Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға»– «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.
Бағдарлама мақсаты – еліміздің еңбек ресурстары мол оңтүстік өңірінің жастарын оқытумен (Алматы, Түрікстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) кадрлар жетіспейтін шығыс, солтүстік және батыс өңірлерінде жұмыспен қамтамасыздандыру.
2015 жылдан бастап Мәңгілік ел жастары – индустрияға»– «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасына техникалық мамандықтар бойынша біздің Қарағанды мемлекеттік инлдустриялық университетті де қатысады.
2015 жылы ҚМИУ 8 мамандық бойынша 300 грант бөлінді. Оның 01.09.2015 жылы 294 гранты игерілді, 6 грант 2016 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.
2016 жылы ҚМИУ 11 мамандық бойынша 160 грант бөлінді. Оның 01.09.2016 жылы 157 гранты игерілді, 3 грант 2017 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.
2017-2018 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша 11 мамандықтар бойынша 161 талапкер оқуға қабылданды. 6 грант игерілмеді.
Ағымды 2018-2019 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша 90 талапкер, 9 мамандық бойынша оқуға қабылданды.
№ |
Мамандық |
2015-2016 оқу жылында оқуға қабылдау |
2016-2017
оқу жылында оқуға қабылдау |
2017-2018 оқу жылында оқуға қабылдау |
2018-2019 оқу жылында оқуға қабылдау |
1 |
Машинажасау |
32 |
15 |
16 |
4 |
2 |
Көлік, көлікті техника және технологиялар |
35 |
10 |
20 |
9 |
3 |
Технологиялық машиналар және жабдықтар |
34 |
20 |
5 |
– |
4 |
Электрэнергетика |
35 |
5 |
12 |
14 |
5 |
Материалтану және жаңа материалдар технологиясы |
35 |
20 |
4 |
5 |
4 |
Металлургия |
44 |
19 |
9 |
7 |
5 |
Құрылыс |
39 |
15 |
24 |
9 |
8 |
Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы |
40 |
28 |
27 |
9 |
9 |
Автоматтандыру және басқару |
– |
10 |
23 |
24 |
10 |
Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
– |
5 |
– |
– |
11 |
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру |
– |
10 |
21 |
9 |
БАРЛЫҒЫ: |
294 |
157 |
161 |
90 |
Қазіргі таңда барлығы 659 студент оқиды.
Осы бағдарлама бойынша ҚМИУ оқуға түскен талапкерлер жатақханамен қамтамасыз етілген, олар оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастырылады.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жақсы оқу үшін студенттеге қолайлы жағдай жасалған.
Университетте заманауи оқу дәрісханалары және ғылыми зертханалары орналасқан 6 оқу-зертханалық корпус, 260 мың кітап қоры бар кітапхана, екі заманауи акт залы, құрамында 6 ойын залы және ашық алаңды спорт кешені жұмыс жасайды.
Университетте 890 орынды 2 жайлы жатақхана бар. Студенттер үшін жатақхана тегін. Университетте қоғамдық тамақтану орындары (4 дәмхана, 80 орынды асхана), сонымен бірге медициналық бөлме жұмыс жасайды.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін таңдаумен – болашаққа сенімді кепілдендірілген жолдаманы таңдайсың!
2018 жылы 20 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесі қарсаңында «Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасы студенттердің тілге деген құрметін қалыптастыру мақсатында «Тіл-халықтың жаны» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
Университеттің бірінші, екінші және үшінші курс студенттері және ҚМИУ жанындағы колледж студенттері әртүрлі тақырыпқа арналған өлеңдерді ұсынды.
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде классикалық және заманауи авторлардың өлеңдері, прозалары және әндері, студенттердің жеке шығармашылықты өлеңдері оқылды.
Қатысушылар өздерінің жақсы мәнерлеп оқу шеберліктерімен өлеңді және әнді сезіммен айтуға қабілетті екендіктерін көрсетті. Сайысқа 30 астам студент қатысты.
Сайыс жеңілпаздары: 1 орынды – Акерке Жетписбаева «АжБ-18» тобының студенті, екінші орынды – «АжБ-18» студенті Кирилл Берегов, үшінші орынды – Ернар Ерболұлы ТЭК студенті жеңіп алды.
Мәнерлеп оқу сайысы өте жылы жағдайда өтті. Қазылар алқасы бірауыздан мәнерлеп оқушыларға өздерінің шығармашылық таланттарын әрі қарай дамытуға және Қазақстанның белгілі әншілері, ақындары, өнер адамдары болуларына тілек білдірді.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің баспасөз хатшысы Светлана Егорова Амстердам қ. ЖИТС бойынша (AIDS-2018) өткен XXII халықаралық конференцияға қатысты.
22nd International AIDS Conference (AIDS 2018) Amsterdam, Netherlands Copyright: Marcus Rose/IAS Photo shows: TB 2018: Signage at conference
Бұл оқиға «Кедергілерді бұзып, көпір саламыз» атты дивизбен өткізілді, бұл конференция ЖИТС және АИТВ қарсы жаһандық күрес шеңберінде тарихта қалады. Конференцияға 160 астам елден 16000 астам алам қатысты, оның ішінде дәрігерлер, дәрі-дәрмек өндірушілері, ғалымдар, құқық қорғаушылар, саясаткерлер, журналистер, үкіметті емес ұйымдар өкілдері, еріктілер және ЖИТС өмір сүретін адамдар. Іс-шараға қатысқан танымал тұлғалардың ішінде ЖИТС-инфекциясының таралуымен күресуге үлкен үлкен қосқан медиялық жеке тұлғалар – ханзада Гарри, АҚШ бұрынғы Президенті персондар Билл Клинтон, әнші Элтон Джон, актриса Шерлиз Терон, әнші Кончита Вюрст болды.
Әлемде АИТВ-инфекциясымен және ЖИТС ауруына шалдығу және өлім деңгейі төмендеуде, бірақта тек ғана Шығыс Еуропа және Орталық Азиада (ВЕЦА) өте күрделі шиеленіскен жағдай қалыптасқан: ЖИТС таралу темпі бұл аймақтарда жоғары бірінші орында, соңғы жылдары өлім жағдайы 38% жоғарлады. Жоғарыда айтылғандарға қатысты ЖИТС күресу тарихында бірінші рет елдің назары ВЕЦА өңіріне ауды.
ҚМИУ баспасөз хатшысы Светлана Егорова он жылдам артық уақыт ішінде ЖИТС және АИТВ қатысты мәселелерді баспасөз бетінде ел назарына ұсынуда, ол арнайы медиа-степендия иегері атады, осы степендия шеңберінде конференцияға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге бұл арнайы медиа-степендия журналистер, әртүрлі үкіметті емес ұйымның 100 астам өкіліне берілді.
22nd International AIDS Conference (AIDS 2018) Amsterdam, Netherlands. Copyright: Matthijs Immink/IAS AIDS2018 Scolarship Group Shot
Жалпы конференция аясында 500 астам іс-шаралар өткізілді. Негізгі бағдарламада мәжілісті отырыстар, біліктілікті арттыруға арналған семинарлар, арнайы сессиялар, стенді баяндамалар, ауызша тұсаукесерлер және т.б. шаралар өткізілді, ал «Жаһандық қалашықта» қоғамға қолжетімді – пікір-таластар, воркшоптар, фильмдер, театрлық көріністер, жастар сессиялары ұйымдастырылды. Осының барлығы тәжірибемен алмасуға, ЖИТС бойынша жаңа зерттеулер және алдын алу шаралары туралы көп мағұлмат жинауға, табысты әлеуметтік кампанияларға қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар конференция негізінен ағылшын тілінде жүргізілді, шамамен қырық сессия орыс тіліне аударылды. АИТВ-сыз әлем, тиімді емдеу және алдын алу, зиянды деңгейді төмендету – осы тақырыптар конференцияның барлық жұмысының өзегі болды.
Амстердам қ. ЖИТС бойынша халықаралық конференцияның қортындысы бойынша қарар қабылданды, онда 2016 жылы Дурбан қ. өткен конференциядан кейін ғылыми зерттеу жұмыстары әлемдік деңгейде танылды, АИТВ емделушідегі анықталмаған вирустық жүктеме кезінде ол басқа адамға жұқпайтындығы расталды. Сонымен бірге жалпы АИТВ алдын алу жұмыстары жеткілісіз деңгейде, халықтың негізгі тобы әйелдер және қыздар арасында АИТВ жұқтыру жағдайы жоғары. Стигматизациялану, гендерлік теңсіздік, саяси еріктіліктің жетіспеушілігі, қаржыландыруды қысқарту және көптеген басқада себептер АИТВ қарсы күресуді тежейді. Осылайша, қоғам, саясат және биілік ЖИТС эпидемиясымен күресудің нағыз ортасында. Олардың өзара келісіміне жаһандық мақсаттарды денсаулық сақтау қызметімен барлық халықты қамту тәуелді.
Халықтың әлеуметті қорғалмаған ең әлсіз және маргиналдандырылған (салдарында эпидемияны тоқтау үшін) топтарына көмек көрсетуге қатысты тиімді қолжетімділікті кеңейтуді қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғамның өкілдері және белсенділері, ғалымдар және зерттеушілер бірге жұмыс жасаулары керек. Амстердам қ. өткен конференция эпидемиямен күреуге қатысты бәрін қамтушы және мультисекторлы тәсілдердің қарқынды дамуына ықпал ететін көпір болды. Қазіргі таңда қоғам, саясат және биілік АИТВ эпидемиясына қарсы жауап ретінде әділ және бәрін қамтуды қамтамасыз ету үшін бірігіп күресу қажет.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары СОТСБИ компаниясымен бірге Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсында біліктіліктерін арттырып жатыр.
Курс тыңдаушыларын бірнеше күн ішінде «СОТСБИ интерактивті зертханалық-оқу кешені» курсы бойынша дәрістер, практикалық және жеке өзіндік жұмыстар күтіп түр. Сабақты М. А. Бонч-Бруевич ат. Санкт-Петербург телекоммуникация университетінің оқытушысы, СОТСБИ ҒТО ЖШС техникалық жазушысы Татьяна Лушникова жүргізеді.
Оқылатын тақырыптар – байланыс желістері, ашық жүйелердің өзара әрекеттесуі, ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты коммуникациялық хаттамаларды зерделеуге арналған СОТСБИ-ngn аппаратты-бағдарламалық кешен және т.б. Курс ұзақтығы 72 академиялық сағат, оқыту нысаны- күндізгі/сырттай.
ҚМИУ баспасөз қызметі
|