2020 ж.09 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Парасаттылық мектебі», «Саналы ұрпақ» студенттік клубы мен Академиялық саясат департаменті бірлесе отырып, ҚарИУ білім алушыларының академиялық адалдық кодексін түсіндіру бойынша онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттер “Таза сессия” акциясы, “Таза сессия” штабы, “Тікелей желілер”, онлайн өтініштер мен шағымдар, университеттің ресми аккаунттарында орналастырылған постерлер туралы ақпараттандырылды.
Комплаенс жетекшісі Ш.А. Ильясов, Парасаттылық мектебінің деканы Ж. К. Капашева университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартында және Білім алушылардың академиялық адалдық кодексінде бекітілген академиялық адалдық қағидаттарын сақтау ережелерін жан-жақты түсіндірді.
Сондай-ақ Академиялық саясат департаментінің директоры Е.М. Харченко студенттердің прокторинг рәсімі туралы және емтихан сессиясы кезіндегі туындауы мүмкін техникалық мәселелер және олардың шешілуі туралы сұрақтарына жауап берді.
Дөңгелек үстел соңында студенттер клубының басшысы студенттерді Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырып, ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Жоспары
Сыбайлас жемқорлық-жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімге нұқсан келтіреді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев
9 желтоқсан – жыл сайын Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Сыбайлас жемқорлық – бұл елдің барлық азаматтарына қатысты проблема. 2003 жылы осы күні Мексиканың Мерида қаласында Жоғары деңгейдегі саяси конференцияда 2003 жылдың 1 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясы ашылды.
Құжат оған қол қойған мемлекеттерді пара алу, бюджеттік қаражатты жымқыру және сыбайлас жемқорлық жолмен алынған кірістерді заңдастыру қылмыс туралы жариялауға міндеттейді. Конвенцияның бір ережесіне сәйкес, қаражатты олар сыбайлас жемқорлық нәтижесінде келген елге қайтару қажет. 2003 жылғы Конвенция – мұндай бірінші конвенция. Бұл барлық құрылымдардағы сыбайлас жемқорлық ұлттық әл-ауқатқа зиян келтіретін елдер үшін өте маңызды.
Бүгінде Конвенцияға 140 жуық мемлекет қол қойып, оны 80 жуық мемлекет ратификациялады. Қазақстан бұл Конвенцияны 2008 жылдың мамырында ратификациялады.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіп келеді және барлық мемлекеттермен және тиісті халықаралық ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы майданда сындарлы өзара әрекеттесуге дайын.
Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекет құруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізеді. Бұл мақсатқа жетудің шешуші міндеттері – ашық мемлекет қалыптастыру, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту.
Біз Вадим Борисовичтің «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен біздің университет арасындағы білікті кадрларды даярлауға бағытталған серіктестік қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.
Металлургиялық зауытта ҚарИУ студенттері өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтеді. Университет қабырғасында білім алған жоғары білікті мамандар кейіннен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек жолдарын бастап, әртүрлі деңгейдегі көшбасшылар мансабына жетеді. Біз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және біздің университет арасындағы ынтымақтастықтың жемісті әрі тиімді екендігіне мақтанамыз.
Вадим Борисовичке денсаулық, жұмысына сәттілік, жаңа жеңістер мен жаңа биіктерге жетуді тілейміз!
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Д.К. Жаңабергенова «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқу үдерісіне Қазақстан Республикасы этносаясатының императивтерін енгізу жолдары мен тетіктері» атты тақырыбына арналған республикалық әдістемелік вебинар бағдарламасына (12 сағат көлемінде) қатысты, Қазақстан Республикасы ЖОО Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастырығының шеңберінде тұрақты жұмыс істейтін вебинар, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде 4-5 желтоқсан аралығында өткізілді, Қазақстанның 16 жоғары оқу орындарынан 59 адам қатысты. Вебинарда талқыланған негізгі мәселелер аймақтың нақты мысалдары бойынша сабақ өткізу әдістеріне арналған, олар студенттерге волонтерлік белсенділікті және қоғамдық ынтымақтастықты қалыптастыру құралы ретінде оқу үдерісінде «Қоғамға қызмет ету» пәнін белсенді қолдануды ұсынды. Екі күндік вебинардың соңында кафедралардың жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар жіберу туралы шешім қабылданды.