“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы–жаңа тұжырымдама және қазіргі заманғы шешімдер» атты ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталады

 

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 29-30 қараша 2017 ж. Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және 1967 жылғы – алтын түлектердің 50 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы–жаңа тұжырымдама және қазіргі заманғы шешімдер» атты ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің серіктестері, Қазақстан және шет елдердің жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік органдардың, оқу орындары мен кәсіпорындардың басшылары, депутаттар, қоғам қайраткерлері, студенттер мен магистранттар қатысады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өтеді «Инновациялық және ғылымды қажет ететін технологиялар – Қазақстанның үшінші жаңғыртуын жүзеге асыру құралы ретінде», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау арқылы адами капиталдың сапасын арттыру», «Жоғары оқу орны – «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының орталығы ретінде», «Туған жер» Президенттік бағдарлама аясында қоршаған ортаны қорғау және пайдалану мәселелері».

Конференция аясында ҚМИУ Қазақстан Халқы Ассамблеясының “Рухани жаңғыру” офисі, сондай-ақ Қарағанды өңірлік Cisco Желілік Академия орталығы ашық болады.

Конференция қатысушылары мен қонақтары үшін 30 қарашада ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығына және университет бойынша экскурсиялар жоспарланған.

ҚМИУ баспасөз-қызметі

 

КГИУ_главный корпус 024-111

 

28.11.2017, 17:48:29, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Әртүрлі елдер ғалымдарының ынтымақтастығы

 

международная конференция в Кременчуге15-17 қарашада Украинаның Кременчуг қаласында өткен «Заманауи электрлі және энергетикалық жүйелер» атты Халықаралық конференцияға Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры м.а. Галина Сивякова қатысты.

Конференция электроника және электроника инженерлері институтының (IEEE) ұйымдастыруымен өтті, бұл ұйым есептеуіш жүйелер мен желілерді аппараттық қамтамасыз ету және электротехника мен радиоэлектроника бойынша стандарттарды әзірлеу саласындағы халықаралық коммерциялық емес мамандар қауымдастығы болып табылады. Іс-шараның негізгі мақсаты Украина және басқа да елдердің өнеркәсіп өкілдері мен ғалымдар қарым-қатынастарын, сондай-ақ конференция тақырыптарына сәйкес жаңа заманауи техникалық өнертабыстарды талқылау.

Профессор Сивякова Г.А. және ҚМИУ ректоры, профессор Б. А. Жәутіковпен бірлесе әзірленген “Remote control of electromechanical systems based on computer simulators” (“Компьютерлік тренажерлар негізінде электромеханикалық жүйелерді қашықтықтан басқару”) атты баяндамасы ұсынылды.

– Бұл конференция халықаралық байланыстарды нығайтуға, әр түрлі елдердің ЖОО арасында жаңа шарттар бекітуге бағытталған, – дейді Галина Александровна. – Біз Украинаның, Польшаның, Словенияның және Египеттің жоғары оқу орындарымен одан әрі бірлескен жұмыс жасауға әзірміз. Біз әдістемелік құралдарды әзірлеуде және біздің өкілдеріміздің студенттік жұмыстар конкурсында қатысуына қатысты ынтымақтастық жоспарын жасадық.

Атап өту қажет, IEEE әлемнің 170 елінен 400-ден астам жеке мүшелерін (100 мыңнан астам студентті қоса) біріктіреді, радиоэлектрониканы, компьютерлерді, басқару жүйелерін, электротехниканы пайдалануға қатысты соның ішінде 122 ғылыми журналдар мен мамандарға арналған 36 салалық журналдарды, әлемдік техникалық әдебиеттің үшінші бөлігін жариялайды, жылына 300-ден астам ірі конференциялар өткізеді. Қауымдастық 900-ге жуық ағымдағы стандарттарды әзірлеуге қатысты.

Электротехника және электроника инженерлері институты жыл сайын электротехника, информатика және ілеспелі салалардағы шоғырландырылған басылымдардың ең маңызды жинағы ретінде бүкіл әлем бойынша ғылыми және өнеркәсіптік деп танылған 1500-ден астам озық конференция жұмыстарын жариялады.

Конференция еңбектері ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалардың дәйектеуін қадағалау құралы мен реферативті және библиографиялық деректер базасы – «Scopus» база дерекқорында индекстеледі. Техникалық, медициналық және гуманитарлық ғылымдар бойынша бес мың баспагердің 18 мың ғылыми аталымы бар. Көптеген елдердегі Scopus дерекқоры мемлекеттік және / немесе корпоративтік деңгейде бағалау зерттеулерін жүргізу үшін ғылыми-метрикалық деректерді алудың негізгі көздерінің бірі болып табылады.

ҚМИУ баспасөз-қызметі

 

28.11.2017, 08:23:07, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Болашағы бар инновациялар мен технологиялар

 

 

WhatsApp Image 2017-11-27 at 13.44.43ҚМИУ магистранттары Жандарбек Алманиязов пен Гүлжайна Есболова (PhD жетекшісі Виолетта Андреященко) 23-24 қарашада 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілген «Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы үшін жастар энергиясы» атты 2-ші республикалық ғылыми-практикалық ынтымақтастық-семинарға қатысты.

Гумилев атындағы ЕҰУ технологияларды коммерциализациялау Департаменті ұйымдастырған ынтымақтастық шеңберінде ИИДМБ бойынша оқитын магистранттардың үздік инновациялық жобасын анықтау үшін байқау өткізілді. Бір күн ішінде бес қазақстандық университеттен 75 жоба ұсынылды. Бұл байқаудың мақсаты – ел экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз ету үшін ең перспективті инновацияларды және технологияларды анықтау және ғылыми – инновациялық қызметке тарту арқылы жастардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашу үшін жағдай жасау болып табылады.

WhatsApp Image 2017-11-27 at 14.03.05«Химия және Металлургия», «Биотехнология, тамақ өнеркәсібі және азық-түлік өнімдерін өндіру», «Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар» секциялар бойынша «Ең үздік спикер», «Үздік презентация», «Үздік инновациялық аспект», «Үздік шығармашылық жоба», «Үздік коммерциялық аспект» номинация жеңімпаздары лайықты марапаттарға ие болды.

Семинардың қорытындысы бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің магистранттары Жандарбек Алманиязов пен Гүлжайна Есболова семинарға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар алды. Гүлжайнаның жұмысы «Үздік шығармашылық жоба» номинациясында жеңімпаз атанды. Оның тақырыбы: «Кент таулары Алат қоныстарының ерте темір дәуіріндегі пештерінің балқыту өнімдерін талдау».

WhatsApp Image 2017-11-27 at 13.53.47Байқау комиссиясының мүшелері атап өткендей, магистранттардың жобаларын таныстыру барысында көптеген қызықты ақпараттар айтылды. Түлектер басқа университеттердегі әріптестерімен тәжірибе алмасты, ал семинарда ұсынылған жобалар Қазақстан экономикасының дамуына үлкен пайда әкелуі мүмкін.

ҚМИУ баспасөз-қызметі

27.11.2017, 17:09:00, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚР Бірінші Президенті Қорының стипендиясы – үздіктерге

 

 

DSC_5304-725x1024Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің “Экономика және құрылыс” факультетінің төртінші курс студенті Әділ Базаровқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қорының гранты берілді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының студенттік стипендиясына жыл сайынғы республикалық байқауда жеңіп шыққан колледждер мен университеттердің студенттері елеулі конкурстық іріктеуден өтеді. Бұл стипендия – үлгерімі жоғары, сонымен бірге үлкен табыстар мен жетістіктерге күшті ынталандыру құралы болып табылады.

Осы жылдар ішінде “өте жақсы” оқып, университеттің ғылыми және шығармашылық өміріне белсене араласып, болашақ құрылысшы қазақстандық жоғары оқу орындарының 650 басқа да өкілдерімен бірге 2017-18 оқу жылына стипендия алуға өтінім берді. Міне, нәтижесі – өткен аптада Алматыда 80 үздік студент лауреат дипломдарын алу және келісім шарттарға қол қою үшін жиналды. Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының Лауреаты гала-концерті кезінде грант иегерлері марапатталды.

Енді ай сайын, 2018 жылдың мамыр айына дейін Әділ Базаров 40 мың теңге көлемінде стипендия алады. Төртінші курс студенті ақылы негізде оқитындықтан, отбасылық бюджетке жақсы көмек болады.

– Әр семестр сайын мен ҚР Тұңғыш Президентінің Қорына жасалған жұмыстар, суреттер, дипломдар, сертификаттар, ғылыми мақалалар туралы есептер жіберемін, – дейді Әділ. – Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы көмір кеніштерінің кен орындарында құрылыс геотехникасы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысамын. Университетте оқытылатын пәндерден маған «Құрылыстағы болжамды іс» және “Негіздер және іргетастар” пәндері бәрінен көбірек ұнайды. Менің жұмысым негізінен қысқартылған конустық негіздермен байланысты. Келесі жылы магистратураға түсу – жоспарда.

ҚМИУ баспасөз-қызметі

 

 

27.11.2017, 16:59:33, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚМИУ студенттері бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

20171104_120311Желтоқсан айының алғашқы күндерінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің өкілдері Алматыда өтетін студенттік командалар арасындағы бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының жартылай финалына қатысады.

20171104_122220“Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” тобының әртүрлі курстағы студенттері Данил Прохорович, Қуаныш Юсупов және Василий Ким қараша айының басында Назарбаев Университетінде өткен ширек финалдық жарыстан сәтті өтті. Қарағанды облысынан тек қана екі университет қатысты: ҚМИУ және ҚарМТУ.

– Балаларға бес сағат ішінде 12 тапсырманы шешу ұсынылды. Бұл топтағы біздің команда бірінші рет құрылды және жартылай финалға шығып лайықты нәтиже көрсетті, – дейді команда жаттықтырушысы, “Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының аға оқытушысы Анастасия Чванова.

20171104_125354Айта кету керек, студенттік командалар арасындағы бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының ширек финалы бір мезгілде Астана, Алматы, Барнаул, Тбилиси және Санкт-Петербургте өтті.

ҚМИУ баспасөз-қызметі

24.11.2017, 17:30:53, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар