“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30.

Бос жұмыс орындарының атауы:

кафедра меңгерушісі – 1 мөлшерлеме  («Металлургия және материалтану» кафедрасы);

Болжалды еңбекақы – 180,000 -200,000 мың теңге.

Кафедра меңгерушісі қызметтерінің қысқаша сипаттамасы.

Кафедрада оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады; ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады; барлық оқу түрлерін жүргізеді, магистранттар мен PhD докторанттардың курстық және дипломдық жобалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді; кафедрада оқытылатын пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларын жасайды; жетекшілік ететін пәндерді әдістемелік қолдауды дамытады; біліктілікті арттыруға қатысады және жаңадан еңбек жолын бастаған оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби қасиеттерді игеруге әдістемелік көмек көрсетеді; университеттің мамандануы бойынша мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады және жүзеге асырады; ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық және құқықтық білімді насихаттауға қатысады; студенттердің оқу жұмысына қатысады; басшылыққа қажетті есептік ақпаратты қалыптастырады және ұсынады; кафедраның  құжаттамалары мен есептілігінің барлық түрлерін дайындауды және сақтауды; студенттер мен қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі және т.б. қамтамасыз етеді.

Кафедра меңгерушісі лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Жоғары білімді;
  2. Философия докторы (PhD) ғылыми атағы немесе академиялық дәреже/бейін бойынша;
  3. Мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық тәжірибесі/өтілімі кемінде 5 жыл;
  4. Соңғы бес жыл ішінде педагогикалық құзыреттіліктерде (кемінде 36 сағат көлемінде) біліктілікті арттыру құжаттарының болуы..

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі;

– фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;

– Басқарма төрағасы-ректордың атына өтініш;

– жеке куәліктің көшірмесі (паспорт);

– кадрлық жеке парақ;

– білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы, нотариат куәландырған құжаттардың көшірмелері;

– белгіленген тәртіппен берілген сотталғандығы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

– алдын-ала медициналық тексеруден өткендігі туралы құжат;

– байқауға қатысушының тіркелмегендігі туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

– конкурсқа қатысушының тіркелмегендігі туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

– конкурсқа қатысушының жүйке-психиатриялық ұйымда тіркелмегендігі туралы анықтамасы;

– соңғы жұмыс орнынан ұсыныс;

– конкурсқа қатысушы оқытамын деген пәндердің презентациясы (электронды түрде, 10 слайдтан аспайды);

– білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсыныстары және т.б.).

Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Теміртау қ., Республика даңғылы, 30 Адами ресурстар департаменті (221 бөлме) мекенжайы бойынша немесе info@kgiu.kz  электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Анықтама телефоны: 8 (7213) 91-02-40

Қарағанды индустриялық университеті жоғары білікті мамандарға қызметтік пәтер ұсынады.

14.12.2020, 14:41:34, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Парасаттылық мектебі және “Саналы ұрпақ” студенттік клубы университет кітапханасымен бірлесіп ПОҚ және студенттер үшін онлайн форматта кітапханалық сабақ ұйымдастырды.

2020 жылдың 11 желтоқсанда Парасаттылық мектебі және «Саналы ұрпақ» студенттік клубы университет кітапханасымен бірлесіп профессорлық-оқытушылық құрам және студенттер үшін онлайн форматта кітапханалық дәріс ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтың түрлері, жауапкершілік және жазаларды қолдану тәртібі туралы құқықтық білім беру.

Аталған іс-шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Білім кеңістігінің архитектоникасы: мақсаттар және міндеттер» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының (04.12. -05.12.2020 ж.) заң оқу орындарының лекторларының қатысуымен “Онлайн мектеп” ұйымдастыру туралы қарары  негізінде ұйымдастырылды. Іс-шараның спикері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту облыстық штабының мүшесі А. И. Сүлейменова болды. Дәріс студенттермен пікірталас түрінде өтті және ақпараттық презентациялар негізінде түсіндірілді.

Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі Носкова С. А. және кітапханашы Шамаева Т. В. университет кітапханасының оқу залында ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жүргізді.

Іс-шара соңында комплаенс басшы, философия докторы Ш.А. Ильясов біздің университеттің Қазақстан жоғары оқу орындарының академиялық адалдық Лигасына кіруі және қызметке Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізуді қарастыру мәселелері туралы ақпараттық мәлімет жасады.

11.12.2020, 19:49:29, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ТФП-19К-2 ТОБЫНЫҢ СТУДЕНТІ КАРИУ ТӨЛЕГЕН АҚЕРКЕ «ҚАЗАҚСТАН – МЕНІҢ ОТАНЫМ» VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА 2-ЖЕРДІ АЛАДЫ

11.12.2020, 18:00:31, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

2020 жылдың қараша айында университетте алғаш рет «Айдың үздік қызметкері» байқауы өткізілді.

2020 жылдың қараша айында университетте алғаш рет «Айдың үздік қызметкері» байқауы өткізілді. Байқаудың нәтижелері бойынша байқауға қатысқан қызметкерлерге арналған ұсыныстарға сәйкес университеттің үздік қызметкерлері таңдалды.

