2018 жылы 20 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесі қарсаңында «Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасы студенттердің тілге деген құрметін қалыптастыру мақсатында «Тіл-халықтың жаны» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
Университеттің бірінші, екінші және үшінші курс студенттері және ҚМИУ жанындағы колледж студенттері әртүрлі тақырыпқа арналған өлеңдерді ұсынды.
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде классикалық және заманауи авторлардың өлеңдері, прозалары және әндері, студенттердің жеке шығармашылықты өлеңдері оқылды.
Қатысушылар өздерінің жақсы мәнерлеп оқу шеберліктерімен өлеңді және әнді сезіммен айтуға қабілетті екендіктерін көрсетті. Сайысқа 30 астам студент қатысты.
Сайыс жеңілпаздары: 1 орынды – Акерке Жетписбаева «АжБ-18» тобының студенті, екінші орынды – «АжБ-18» студенті Кирилл Берегов, үшінші орынды – Ернар Ерболұлы ТЭК студенті жеңіп алды.
Мәнерлеп оқу сайысы өте жылы жағдайда өтті. Қазылар алқасы бірауыздан мәнерлеп оқушыларға өздерінің шығармашылық таланттарын әрі қарай дамытуға және Қазақстанның белгілі әншілері, ақындары, өнер адамдары болуларына тілек білдірді.
2018 жылы 19 мен 20 қыркүйек күндері «Рухани жаңғыру» кеңсесінің платформасында «Бірінші Президенттің тарихи-мәдениет орталығы» КМКК өзара ынтымақтастық шеңберінде Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері және оқытушылары үшін ерекше экспонаттардың көшпелі көрмесін ұйымдастырды, осы көрме барысында Ұлт Көшбасына әртүрлі жылдарда, әртүрлі елдердің делегациялары тарту еткен сыйлықтар ұсынылды.
2018 жылы 17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Ұлттық баяндамада қарастырылған сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің жағдайына қатысты өзекті мәселелер аумағында өңірлік пікір сайысын ұйымдастырды, осы іс-шараға мемлекеттік қызметкерлермен бірге Қарағанды индустриялық университетінің студенттері де қатысты.
Сайыс екі тілде – мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді. Әрбір команда құрамында бір мемлекеттік қызметкер және бір студент болды.
Сайысқа қатысқан студенттер және мемлекеттік қызметкерлер пікірі бойынша осындай іс-шаралар аналитикалық және шекті ойлау, өзінің көзқарасын ұсыну, көрермендер алдында сөз сөйлеу және креативті дағдыларды дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді.
Біздің сайысшылар, Жанысбек Тажиков, Алихан Бедеров және Рахымжан Омиржол жақсы нәтиже көрсетті және мемлекеттік қызметі дамытуға арналған ең үздік ұсыныстарды ұсынды, сонымен бірге олар әрі қарай республикалық деңгейдегі сайысқа белсене қатысады.
Құрметті студенттер!
жастар ісі жөніндегі комитет белсенді студенттерді университеттің: «Не? Қайда? Қашан?» клубы, Пікір-талас клубы, «Қамқор» еріктілер орталығы, мәдени-бұқаралық сектор, «Студенттер Жаршысы» Баспасөз орталығы, Спортклуб секцияларына (футбол, баскетбол, волейбол, күрес, ауыр атлетика, үстел теннисі, шашка, шахмат, тоғыз-құмалақ), Көңілді тапқырлар клубына және «Альтаир» хореографиялық ансамблі қатарына қабылдайды.
Анықтама телефондары: 8-747-581-92-32, 8-775-661-83-07 – Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы – Карибжан Мадияр
Өзің армандаған ұжыммен кездесуге кел және серіктестер командасымен биік асуларды бағындыр!
Ұйымдастыру жиыны жайлы ақпарат қосымша хабарланады.
Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесін атап өту жылдан жылға университеттің дәстүріне айналған.
Осы мереке қарсаңында 2018 жылы 11 қыркүйек күні Теміртау қ. «Тілдерді дамыту орталығы» және ҚМИУ «Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті» бірге «Тіл – достықтың кепілі» – «Язык – основа дружбы и согласия» тақырыбына арналған студенттер және профессорлы-оқытушылар құрамының қатысуымен домалақ үстел іс-шарасын өткізілді.
Домалақ үстел шеңберінде мынандай өзекті мәселелерге арналған «Мемлекеттік тілді насихаттау және қолдану»; «Көптілді бағдарламаны насихаттау барысындағы ҚМИУ платформасындағы Speaking club жұмысы» және «Көптілділік – қазіргі Қазақстанның ерекшелігі» бейнебаяндар көрсетілді.
Студенттер Сухроб Ашуров және Земфира Атакулова «Язык моего народа» атты бяндамаларын ұсынды.
Домалақ үстел барысында қатысушылар туған тілді және мәдениетті дамытудағы этномәдениет бірлестіктерінің рөлі және атқаратын жұмыстарына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.
Домалақ үстелдің соңында Қазақстан халықтарының этикалық топтарының тілін және мәдениетін дамытуға және сақтауға арналған қарау қабылданды.