Жас та белсенді
15 қараша күні Қарағандыда, Достық Үйінің мәжіліс залында жастардың өзін-өзі басқару органдар көшбасшыларының бірінші аймақтық слеті өтті. Оның қатысушылары ішінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің он белсенділері болды.
Осы кездесудің атауы – “Жастардың өзін-өзі басқаруы мемлекетпен өзара іс-әрекетте қарым-қатынас құралы ретінде” – өзі жайлы айтады. Бұл күнгі әңгіме мемлекет пен жас белсенділердің қарым-қатынасын құру, сондай-ақ диалог алаңдарын құра жастардың өзін-өзі басқару органдарының жұмыс деңгейін арттыру туралы болды.
Слет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді. ҚМИУ студенттері “Қазіргі жастардың арасындағы өзекті мәселелер” атты пікірталасқа қатысты.
– Слет барысында “Латын графикасы негізінде қазақ тіліндегі жалпыұлттық диктант” акциясы аясында Жастар ресурстық орталық өкілдерінің қатысуымен жиналыс болды, ал ол аяқталғаннан кейін өзекті мәселелер бойынша пікірталас өткізілді, – деді ҚМИУ жастар істері жөніндегі Комитетінің төрағасы Карибжан Мадияр, МС-15-2к тобының студенті. – Біздің болашақ бизнес-жоспарларды және ғылыми жұмыстарды іске асыру кезінде біз ресурстық орталық қолдауға жүгіндік. ҚМИУ слетке қатысқан ЖІЖК белсенділері Мерей Толеген, Еркебулан Сайлаубеков, Айгерим Абилхасымова, Жадыра Кошербаева, Татьяна Силаева, Назерке Кожагельдинова, Бекболат Саттаров, Омирхан Тогызбаев және Ержан Байсал.
Студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту ҚМИУ тәрбие жұмысының негізгі факторы болып табылады. Жастар ісі жөніндегі комитет түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастыра отырып, осы бағыттағы үлкен жұмыстарды жүргізеді. Қазірдің өзінде үш жыл бойы ең белсенді студенттер республикалық мектептерде көшбасшылықпен айналысады және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған “Әлемді өзгертетін идеялар”семинар-тренингтерге қатысады. Жоғары оқу орнында “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жастарда сана мен ойлаудың жаңа моделін қалыптастыруға арналған іс-шаралар өткізіледі. Азаматтық жауапкершілігін, шығармашылық қабілетін, әлеуметтік бастамаларды дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Слет қатысушыларымен және ұйымдастырушыларымен ұжымдық қызметте әлеуметтік белсенді және жауапты тұлға ретінде қалыптастыратын – жастардың өзін-өзі басқаруы болып табылатыны атап өтілді. Өзін-өзі басқару органдары жастарды өзінде көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағыттайды, оларға болашақта жоғары лауазымды атқаруға көмектеседі. Жастардың белсенді азаматтық және әлеуметтік ұстанымдары, олардың
белсенділігін және дербестігін нығайту үшін мемлекет барлық жағдайлар жасауда.
Өзін-өзі басқару үрдісінің жастарға оң әсер етуі туралы Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов айтты. Сондай-ақ, ол Асхат Аймағамбетовтің жарқын үлгісі болып табылатынын, ол өзінің белсенді қызметін жоғары оқу орнының қабырғасында бастағанын, одан әрі ең жас мәслихат депутаты болып және қазір ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінде екенін атап өтті.
Пленарлық отырыстың соңында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен “Нұр Отан “партиясының облыстық филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Слет ары қарай пікірталастармен жалғасты.
ҚМИУ баспасөз қызметі