Университет бойынша айдың үздік қызметкерлеріне қатысты оларды ректордың грамотасымен марапаттау және фотосуреттерін университет сайтына орналастыруға арналған Басқарма төрағасы м.а.-ректордың бұйрығы шығарылды.

Айдың үздік қызметкерлері Ректор грамотасымен марапатталды:

– Спичак Екатерина Владимировна – «ЖИТ» кафедрасының аға оқытушысы;

– Титова Жанна Ивановна – «ЖИТ» кафедрасының аға оқытушысы;

– Трус Алла Борисовна – «ҚТ,ӘГПжДТ» кафедрасының аға оқытушысы;

– Попова Нина Евгеньевна – ТЖжЖСД әлеуметтік-мәдени жұмыс секторының жетекшісі;

– Гмыря Мария Зафаровна – АСД оқу процесін ұйымдастыру және мониторинг секторының маманы;

– Бирликова Акниет Сатыбалдиевна – «ХТжЭ» кафедрасының аға шебері;

– Шамаева Татьяна Викторовна – кітапханашы;

– Мажкенова Аяужан Аубакировна – жөндеу-құрылыс бригадасының бригадирі;

– Қарабаева Сания Султановна – сылақшы-бояушы.

Гмыря Мария Зафаровна

Бирликова Акниет Сатыбалдиевна

Попова Нина Евгеньевна

Титова Жанна Ивановна

Спичак Екатерина Владимировн

Шамаева Татьяна Викторовна

Трус Алла Борисовна

Қарабаева Сания Султановна

Мажкенова Аяужан Аубакировна

11.12.2020, 12:35:11, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

10 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Қарағанды индустриялық университетінде Nazarbayev Hall

10 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Қарағанды индустриялық университетінде Nazarbayev Hall, Цифрлық технологиялар құзыреттілік орталығы, Коворкинг орталығы және  ЖТОО-зауыттың көрнекті түлегі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың, өзінің Альма-матеріне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына сыйлаған оқу-зертханалық ғимарат қабырғасында ескерткіш тақтаны салтанатты  ашу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның құрметті қонақтары: Оспанова Кадиша Базарбайқызы – «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;  Ломакин Алексей Борисович – қалалық Мәслихаттың хатшысы;  Омашев Қуаныш Омашұлы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің серіктестері, ардагер- металлургтер  Ысқақов Тоқтархан Ыбырайұлы, Түлеубаев Ермек Ибраилұлы, Никонов Виктор Алексеевич, «Nur Otan» партиясының Теміртау филиалының төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Хамидулаұлы Ажиков.

Залдың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлін дәйекті егжей-тегжейлі көрсету. Назарбаев залы жобасын «Құрылыс» мамандығының студенттері жасаған. Бұл зал нақты дипломдық жобалар шеңберінде жүзеге асырылды, оның басты артықшылығы – оларды университеттің, басқа да оқу орнының аудиторияларында күрделі жөндеу кезінде оларды қайта пайдалану мүмкіндігі. Зал Нұрсұлтан Әбішұлының өмірінің жарқын оқиғаларын ұсынады: Днепродзержинскіде, ЖТОО-зауытта оқыған жылдары, оның қоғамдық және партиялық қызметі. Ұсынылған фотосуреттердің ақ-қара диапазоны сонау 60-70 жылдардағы ерекше атмосфераны көрсетеді. Назарбаев залы жобасын «Құрылыс» мамандығының студенттері жасаған.

ҚарИУ Цифрлық технологиялар құзыреттілік орталығын ашу ауқымды серіктестік қарым-қатынастар арқасында мүмкін болды. Ең алдымен, Қазақстан инфокоммуникация академиясының қолдауының арқасында. Университеттің базасында ашылған CISCO Networking академиясының аймақтық орталығында «Нұр Отан» партиясының ІТ технологияларды дамыту жөніндегі бастамашыл жобасы аясында облыстың 100 астам мектептері мен колледждерінің оқытушылары оқытылды.

Жаңа Орталықтың басты мақсаты – қазақстандық және халықаралық нарықтарда бизнес пен мемлекет сұранысқа ие инновациялық ғылыми және қолданбалы әзірлемелерді енгізу; университет қызметкерлерін, магистранттарды, докторанттарды, студенттерді, кәсіпорындардың өкілдерін тарта отырып, импортты алмастыратын технологиялар мен қызметтерді дамыту. Цифрлық технологияларды дамыту – біздің университеттің басты бағыттарының бірі. Университет студенттерге әлемдік экономикаға қажетті Интернет-технологиялар саласында білім беретін Cisco Networking Academy бағдарламасын сәтті жүзеге асырды. Бұл бағдарлама Құзыреттілік орталығы қызметінде қолданылатын болады.

Коворкинг орталығын ашудағы басты мақсат – қоғамдық бастамаларды, аға буынды қолдау үшін «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік жобаларын дамыту. 2020 жылдың қазан айында Қарағанды индустриялық университетінде «Күміс университет» пилоттық жобасы іске қосылды, оның аясында егде жастағы адамдар компьютерлік сауаттылық, кәсіпкерлік негіздері, электронды үкімет порталымен жұмыс істеу дағдыларын игереді және тағы басқа білім алады.

10.12.2020, 16:44:26, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар