“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Железная» леди

[Раздел или его перевод находятся на стадии разработки. Попробуйте варианты на других языках: Русский, English]

14.11.2017, 11:22:31, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

X ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАР ЕСІМДЕРІ АТАЛДЫ

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 10 қараша күні мерейтойлық Президенттік олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өткізілді және жеңімпаздар есімдері аталды. Ең көп марапаттарды Алматы қаласы және үш облыс – Шығыс Қазақстан, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан спортшылары иеленді.

Екі күн ішінде Қазақстанның он төрт аймағынан және республикалық маңызы бар екі қаладан 163 мықты он бірінші сынып оқушылары төрт пәннен: математика, физика, химия және биологиядан күрделі тапсырмаларды шешті. Оқушылар теориялық және практикалық – екі кезеңге қатысты. Сонымен қатар, олимпиадаға қатысушылар үшін жоспарланған мәдени бағдарлама болған, оған ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, атақты Теміртау қысқы бағына, жас көрермендер театрына бару, сондай-ақ қала көшелерімен серуендеу.

Президенттік олимпиаданың жаратылыстану-математика пәндері бойынша бағыты жыл сайын көптеген оқушыларды тартуда. Тоғыз жыл ішінде оған 1410 адам қатысты, 285 жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, қазіргі таңда қазақстандық және шетелдік беделді жоо-да оқиды.

Олимпиаданы ұйымдастырушы – ҚР білім және ғылым Министрлігі “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тапсырмасы бойынша Олимпиада 2008 жылдан бері өткізілуде. Оның басты идеясы – дарынды балаларды анықтау және қолдау, патриоттық рухты, мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларын тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту.

Президенттік олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің құрамына ҚР білім және ғылым Министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының,ҚР жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің өкілдері кіреді. Қазылар алқасы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдарынан, халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздарынан тұрады.

Президенттік олимпиадаға қазақстандық мектептер түлектерінің қатысуы өздерінің қабілеттерін, білімдерін тереңдету, толық деңгейде жүзеге асыру, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру мүмкіндігін береді. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері республиканың жоғары оқу орындарына түскен кезде білім беру гранттарын алуға құқығы басым болады.

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен 6 қатысушы марапатталды. Ең көп балл жинағандар Федор Шелестов (№165 мамандандырылған лицейі, Алматы қ.), Олег Ли, (№90 мамандандырылған мектеп-лицейі, Алматы қ.) және Арина Костыря (№5 гимназия, Рудный қ., Қостанай обл.).

II дәрежелі дипломдармен және күміс медальмен 13 адам, III дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен – 21 қатысушы марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

IMG_8188IMG_8182IMG_8166

IMG_8178

IMG_8159IMG_8154IMG_8149IMG_8147IMG_8144IMG_8134IMG_8129

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.11.2017, 19:47:37, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Студенттерге арналған онлайн-лекция

IMG_8089Ағымдағы жылдың қараша айының 8-нде ҚМИУ-дың Қазақ, орыс және шетел тілдері кафедрасының бастамасымен Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің Стратегиялық даму және жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру ісі бойынша проректоры, филология ғылымының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы университіміздің оқытушылары мен студенттеріне онлайн дәрісбаян оқыды.

IMG_8082

 

Елімізде ғана емес, шетелде де алаштанушы ретінде белгілі  қоғам қайраткері   Д.Қамзабекұлының оқыған дәрісбаяны қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің тамырын дөп басып, оны Алаш Орда көсемдерінің шығармашылығы мен іс-әрекеттерінен нақты мысалдар келтіру арқылы талдап бергені тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

IMG_8070

 

 

Д. Қамзабекұлының дәрісібаянында Алаш қозғалысының 100 жылдығы қарсаңында еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар тың дәйектермен уәжделіп, терең ой айтылғандығымен маңызды болды. Сонымен қатар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты, дәлірек айтсақ, латын алфавитін қабылдау мәселесі, ұлттық құндылық – отбасылық құндылық  туралы қазіргі заманғы өзекті мәселелер де тақырыптан тыс қалған жоқ. Дәрісбаянның соңында Дихан Қамзабекұлы оқытушылар мен студенттердің қойған сұрағына жауап берді.

IMG_8080

 

Соңында ҚМИУ ректоратының атынан университетіміздің Оқу ісі жөніндегі проректор м.а. Сивякова Г.А. алтын уақытын бөліп, мазмұнды онлайын дәрісбаян оқып берген Д.Қамзабекұлына  алғыс сөз айтты.  Осындай іс-шараларды өткізіп тұруға және алдағы уақытта іскерлік қарым-қатынастарын одан әрі жалғастыруға екі университет те ниетті екендігін білдірді.

 

Қазақ, орыс және

шетел  тілдер кафедрасы

 

 

09.11.2017, 15:42:58, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ X Президенттік олимпиаданың қатысушыларын қабылдайды

IMG_8035X Президенттік олимпиаданың жаратылыстану-математика пәндері бойынша бағыттар бастауы 7 қараша күні кешке берілді. Еліміздің ең мықты 11-сынып оқушылары  қатысатын  зияткерлік шайқас Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күнін мерекелеу қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіледі.

 

Президенттік олимпиада жыл сайын көптеген оқушыларды тартуда. Тоғыз жыл ішінде оған 1410 адам қатысты, 285 жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, қазіргі таңда қазақстандық және шетелдік беделді жоо-да оқиды.

IMG_8025Биылғы мерейтойлық олимпиадаға Қазақстанның он төрт аймағынан және Алматы мен Астана –  республикалық маңызы бар екі қаладан 160-тан астам ең үздік түлектер қатысады. Әрбір 11-сынып оқушылары төрт пәннен күрделі тапсырмаларды шешеді.IMG_8029

– Теміртау – біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек және саяси қызметі басталған қала, ал ҚМИУ – онда мемлекет басшысы оқыған және жоғары білім алған жоғары оқу орны. Және мұны балалардың көргенін және білгенін қалаймыз, – дейді ҚР білім және ғылым Министрлігі “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық  орталығының директоры Шолпан Қирабаева. – Олимпиаданың әр қатысушысы өзінің аймағын – оның салт-дәстүрлерін және киелі орындарын ұсынады. Сонымен қатар, 11-сынып оқушылары ҚМИУ базасында өтіп жатқан теориялық және практикалық – екі кезеңге қатысып, олар ҚР Тұңғыш Президенті мұражайына, атақты теміртау қысқы бағына барады, сондай-ақ қала көшелерін жүріп өтеді.

IMG_8031Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының академиктері, доценттері, магистрлер мен докторанттарынан тұратын әділ қазылар алқасы 10 қараша күні  жүлдегерлер мен жеңімпаздарды, сондай-ақ ҚР БҒМ 1, 2 және 3 дәрежелі диплом иегерлерін анықтайды. Қазылар алқасын академик Мұхтарбай Өтелбаев басқарады.

Барлық жеңімпаздар, жүлдегерлер мен үш дәрежелі диплом иегерлері, республиканың жоғары оқу орындарына түскен кезде білім беру гранттарын алуға құқығы басым болады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

08.11.2017, 14:02:57, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ бірінші курс студенті – жастар мен студенттердің Бүкіләлемдік фестивалі туралы

 

 

 

 

 

 

IMG-20171023-WA0005Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің бірінші курс студенті Айгерим Чакенова Сочидегі Олимпиадалық саябақтың аумағында жақында өткен жастар мен студенттердің XIX Бүкіләлемдік фестивалінің қатысушысы болды.

 

Қара теңіз жағалауына 188  әлемнің шамамен отыз мың өкілдері әңгімелесу және олар үшін маңыздыны талқылау үшін жиналды. “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” тобының студенті  Айгерим Чакенова және тағы алты теміртаулық 245 адамнан тұратын қазақстандық делегацияның құрамына кірген. Фестивальдің ұйымдастырушысы бұқарашыл жастардың Дүниежүзілік федерациясы болды.IMG-20171018-WA0028

ҚМИУ студенті оқуға ғана емес, сондай-ақ волонтерлік қызметке және  Теміртау жастар клубымен бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысуға назар аударады.

– Университеттегі тәрбие жұмысының негізгі қалаушы факторы біздің студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту болып табылады, – дейді ҚМИУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Жаутиков Бахыт. – Бұл бағытта  жастар ісі жөніндегі комитет осы тақырыпқа арналған түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастыра үлкен жұмыс жүргізеді. Қазірдің өзінде үш жыл бойы ең белсенді студенттер республикалық мектептерде көшбасшылықпен айналысады және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған “Әлемді өзгертетін Идеялар” семинар-тренингке қатысады. Біз “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жастарда сана мен ойлаудың жаңа моделін қалыптастыруға арналған іс-шаралар жүргіземіз. Азаматтық жауапкершілікті, шығармашылық қабілетті, әлеуметтік бастамаларды дамытуға көп көңіл бөлінеді.

IMG-20171019-WA0049Сочидегі фестиваль бағдарламасы  өте мазмұнды және әр түрлі бағыттарды қамтыды. Күн сайын белгілі спортшылармен, саясаткерлермен және актерлермен кездесулер өткізілді. Айгерим көптеген алаңдарда болды, соның ішінде “Болашақ технологиялары”, “Экология және денсаулық”, “Жаһандық саясат және оның күн тәртібі: әлемді қалай қорғау”, “Жаңа медиа”, “Халықаралық мәдени кеңістік”.

Айгерімнің сөзі бойынша ең басты әсерді, ол әр түрлі ел өкілдерімен қарым-қатынасуда алған. Олар әлеуметтік желілердің бірінде топ құрған, онда әлі күнге дейін жазысып тұрады.IMG-20171022-WA0050

– Мен Индия, Мен   Үндістан, Ұлыбритания, Ирландия және Сербия балаларымен өзара достасып кеттім,олардың тарихы мен мәдениеті туралы білдім, – дейді қыз. – Көбісімен біз орыс тілінде араласамыз. Фестиваль кезінде біз өте топтастық. Менің фестивальге қатысуымның нәтижесі-жақын болашақта туған жерім Теміртауда жүзеге асыруды жоспарлаған бірнеше әлеуметтік жобалар болды.

IMG_20171016_135753_018(1)

P71013-225405

IMG-20171027-WA0094

 

 

 

 

 

 

 

07.11.2017, 16:34:58, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар