тамыз күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ғылыми-зерттеу жұмысы барысында іскерлік халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында шетелдік делегациямен – Ресей ғылым Академиясының академиктері мен корреспондент мүшелерімен кездесу өтті.

1

 

 

2

 

Кездесуге Ресей және Қазақстан ғалымдары қатысты:

  • Малышев Юрий Николаевич – В. И. Вернадский РҒА атындағы Мемлекеттік геологиялық мұражайының президенті, Тау-кен ғылымдары Академиясының президенті, РҒА Академигі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, т. ғ. д., профессор;
  • Захаров Валерий Николаевич – Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесінің «РҒА Жер қойнауын кешенді игеру Институты» Директоры, РҒА корреспондент мүшесі, Н. В. Мельников атындағы сыйлықтың лауреаты, , т. ғ. д., профессор;
  • Зайденварг Валерий Евгеньевич – «РосУголь» компаниясының Вице-президенті, «Көмір нарығының конъюнктурасының институтының» директорлар Кеңесінің төрағасы, Тау-кен ғылымдары Академиясының Төралқасының мүшесі, ғылым мен техника саласындағы Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, т. ғ. д., профессор;
  • Алиев Самат Бикитаевич – Еуразиялық экономикалық комиссиясының Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті директорының орынбасары, ақпараттандырудың Халықаралық академиясының, тау-кен ғылымдары Академиясының, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, т. ғ. д., профессор;
  • Кенжин Болат Маулетович – «Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС Директоры, Ресей тау-кен Академиясының шетелдік мүшесі, ҚР көмір өнеркәсібінің Құрметті қызметкері, т. ғ. д., профессор;
  • Смирнов Юрий Михайлович – Ресей тау-кен ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі, Ресей Федерациясының КСРО ХШЖК мен КазКСР қатысушысы және лауреаты, ҚарМТУ физика кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. д., профессор.

Қонақтар ҚМИУ мұражайын тамашалады. Экскурсия барысында мұражай қызметкері ресейлік ғалымдарын университет тарихымен  таныстырды. ҚМИУ үшін бұл жыл елеулі болмақ: 1967 жылғы түлектерге 50-жыл – түлектердің бірі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Делегаиция аса қызығушылықпен Елбасының, сонымен қатар, басқа  да  танымал түлектердің: Назарбаева С.А., Сосковец О.Н., Сарекенов К.З., Сулейменов Т.С.,   биографиясы мен жетістіктерімен танысты.

3

4

 

 

 

 

5

Сонымен қатар, шетел қонақтарына университеттің материалды-техникалық базасымен танысу жұмыстары жүргізілді. Экскурсия барысында қонақтар      электроэнергетика және техникалық жүйелерді автоматтандыру лабораториясы, «Электрондық микроскопия және нанотехнология» инженерлік бейінді лабораториясы, тәжірбиелік-өндірістік аймақтар және т.б. көрсетілді.

6

7

 

 

 

 

 

Кездесу барысында ғылыми-зерттеу бағытындағы көптеген мәселелер талқыланып, соңында ҚМИУ-нің «Тау-кен ғылымдары Академиясы» ЖҚБ, «Академик Н.В. Мельников атындағы жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институты» РҒА, «РосУголь Компаниясы» ААҚ, «Көмір нарығының конъюнктурасының институты» ААҚ және «Қарағанды машина жасау консорциумы» ЖШС-мен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

8

Бұл іс-шара ғылыми зерттеу саласында ынтымақтастықты дамыту, бәсеге қабілетті мамандарды даярлау, сонымен қатар технологиялық мәселелерді бірлесу шешу мақсатында жүргізілді.

20.08.2017, 11:16:31, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Первыми в Карагандинском регионе, в год 50 – летнего юбилей выпуска 1967 года – выпуска Первого Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева

 

 

 

20.08.2017, 11:05:19, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Назар аударыңыз!

Назар аударыңыз!  ҚМИУ жанындағы Технико-экономикалық колледжі 9 және 11 сынып негізінде күндізгі оқу бөліміне құжаттарды 2017 жылдың 20- тамызына дейін, сырттай оқу бөліміне 20-қыркүйегіне дейін қабылдайды. Анықтама телефоны: 91-42-34

Назар аударыңыз! 28 тамыз 2017 ж. дейін ҚМИУ жоғарғы білім беру базасы негізінде құжаттар қабылдайды. Емтихан тестілеу түрінде өткізіледі. 

 Назар аударыңыз! 2017 жылдың 28 тамызына дейін ҚМИУ құжаттар қабылдау және барлық оқу бөлімдеріне қабылдауды жүргізіледі.

Анықтама телефоны: 8(7213)  91-42-34, 8 (747) 943 28 37, 8(700) 983 80 37

 


МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АЛҒЫСЫ

Қазақстан Президентінің атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, өкілді органдардың депутаттарынан, шетелдердің және Қазақстанның мемлекеттік, қоғамдық және іскерлік ұйымдары жетекшілерінен, зиялы қауым мен дін өкілдерінен, дипломатиялық миссия басшыларынан, сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардан кең ауқымды хаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының құттықтау жеделхаттарында Ел­басының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен қарқынды дамуындағы, елдің халық­аралық аренадағы беделін нығайтудағы рөлі мен жас елордамыз Астананың құрылысына қосқан үлесі айрықша аталған. Қазақстан Президентінің атына Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннен, АҚШ Президенті Д.Трамптан, Түркия Республикасының Президенті  Р.Ердоғаннан, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёевтен, Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаевтан, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмоннан, Түрікменстан Президенті Г.Бер­дымұхамедовтен, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенкодан, Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиевтен, Армения Республикасының Президенті С.Саргсяннан, Украина Президенті П.Порошенкодан, Сербия Республикасының Прези­денті А.Вучичтен, Хорватия Республикасының Президенті К.Грабар-Китаровичтен, Италия Республикасының Президенті С.Маттарелладан, Латвия Республикасының Президенті Р.Вейонистен, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведевтен және Венгрия Республикасының Премьер-министрі В.Орбаннан құттықтаулар келді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ, мемле­кетаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жолға қою үшін қолайлы ахуал жасау ісіне қосқан үлесіне халықаралық және шетелдік ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдерінің хаттары мен жеделхаттарында жоғары баға берілген. Олардың қатарында ҰҚШҰ бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы С.Лебедевтің, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисянның, Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің президенті В.Христенконың, ТМД экономикалық сотының төр­ағасы Л.Каменкованың, Қазақстан Республикасы Парламентінің ТМД Парламентаралық ассамб­леясындағы және ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясындағы өкілі Х.Бакеновтің, Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшісі, Астанадағы АСЕАН комитетінің төрағасы Р.Прамононың, Еуропалық парламенттің Орталық Азия елдерімен және Моңғолиямен байланыс жөніндегі делегациясының төрағасы И.Григуленің, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Д.Кролдың, Болгария индустриялық қауымдастығы төрағасының орынбасары әрі бас хатшысы М.Попованың, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т.Аноди­наның хаттары бар.

«Бүгінде, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі жұмыс істеп жатқан кезде Республиканың даму биігі бүкіл әлемге паш етілді, оны Қазақстанның жоғары рухани және бекзат ақыл қуатына ие кемеңгер ұлы, Украинада аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айқындап бергені даусыз», деп атап өтті өз құттықтау хатында Бүкілукраиналық «Украинские летописи» басылымының директоры, бас редакторы Н.Новицкий.

Елбасының өңірдегі ынтымақтастықты нығайтудағы және мемлекетаралық кооперацияны күшейтудегі айрықша еңбегі мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, сондай-ақ, Ресей Федерациясының азаматтары мен коммерциялық құрылымдарының өкілдерінен келіп түскен көптеген хаттар мен жеделхаттарда атап өтілген. Бір­қатар республикалардың басшы­лары, атап айтқанда, Татарстан Республикасынан Р.Минниханов, Башқұртстан Республикасынан Р.Хамитов, Дағыстан Республикасынан Р.Абдулатипов, Ингушетия Республикасынан Ю.Евкуров, сондай-ақ, Санкт-Петер­бург губернаторы Г.Полтавченко, Саратов облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы В.Радаев, Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Курск облысының губернаторы А.Михайлов, РЛДП-ның (ЛДПР) РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасындағы фракциясының жетекшісі В.Жириновский, РФ Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің мүшесі Н.Рыжков, РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттік дума­сының депутаты В.Ресин, Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы Кирилл, Ингушетияның бұрынғы президенті Р.Аушев, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар инсти­тутының ректоры А.Торкунов, Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков, «Урал» қайырымдылық қоры кеңесінің төрағасы М.Рахимов, Ресей ғылым академиясының мүшесі, Санкт-Петербургтің бас геронтологі В.Хавинсон, РФ еңбек сіңірген әртісі А.Цой, «Курчатовский институты» ғылыми-зерттеу орталығының құрметті президенті Е.Велихов, «Валерий Гергиев қоры» құрылтайшысы В.Гергиев, сонымен қатар, Мәскеу қаласынан Т.Мансұров, М.Вайншток, Камчатка өлкесі, Елизово селосынан Т.Дугина, Оңтүстік Сахалиннен М.Артюкевич жылы лебізді құттықтауларын жолдады.

Мемлекет басшысының халықаралық саясаттағы жоғары беделі мен жаһандық экономикалық үдерістердегі оның рөлін өздерінің құттықтау хаттарында «Еуразия даму банкі» басқарма төрағасы Д.Панкин, «Транснефть» ӨАҚ вице-президенті В.Рушайло, «ВТБ» банк президенті – басқарма төрағасы А.Костин, кәсіпкер А.Усманов, «Access Industries» ЖШҰ жетекшілері Л.Блаватник және С.Карпухович, «Роснано» ААҚ басқарма төрағасы А.Чубайс, «Газпром» БАҚ басқарма төрағасы А.Миллер, «Автоваз» БАҚ президенті Н.Мор, «Русснефть» ҰК» БАҚ директорлар кеңесінің төрағасы М.Гуцериев, «Сбербанк» БАҚ басқарма төрағасы Г.Греф, «Газпромнефть» БАҚ басқарма төрағасы А.Дюков, «РТЖ» ААҚ президенті О.Белозеров, «КАМАЗ» БАҚ бас директоры С.Когогин, «БПС-Сбербанк» басқарма төрағасы С.Инюшин, «Интер РАО ЕЭС» басқарма төрағасы Б.Ковальчук, «ИТАР-ТАСС» директоры С.Михайлов, «МИР» ХТРК төрағасы Р.Батыршин, «Благотворительный Фонд Помощи Преданным» ЖҚ президенті А.Краснянский, сондай-ақ, «ЭНИ» компаниясының бас атқарушы директоры К.Дескальци атап өтті.

 Қазақстанның жас тәуелсіз мемлекетті құру, этносаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өсімнің жоғары қарқынына қол жеткізу, тарихи қысқа мерзімде әлемнің ең серпінді дамушы мемлекеттерінің қатарына кіру ісіндегі таңғажайып жетістіктерін еліміздің азаматтары өздерінің көптеген құттықтауларында атап өтеді. Халықтың барлық әлеуметтік топтарын құрайтын хат авторлары Қазақстан Президентінің жүзеге асырып жатқан экономикалық және саяси бастамаларына бірауыздан қолдау білдіреді және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің орасан зор табысын айрықша атап өтеді. Елбасына ізгі тілектерін білдірген Астанадан «Халық қаһарманы» М.Алтынбаев, Ж.Ерғалиев, А.Еленов, М.Өтеубаев, Г.Шишов, Т.Қайралапова, М.Сматова, Л.Цедилина, Ж.Әбуова, Л.Завгороднева, В.Яморжина, Е.Ахмеди, Г.Назарова, Н.Келісұлы, Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы Ю.Захаров, Алматыдан «Қазақстанның Еңбек Ері» А.Миразова, Қазақстанның халық әртістері Е.Хасанғалиев, М.Ахмадиев, Б.Аюханов, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткерлері С.Досанов, Б.Хасанғалиев, Ұлы Отан соғысының ардагері С.Жиенбаев, А.Ағыбаев, Е.Тегісбаев, С.Люлина, Т.Қонаева, Г.Жетаева, К.Дәркембаева, Г.Назарова, Колдеевтер отбасы, Ақмола облысынан Б.Ор­мантаев, Мирамқұлов және Сафоновтар отбасылары, Ақтөбе облысынан М.Маңғазиев, С.Лұқпанов, Ж.Омаров, Алматы облысынан М.Жақашева, Е.Жүнісбеков, Д.Шафхатов, Г.Тұқанова, А.Үсенов, В.Алексеева, К.Рысбаев, А.Сыздықов, А.Нұрқасымова, Л.Гаркуша және Буковтар отбасы, Атырау облысынан Б.Мұсағалиев, С.Нақбаев, Шығыс Қазақстан облысынан О.Қодашев, М.Жа­қашбаев, Ж.Масалимов, С.Ахметшәріпұлы, Ш.Кенжина, Е.Оразалин, Жамбыл облысынан Б.Апсаматов, А.Дүйсенбекова, Батыс Қазақстан облысынан Орал және Ақтөбе епархиясының архиепископы Антоний, Т.Құбашев, Б.Маниров, Қарағанды облысынан Р.Курепанова, Б.Серіков, Ж.Сәденов, Қостанай облысынан К.Жилин, М.Бертаев, Д.Махмудов, Қызылорда облысынан О.Бірімжанов, Б.Жұмағалиев, Маңғыстау облысынан Р.Переев, С.Әлиев, М.Күркібаев, Павлодар облысының Д.Ақатаев, С.Басқарин, Солтүстік Қазақстан облысынан С.Володин, У.Мұқатаева, Оңтүстік Қазақстан облысынан А.Асан, В.Андрюков, С.Абдуллаева, К.Юсупов, С.Тәшімбетов, Г.Тұрсынбаев, А.Шайманов, Жолдасовтар отбасылары және басқалар жеделхаттарын жолдады.

 «Бүгінде егемен Қазақстанды бейбітшіліксүйгіш және ырғақты дамушы мемлекет ретінде бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Сіз жүргізіп жатқан реформалар біздің еліміз бен біздің халқымызды өркендеуге сенімді бастап келеді. Бітімгершілік миссиялар, «Астана ЭКСПО-2017» жаһандық көрмесі, жаңа кәсіпорындардың үсті-үстіне іске қосылуы, елдегі келісім мен достық қуатты тұғырнама құрды және тәуелсіз Қазақстанның одан арғы дамуының кепіліне айналды» деп Астанадан жазған Рогалевтар отбасының құттықтауы көптеген хаттар мен жедел хаттардың мазмұнымен үндеседі.

Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақ­стан Митрополиті Александр өзінің Мемлекет басшысына құттықтау хатында «Елдің ең жаңа тарихы, егемендік алған сәттен бүгінгі күнге дейін оның Тұңғыш Президентінің есімімен тығыз байланысты. Қазақстанның халықаралық саяси аренада нығаюы, қоғам өмірінің демократиялық негіздерінің бекуі, заңнамалық базаның қалыптасуы мен жетілдірілуі, әлеуметтік-экономикалық және мәдени саланың дамуы – осының бәрі Республикамызда оның кемеңгер басшылығымен жүзеге асты және одан әрі жүзеге асады» деп атап өткен.

Мәдени, ғылыми, білім беру және басқа да мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары өздерінің жолдаған құттықтауларында Қазақстанның табыстары мен жарқын жетістіктерінің Нұрсұлтан Назарбаев есімімен және оның елдің әл-ауқаты мен өркендеуі жолындағы тынымсыз қызметімен тығыз байланысты екенін атап көрсетеді. Олардың қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қараған­ды мемлекеттік техникалық университетінің, Қарағанды мемлекеттік ин­дустриялық университетінің, Қазақ­стан-Америка еркін университетінің, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының, Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, «Алматы облысындағы жобалау, жобалау-іздестіру ұйымдарының ассоциациясы» ЗТҰ ұжымдары және басқалар бар.

«KEGOC» АҚ, «Kazzinc Holdings» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, «Рысбаева и Ко» ЖШС, «Altyn Tau Company» ЖШС-нің еңбек ұжымдары өздерінің құттықтау хаттарында Мемлекет басшысының елдің қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі еңбегін атап көрсетеді. Сол сияқты, министрліктер мен ведомстволар басшыларының, облыс әкімдерінің, депутаттық және дипломатиялық корпус өкілдерінің, ұлттық компаниялар мен өзге де еліміздегі мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерінің атынан да көптеген құттықтау хаттар келіп түсті.  Қазақстан Президенті өз атына келіп түскен хаттардың бәрімен мұқият танысып шықты және барлық авторларға құттықтаулары мен жылы тілектері үшін алғысын білдіреді.

 

 

21.07.2017, 12:44:36, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-МАҚСАТТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН КОНКУРСҚА ҚАТЫСТЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

Ғылым комитеті 2018-2020 жылдарға арналған грантты және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша ғылыми зерттеулерге конкурс жариялады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметінің ғылымды дамытуға арналған 7 жаңа басымдылықты бағыттары бойынша жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға келісу үшін ұсынылға, осы жоба қабылданғаннан кейін конкурс жарияланады.

Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар және бағдарламаларды грантты қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға арналған өтінімді дайындау 2 қосымшада келтірілген үлгі (01.08.2011ж. №891 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысына сәйкес) бойынша дайындау қажет.

Өтінімнің соңғы үлгісі ғылыми және (не) ғылыми-техникалық қызметті (25.05.2011ж. №575 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысына сәйкес) (әрі қарай – қаржыландыру Еережелері) базалық, грантты, бағдарлмалық-мақсатты қаржыландыруға арналған конкурстық құжат бойынша ұсынылады. Аталған басымдылықтар шеңберінде 7 жаңа басымдылықты бағыттары бекітілгеннен кейін қабылданады.

Сонымен қатар, грантты қаржыландыру бойынша барлық шығындар қаржыландыру Ережелерінің 25 бабы, бағдарламалық-мақсаты қаржыландыру Еежелерінің 53 бабына сәйкес рәсімделеді.

https://sc.edu.gov.kz/ru/announcements/financing/o-podgotovitelnoi-rabote-po-obyavleniu-konkursa-na-nauchnie-issledovaniya-po-grantovomu-i-programmno-tselevomu-finansirovaniu-na-2018-2020-godi_2017-07-17-11330

 

19.07.2017, 15:48:39, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар