“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

IMG_68102017 жылы 20 қазан күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің базасында Теміртау қ. әйелдерінің мүмкіндігі және құқықтарын кеңейту және гендерлік теңдік мәселелері бойынша және 2016 жылы Мемлекет Басшысы қол қойған гендерлік саясаттың жаңа Тұжырымдамасын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік қызметкерлерге және үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдеріне арналған оқу-әдістемелік курсы өткізілді. Курсқа 25 адам қатысты.

Қазақстан  Республикасының гендерлік саясатының жаңа Тұжырымдамасын түсіндіру іс-шараның негізгі міндеті.

IMG_6823Тренинг жаттықтырушылары ретінде «Озарение»ҚҚ президенті, психология және медиация бойынша жаттықтырушы Татьяна Савицкая және экономикалық ғылымдар докторы, экономика, маркенинг және менеджмент бойынша халықаралық жаттықтырушы Елена Петренко қатысты.

Қатысушылар отбасы институтын нығайту, отбасылық қарым-қатынастағы және отбасынан тыс салалардағы әйел және ер адамның атқаратын рөлі, шешімді қабылдау процесінде барлық азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығы, оның ішінде мемлекеттік қызмет рөлі жайлы мәселелер талқыланды. Жаттықтырушылар тұсаукесерлі материалдарды ұсынды, осы материалдарда нақты мәселелер, қайта құрусыз қабылданған жаңа бағыттар, уақыт талабына сәйкес бағдарламаны жүзеге асыру, әртүрлі шараларды жүзеге асыру жағдайлары қарастырылды.

IMG_6837Жаттықтырушылар уақыт талаптарына жауап беретін өздерінің кешенді бағдарламаларды және жобаларды әзірлеуге қатысты тәжірибелерімен бөлісті. «Рухани жанғыру» бағдарламасының негізгі міндеттері қарастырылды, осы бағдарлама мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жұмысты жүйелендіруге және азаматтардың өмір сүру дәрежесін жоғарлатуға бағытталған барлық бағдарламаларға қатысты кешенді тәсілдерді әзірлеуге көмектесетіндігі аталып өтілді. Қатысушыларға осы жобаны түсіндіруге және жүзеге асыруға қатысты көмек көрсету ұсынылды.

IMG_6846Семинар соңында қатысушылар Тұжырымдаманы және бағдарламаларды әзірлеуге қатысты түсіндіру жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны жайлы айтылды. Қазақстан Республикасының гендерлік саясаты бағдарламасында, діни және мәдениеттік ерекшеліктерге қатысты қажетті және жүйелі бағытта, барлық ұлттық және халықаралық деңгейде осы саладағы гендерлік теңдікті жүзеге асыру тәжірибелері ескерілген. Қазақстанда жүзеге асырылатын гендерлік саясат еліміздің ішкі құрамдас саясатының қағидаларына негізделген және ұлттық келісім және бірлікті нығайтуға бағытталған.

 

ҚМИУ Баспасөз қызметі

20.10.2017, 18:24:14, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНРВЕРСИТЕТІ ЖӘНЕ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА-АРНАЙЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕЛЕКӨПІР

IMG_6742ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде келісілген халықаралық ынтымақтастық келісім шарттарының нәтижесі ретінде 2017 жылы 19 қазан күні Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында РҒА В.И. Вернадский атындағы мемлекеттік геологиялық мұражай базасында Жоғары оқу орындарының академиялық навигация орталығының платформасында телекөпір ұйымдастырылды. Бұл телекөпір Ресей мемлекетінде аталып өтіп жатқан Экология жылына арналды. Телекөпір «тікелей қосылу» (online) тәртібінде біруақытта қазақстандық және ресейлік жоғары және орта-арнайы оқу орындарының студенттері қатысты.

Без имени-1Осы кездесу форматында: студенттер профессор Г.Б. Наумовтың «Біз өмір сүретін биосфера» атты дәрісін тыңдады. Телекөпір жұмысына Ася Владимировна Титова  – т.ғ.д., профессор РҒА МГМ даму жөніндегі директорының орынбасары; Юрий Николаевич Малышев – РҒА МГМ Президенті, РҒА академигі, Тау-кен ғылымдар Академиясының Президенті және Олег Николаевич Сосковец – РФ Қаржы-өндірістік топтар қауысдастығының Президенті, Ресейлік тауар өндірушілер Одағының Президенті, Тау-кен ғылымдар Академиясының Вице-президенті қатысты. Осы телекөпір барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және энергияны үнемдеу экономикасына көшу мәселеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Без имени-2Телекөпірге 18 жоғарғы оқу орындарының студенттері, оқытушылары қатысты, оның ішінде:  И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ; «МБжҚИ» ҒЗТУ; Белоруссия мемлекеттік технологиялық университеті; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті; Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті; Т.Ф. Горбачёв атындағы Кузбасс мемлекеттік техникалық университеті; Кемеров тау-кен техникалық техникум; М. В. Ломоносов атындағы Солтүстік (Арктикалық) федералды университеті; Алдан политехникалық техникумы; Тау-кен-геологиялық техникум, Бодайбин тау-кен техникумы; академик М.Д. Миллионщиков атындағы Грозненді мемлекеттік мұнай техникалық университеті; Нижегород мемлекеттік архитектуралық-құрылыс университеті; Альметьев мемлекеттік мұнай институты және Қазан федералды университеті.

Телекөпір жұмысын қортындылай отырып, қазақстандық және ресейлік қатысушылардың барлығы осындай кездесулер түрі өте пайдалы және бірлі ақпараттық кеңестікті кеңейтуге және нығайтуға ықпал етеді деп атап өтті.

ҚМИУ Баспасөз қызметі

20.10.2017, 18:20:38, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Өз университетіңе қолдау көрсет!

 

Өз университетіңе  қолдау көрсет!

Студенттер, түлектер, университет қызметкерлері, сонымен бірге барлық жанкүйерлер келесі әлеуметтік желістер аккуантында «Ең салауатты университет» жобасына қатысып, жазылып, дауыс беру арқылы ҚМИУ қолдау көрсетіңіздер.

https://vk.com/wall-152946030_45

https://www.instagram.com/zog_krg_gt/

https://www.facebook.com/zoggiotrade/

https://ok.ru/profile/589936401707

Біздің университетіміздің жеңісі сенің қолында!!!

АКЦИЯ

19.10.2017, 18:20:04, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ СТУДЕНТТЕРІ РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

IMG-20171018-WA0011 IMG-20171018-WA0009 IMG-20171018-WA0008 IMG-20171018-WA0015

18.10.2017 жылы Рухани келісім күні мерекесі қарсаңында Теміртау қаласының өлкетану мұражайында «Серпін -2050» бағдарламасы бойынша оқитын бірінші курс студенттеріне арналған  діни конфессия өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі тақырыбы: «Дінді жамылған терроризм». Бүгінгі күні осы тақырып өзекті, бұл жайлы көп жазылады және айтылады. Терроризм мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуына, мемлекеттік территорияның тұтастығының сақталуына, саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа, сонымен бірге халықаралық бейбітшілікке және қауіпсіздікке қауіп тудырады.

Кездесу жоғары деңгейде өткізілді, христиан шіркеуінің өкілі Николай әкей және имам Ы. Р. Абрахманов, сонымен бірге Теміртау қаласының Конфенсиялық қатынастарды зерттеу орталығының директоры  Д.Ш. Канаев қатысты. Олар студенттерге терроризм және оның көріністері туралы айтты. Негізгі мәселе діни экстремизм және онымен күресу жолдары, біріншіден, ислам дінін дұрыс түсіну мәселелері талқыланды. «Дінтау» пәні бойынша күрделі мәселелер, рухани-адамгершілік тәрибесіне қатысты мәселелер жайлы әртүрлі пікірлер тыңдалды және талқыланды.

Діни ағымдар өкілдерінің студенттерге түсіндірген негізгі идеялары, сен қандай ұлттың өкілісің және қандай діни сенімге сенетіндігің маңызды емес, барлығымыз Құдайдың алдында бірдейміз және барлығымызға бірдей қауіп төніп тұрғанын түсіну қажеттігін жеткізді. Іс-шара соңында терроризм – бейбітшілік және еліміздің тұрақтылығына қауіпті екендігін, бірақта оның алдын алу және күресу біздің қолымыздан келеді деген ортақ тұжырым жасалды.

IMG-20171017-WA0047 IMG-20171017-WA0044 IMG-20171017-WA0041 IMG-20171017-WA0046

ҚМИУ Баспасөз қызметі

 

 

18.10.2017, 18:11:59, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Назар аударыңыз!

 

 

ЖАС ДОС!

Құр жаттаудан жалықтың ба? Қазақша, орысша, ағылшынша Еркін сөйлеуге асығып, ынтықтың ба? Шешімі табылады! “Speaking club kz” клубы шақырады.

Ол үшін Н-408 кабинетіне жазылуға болады.1457584682_yazyk

 

16.10.2017, 15:55:23, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар