Тағы 1 қыркүйек! Оқу жылының басталуымен!
1 қыркүйек Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде эссе конкурсының жеңімпазына грант табыстау мен Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан оқуға келген бірінші курс студенттеріне құрмет көрсету өтті. ҚР Конституция күніне және Білім күніне арналған мерекенің құрметті қонақтары ҚМИУ Құрметті профессорлары болды, ал оның қатысушылары – ЖОО оқытушылары, магистранттары, докторанттары, студенттері мен қонақтары болды.
Университеттің «Алтын» қорын қажырлы еңбегімен ЖОО даңқын арттыратын, студенттерге білім мен тәжірибені күнделікті беретін білікті профессорлар мен оқытушылар құрайды. 1 қыркүйек сахнаға мемлекет Басшысының серіктесі, комбинат ардагері, «Құрмет» және 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерінің иегері, «ҚМИУ алдындағы айрықша еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, көптеген жылдар бойы оқу орнында өндірістік оқыту шебері ретінде жұмыс істеген Виктор Алексеевич Никонов шақырылды. Оны еңбегі сіңген демалысқа шығарып салдық. Оның мінсіз еңбегі мен жұмысқа деген жауапкершілігі үшін Виктор Алексеевичке гүлдер мен ҚМИУ ректорының алғыс хаты табысталды. Сол күні біздің университетте 37 жыл жұмыс істеген Купреева Расим Асраретдиновнаны да еңбегі сіңген демалысқа шығарып салдық.
Конституцияның 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен Құрметті грамоталарымен:
– «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Владимир Иванович Илькун;
– «Технологиялық машиналар және көлік» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Виктор Александрович Ященко;
– «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Татьяна Михайловна Бондарцова;
– «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Майра Маулиевна Татиева;
– «Экономика және құрылыс» факультетінің декан орынбасары Асель Кажатовна Нургалиева;
– «Металлургия және машинажасау» факультетінің декан орынбасары Гульмира Аубакировна Шаяхметова марапатталды.
Жыл сайын ҚМИУ ғылыми элитасы жас ғалымдармен толықтырылады. Биылғы жылы алғаш рет ұзақ үзілістен кейін ЖОО-ның 17 жас оқытушылары докторантураға түсті. Оларға ректордың құттықтау хаты табысталды. Ду қол шапалақпен сахнаға Нұрбек Айткенов, Рымгүл Жаслан, Ербол Қуатбай, Талғат Жүнісқалиев, Маржан Мұхаметхан, Ерлан Мұхаметхан, Бекзат Ахметов, Гүлдана Даирбекова, Досбол Бекмағамбетов, Мақсат Абишкенов, Семен Кузьмичев, Адилжан Куанышбаев, Ғазиза Жұманазарова, Ғалия Жұмабекова, Сауле Камарова, Жадыра Авкурова, Нұрболат Сайдрахимов шақырылды.
Қазақстан жастары өте патриотшыл. Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Патриотизм өз жеріне, өз ауылына, қаласына, өңіріне, кішкентай отанына деген махаббатынан басталады». ҚР Президентінің бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті жыл сайын Қазақстан мектептерінің оқушылары үшін «Менің қаламның тарихы» атты кең ауқымды эссе және мультимедиялық жобалар конкурсын өткізеді. Конкурсқа көптеген өтінімдер жіберілді және конкурстық комиссия мүшелері ең лайықтыларын таңдады. Ғылыми Кеңестің шешімімен жеңімпаздарға гранттар мен жеңілдіктер берілді. Марапаттау рәсімі үшін сахнаға алғашқы үш орын иегерлерін шақырды. Эссе конкурсындағы 3 орын үшін 2018-2019 оқу жылында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде оқуға 25 пайыздық жеңілдік құқығын беретін сертификатпен Кристина Кучеренко, Ақерке Қуанышбекова және Әлия Мәдкен марапатталды. 2 орын үшін 2018-2019 оқу жылында ҚМИУ-да оқуға 50 пайыздық жеңілдік құқығын беретін сертификат Әнуар Қазбековке табысталды. 1 орын үшін 2018-2019 оқу жылында ҚМИУ жанындағы техника-экономикалық колледжінде оқуға Ғылыми кеңес грантымен конкурстың барлық турынан керемет өткен, ал ҰБТ-да 81 балл жинағана №19 ЖББОМ түлегі Валентина Алейникова марапатталды.
ҚМИУ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облысының ауылдық мектептерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Осы жылдың мамыр айында университет өкілдері кең ауқымды жұмыспен Нұра ауданы Кертінді кентінің М.Сүлейменов атындағы тірек мектебіне барды. Сахнаға ҚМИУ «Электрэнергетика» мамандығына түскен және білім беру грантына ие болған Жамаухан Дәулетқазы шақырылды. Оған ректордың атынан құттықтау хаты тапсырылды.
Студенттік жылдар – бұл игі тілектер орындалған және шыңдар жеңілген уақыт. Сөз сөйлегендер бірінші курс студенттеріне ҚР Тұңғыш Президентінің Альма-матер қабырғасында білім алуды ғана емес, олардың ізашарлары ретінде ЖОО-ның қоғамдық және спорттық өміріне белсене араласуды тіледі. Салтанатты жиын мен шашу рәсімінен кейін жаңадан келген студенттерді бір-бірімен, факультет декандарымен, оқытушылармен және кураторлармен танысу үшін аудиторияға шақырды.
ҚМИУ баспасөз қызметі