ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаhандық тұжырымдамаларын, идеялары және бастамаларын зерделеуге арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» атты екі күндік трениг- семинар жұмысына Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Экономика және құрылыс» факультетінің деканының орынбасары Жания Кудайбергеновна Капашеваның жетекшілігімен Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 25 студенті қатысты.
11-12 қазан күндері ҚР Бірінші Президенті- Ұлт Көбасшысы атындағы кітапханада өткен трениг- семинар бағдарламасында оқу сабақтары және Астана қаласы бойынша саяхат жасау қарастырылған. Астана қаласына ҚМИУ үздік және белсенді студент жастары жіберілді. Бұл олар үшін оқудағы жетістіктері және қоғамдық жұмыстағы белсенділіктеріне арналған сыйлық болды. Сонымен бірге олармен бірге осы трениг-семинар жұмысына Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері де қатысты.
Дәрістік материал толығымен «Қазақстандық жол: Мәңгілік ел» тақырыбына арналған. Студенттер практикалық сабақтарда талқыланған барлық мәселелерге белсенді қатысты, өздерінің пікірлерін білдірді, олар бүгінгі күні және болашақта қалай өмір сүретіндіктерін қалай жоспарлайтындары туралы өз ойларын айтты. Трениг-семинар жұмысына қатысқан барлық қатысушылар, оларға ұсынылған ақпарттар түсінікті болғанын атап өтті. Осы екі күн жылдам өтті. Қатысушыларға дәрістерді Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акамдемиясының философия, тарих және экономикалық ғылымдарының докторлары, профессорлар оқыды.
Осы семинар жұмысына қатысқан студенттер Президенттің жаhандық тұжырымдамаларын, идеялары және бастамаларының негізгі тұжырымдамалары туралы игерген білімдерін өңірлік семинарларға қатысатын оқытушылар және студенттермен бөліседі.
ҚМИУ студенттері осы семинардан алған әсерлерімен бөлісті:
«Сергей Хегай, 2 курс студенті: — Мен бізге дәріс оқыған лекторлардың жоғары кәсіпті біліктіліктеріне риза болдым. Кейбір кезде оларға қошемет көрсетіп қол соққымыз келді. Мен үшін бұл сапар есте қалатын ерекше оқиға болды.
«Дарина Накупова, 2 курс студенті: — Практикалық сабақтарда біз Теміртау қаласынан келгенімізді, Теміртау – біздің Президентіміздің қаласы екендігін, университетіміз жайлы, металлургиялық комбинат жайлы мақтанышпен айттық. Мен әлі алған әсерімнен айыға алмай жүрмін.
Бос уақытта студенттер ҚР Ұлттық мұражайына, ҚР Бірінші Президентінің мұражайына эксурсияға барды.
Семинар –тренинг соңында қатысушыларға сетификат беру және естелікке суретке түсу ұйымдастырылды. Әрбір қатысушыға «Біздің Президент» атты кітап сыйға тартылды. Осы кітаптың бірінші бетінде ҚР Президентінің Канцелярия басшысы, ҚР Бірінші Президенті-Ұлт Көшбасысы атындағы кітапхананың меңгерушісінің міндетін атқарушы М. Касымбековтың қолымен әрбір қатысушыға жеке мынандай тілек жазылған. «Сапалы білім алып, жоғары білікті маман және еліңінің абырайлы азаматы бол! Үлкен табыс және жарқын болашақ тілеймін!»
ҚМИУ Баспасөз қызметі