“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


3 курс студенті Ақбота Ақарыс Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300 астам адам қатысқан «Абай әлемі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Өз номинациясында Ақбота 70 бәсекелесінен озып, құрметті 4 орынға ие болды. Диплом мен ақшалай сыйлық алды! Ура!

08.12.2020, 14:00:39, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ПЛАТОН АЙСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

[Раздел или его перевод находятся на стадии разработки. Попробуйте варианты на других языках: Русский, English]

07.12.2020, 16:43:53, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚарИУ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ: МАҚСАТТАР ЖӘНЕ МІНДЕТТЕР» атты дәстүрлі Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді.

2020 жылдың 4 желтоқсанында Қарағанды индустриялық университетінде онлайн режимінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Білім кеңістігінің архитектурасы: мақсаттар және міндеттер» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді.

Конференцияға жоғары оқу орындарының профессорлы-оқытушылар құрамы, мектептер мен колледждердің оқытушылары, металлургия және онымен байланысты салалар, сандық технологиялар, Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің кәсіпкерлік саласындағы жетекші талдаушылары мен практиктері қатысты.

Конференция бағдарламасына заманауи білім беру жүйесінің өзекті мәселелері туралы 90 астам баяндама енгізілді.

Бірқатар баяндамалар білім беруді цифрландыру мен трансформациялаудың тенденциялары мен қазіргі проблемаларына, қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттері, адалдық идеологиясын насихаттау және кәсіпкерлік білім беруді дамыту мәселелеріне арналды.

Жалпы отырысты Қарағанды индустриялық университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Бақыт Ахатұлы Жәутіков ашты

Әрі қарай қонақтарға құттықтау сөз берілді:

  • Шахмаран Жүрсінбекұлы Сейілов – Қазақ инфокоммуникация академиясының президенті, техника ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы;
  • Равиль Кәрімұлы Арықбаев – Экономика институтының директоры, Астрахан мемлекеттік университетінің «Агробиотехнология, инженерия және агробизнес» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы;
  • Асылбек Қуантайұлы Төлешов – «MISiS» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті, «Техносфера қауіпсіздігі» кафедрасының доценті, т.ғ.к.;
  • Азиз Оразұлы – Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Теміртау қаласындағы филиалының директоры.

Конференцияның пленарлық отырысында құттықтау сөздерінен кейін келесі спикерлер сөз сөйледі:

  • «SANALY URPAQ» Республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі – Қайыржан Ахметбекұлы Төкішев өзекті тақырып бойынша баяндамасымен: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу факторы»;
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі – Бекзат Қомарұлы Алтынбеков «Ұлттық сана және рухани жаңғыру» баяндамасымен.

«Педагогикалық дизайн және оқытудағы жаңа технологиялары» атты баяндамасымен Қарағанды индустриялық университетінің «Құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Татьяна Петровнаң Сучилина жеке тәжірибесімен бөлісті, «Құрылыс» бағыты бойынша заманауи бейнезертханасын өзінің авторлық әзірлемесімен таныстырды.

Жалпы отырыстан кейін конференция келесі секциялар бойынша жалғасты:

  1. Қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу: жаңа шындыққа бейімделу.
  2. Металлургияның цифрлық болашағы – кадрларды даярлау әдістері мен тәсілдері.
  3. Кәсіпкерлік білім еңбек нарығы мен тұрақты экономикалық өсудің драйвері ретінде.
  4. Адалдық сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін дамыту механизмі ретінде.
  5. Абайдың шығармашылығы – халқымыздың рухани өзегі.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, ҚарИУ жыл сайынғы конференциясы – бұл білім кеңістігін әлеуметтік-мәдени қатынастарды өзгерту кеңістігіне айналдыруда университет қауымдастығының, жұмыс берушілер мен іскерлік серіктестердің өзара іс-қимылының сәтті диалог алаңы. Ол кезекті рет кәсіби, ғылыми және іскерлік қоғамдастықтың ең жақсы өкілдерін жинап, ашық, желілік білім беру мен цифрлы инновацияның өзекті мәселелерін талқылады.

Конференция сындарлы және іскерлік жағдайда өтті. Білімгердердің  цифрлық дәуірдегі оқу үрдісіне қатысу проблемасы талқыланды. Конференцияда ұсынылған барлық баяндамалар өзекті, проблемалық материалдармен қаныққан және қазіргі заманғы жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау сапасын арттыруға қызығушылық тудырады. Конференцияға Ресей, Украина, Қырғызстан университеттері мен Қазақстан Республикасының оқу орындарынан 150 астам оқытушылары, студенттері, магистарнттары, докторанттары және т.б. қатысты.

Конференцияға қатысушылар қазіргі кезең жалпы білім беру жүйесінің өзгеруімен, жалпы, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жаңа стандарттарына көшумен сипатталатынын атап өтті. Білім мен ғылымды дамытудың жоғары идеалдарын басшылыққа ала отырып, университеттердің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын түсіне отырып, конференцияға қатысушылар қарарға келесілерді енгізуді қажет деп санайды:

  1. Оқу процесінің қазіргі жағдайына терең талдау жасайтын баяндамалардың, сондай-ақ оның алдағы жылдарға арналған дамуының болжамының жоғары деңгейі атап өтілсін.
  2. Қазіргі заманғы қазақстандық білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыруға, оның технологиялары мен мазмұнын жақсартуға бағытталған отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу мен қорытуды жалғастырылсын.
  3. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, женке тұлғаның дамуына негізделген университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырылсын.
  4. Қашықтықтан оқыту технологияларын жетілдіру; жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілердің өзара әрекеттесуінің тиімді түрлерін дамытылсын.
  5. Кәсіптік білім беруді және оның кәсіби және ғылыми негіздерін модернизациялауды жоғары білім беруді дамытудың әлемдік бағыты жағдайында жалғастырылсын.
  6. Кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағыттау бойынша жұмысты жалғастырылсын.
  7. Қолданушылардың дүниетанымының түбегейлі ашықтығына негізделген жаңа мәдени сәйкестікті жүзеге асырудың алғышарттары ретінде сындарлы ұсыныстар әзірленсін.
  8. Дамыған әдістемелік, зерттеу, компьютерлік және инновациялық мәдениеті бар мамандарды даярлау бойынша жұмысты жалғастырылсын.
  9. Қазақстандық білім беру қоғамдастығының академиялық адалдық пен адалдық мәселелеріндегі сәтті тәжірибелерін қорытындылау және оларды оқу процесінің барлық салаларында: білім беру, ғылыми, білім беру саласында белсенді қолданылсын.
  10. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау барысында университет қауымдастығының, жұмыс берушілер мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің өзара тығыз байланысының қажеттілігін атап өтілсын.
  11. Облыстағы студенттік клубтардағы жастардың құқықтық сауаттылығын дамыту және арттыру мақсатында облыстағы студенттер клубтарына арналған «Онлайн-мектептер» ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізілсін. Интернет университеттерінің оқытушылары ретінде заң университеттерінің оқытушылары тартылсын.

Конференция нәтижесінде келесі үздік баяндамалар марапатталды:

– «Project for the application of the unesco recommendations on the formation of ICT – competence of the teaching staff of the Karaganda Industrial University»» – авторлар: З.С. Гелманова, А.Е. Алдабаева, А.С. Петровская, Н. .М., Омарова М.А. Латыпова, А.Қ. Төлешов;

– «Әлеуметтік кәсіпкерлік – кәсіпкерлік білімнің ажырамас бөлігі» – авторлар: Л.В. Чепелян, Е.П. Фет;

– ««Multitasking: how to exceed»» – авторлар: Г.Б. Нұрсейітова, Г.Т. Тургумбаева, С.А. Быкадоров, Б.Н Нұрсейітов;

– «Қашықтықтан білім беру. Артықшылықтары мен кемшіліктері »- автор: А.Жұмабекова;

– «Қазақстандық студент жастардың саяси әлеуметтену процесінің ерекшеліктерін талдау» – автор: Т.М.Нұрғалиев;

– «COVID-19 кезеңінде қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу: оның нәтижелері мен қазақстандық білім беру жүйесінің болашағы» – автор: К.Баясилова;

– «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы: Абайдың «Тәрбие сөздеріндегі әлеуметтік портрет» – авторлар: Н.Ғ. Қабди, М.С. Солтан;

– «Жастар руханилық парасаттылыққа тәрбиелеудегі Абай тағылымы» – авторлар: І.А. Аманжол, Т.С. Каппарова, А.К. Султанов;

– «Абай мұрасы – халқымыздың рухани өзегі» – автор: С.А. Жандильдина;

– «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» – автор: А.И.Сүлейменова;

– «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарасты саясатты іске асырудың мәселелері» – автор Б.А. : Сарбасов, А.С. Орынбеков;

– «Адалдық сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңызды факторы ретінде» – автор: В.Г.Черкашин;

– «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар» Б. Асқаров;

– «Материалдарды қысыммен өңдеуде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану ерекшеліктері» – автор: Ж.А. Ашкеев;

– «Жіңішке дайындаманы табақты штамптау процесін модельдеу әдістемесі» – автор: Е.А. Панин;

– «Металлургияның болашағы цифрлық мамандарға тиесілі» – автор: А.Өтемұратова

Қорытындылай келе, өткізіліп жатқан ғылыми-әдістемелік конференцияның білім беру мекемелері мен өндіріс үшін маңызы зор екендігін атап өтуге болады, өйткені бұл кадрларды қалыптастырудағы негізгі бағыт – еліміздің болашағы.

Тағы бір рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Білім кеңістігінің архитектурасы: мақсаттар және міндеттер» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырушыларының атынан конференцияға белсене қатысқандары үшін барлығына алғыс айтамыз, сонымен қатар сіздерге сәттілік, денсаулық және амандық тілейміз!

ҚарИУ баспасөз қызметі

04.12.2020, 17:26:35, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚарИУ ЖКМӨ-19м тобының магистранты Александра Тимченконы «MAGNITOGORSK ROLLING PRACTICE 2020» Бесінші халықаралық жастардың ғылыми-техникалық конференциясындағы «Ғылымдағы жылдыз» номинациясы бойынша жеңісімен құттықтаймыз.

04.12.2020, 15:49:51, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚарИУ студенті «Тәуелсіз Қазақстан – жаңа қоғамдық-саяси шындықтар» тақырыбына арналған студенттердің аймақтық практикалық конференциясына қатысты

2020 жылғы 4 желтоқсанда Қарағанды индустриялық университетінің студенті Савели Элефериади «Тәуелсіз Қазақстан – жаңа қоғамдық-саяси шындықтар» тақырыбындағы аймақтық студенттердің практикалық онлайн конференциясына «Қарағанды индустриялық университетінің Қазақстан халқы студенттер ассамблеясы туралы» баяндамасымен  қатысты.

Конференцияны Қарағанды облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясы, Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Конференцияға қатысушыларға құттықтау сөзімен «Қоғамдық келісім» КММ директоры Б.М.Бекмурзаев, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясының филиалының директоры С.Б. Байбосунова және т.б. қатысты.

Савелли Элефтериади өз сөзінде біздің университеттің 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ҚХА қызметін жан-жақты тоқталды. ҚХА құрамына студенттер – әртүрлі диаспоралардың өкілдері кірді. ҚХА 2017 жылы ҚарИУ базасында ашылған «Рухани жаңғыру» кеңсесінің негізінде жұмыс істейді. Жастардың ҚХА қызметінің мақсаты: жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстанда тұратын этностардың тарихи-мәдени мұраларын зерттеу және насихаттау.

Жастардың  ҚХА өзінің қызметі аясында Теміртау қаласының этномәдени бірлестіктерімен, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығымен, тарихи-өлкетану мұражайымен және жастардың қоғамдық бірлестіктерімен белсенді қарым-қатынас жасайды. ҚХА қызметі біздің университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасымен, Тәрбие жұмысы жәнежастар саясаты департаменті, Жастар ісі жөніндегі комитетпен бірлесіп жүзеге асырылады. Күндізгі бөлімде оқитын студент жастар ҚХА мүшесі бола алады.

Конференция екі бөлімде өтті. Іс-шара барысында Қарағанды облысының мемлекеттік архивінің бастығы, п.ғ.к., Ж.Г.Тұрсынованың «Ұлттық саясатты жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі», Е.А. Бөкетова атындағы Қарағанды университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Козина В.В. Козиннің «Егемендік жағдайындағы Орталық Қазақстанның этногеографиялық дамуы», Бәрімбек Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының «Жалпы құқықтық пәндер» кафедрасының доценті А.Бейсееваның «Қазақ халқының құқықтық мұрасын жаңғырту және Қазақстан Тәуелсіздігі идеясын жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі», Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті А.Гумардың «Қазақстан халқы ассамблеялары – аралық келісімнің бірегей институттарының ультаралық әйелдері», Қарағанды техникалық университетінің студенті А. Фоминнің «Қазақстан халықтары Ассамблеясы – елдің табысты болашағының кепілі» атты баяндамалар тыңдалды.

ҚарИУ баспасөз қызметі

04.12.2020, 12:42:50, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар