Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің кітапханасына 17 мамыр күні «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» бағдарламасының шеңберінде қазақ тіліне аударылған 1485 дана кітап жеткізілді.
Кітаптар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық ұйымы аударған. Оқулықтар мемлекетік қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде аударылған және басылған. «100 жаңа оқулықтар» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісінде ақаратын рөлі маңызды.
– Жастар жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алулары керек – деп атап өтті ҚР Президенті Н.Назарбаев ағымды жылдың сәуір айында Астана қаласында өткен тұсаукесер шарасында. – Ғылыми таным – қазіргі кездегі ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі шарты. Жаңа оқулықтар – бұл нағыз білім энциклопедиясы. Қазіргі таңда тек ғана білім әдістемесі ғана емес, сонымен бірге оның мазмұныда маңызды. Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпыұлтты оқытуды бес жыл ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлемдік практикада осындай кешенді бағдарламаны жүзеге асыруға арналған мысалдар көп емес. Жаңа оқулықтар – бұл эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Ол үш форматта барлық адамдарға қолжетімді: әдеттегі қағаз түрінде, электронды онлайн-нұсқалар және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің бейнежиынтығы форматында. Шетелде тұратын біздің жастар кітаптар латын графикасында басылып шыққан кезде оқуға мүмкіндік алады.
Қазақ тіліне аударылған кітаптар арасында – АҚШ, Ресей, Франция, Швейцария және Ұлыбритания елдерінің үздік интеллектуалды өнімдері. Аударма түпнұсқа тілден жасалған.
Аударылған және аударылып жатқан кітаптар тізімімен мына жерде танысуға болады: https://100kitap.kz/ru/books.
ҚМИУ баспасөз қызметі
16 мамыр күні Қарағанды индустриялық университетінде «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдарының қалыптасуының 20 жылдығына» атты бірыңғай ақпараттық сағат өткізілді.
ҚИУ тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры М.М. Салпенова және «Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы М. Солтан Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары және жалпы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан істер жайлы баяндады.
Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Т. Байгабатов студенттерге мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заң талаптарын, сонымен бірге осы қызметтің қалыптасу және даму кезеңдерін жан-жақты түсіндірді.
Студенттер жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар шараларының тиімділіктері, жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығы жайлы пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салды. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты.
ҚИУ баспасөз қызметі
Қалалық «Абай оқулары» байқауы 14 мамыр күні Теміртау қ. Орталық кітапханасында өтті. Байқауға ҚМИУ студенттері де қатысты. Байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар Мағжана Жұмабаевтың өлеңін және екінші кезеңде қазақ әдебиетінің классиктерінің көркем шығармаларын жатқа оқыды.
«АжБ»-17қ тобының студенті Перизат Курбанбай үшінші орынды жеңіп алды. Үшінші курс студенті Бейбут Тулкибаев («ТМжЖ»-15кқ тобы) жеңілпаз атанып, 18 мамыр күні облыстық «Абай оқуларында» Теміртау қаласының атынан қатысады. Байқауды Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. Байқау 17-29 жас аралығындағы талантты жастарға қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданыс аумағын кеңейту және тіл мәдениетін арттыру мақсатында өткізіледі.
«ЭКжБЖФ» деканының орынбасары Жания Капашева байқау ұйымдастырушыларының атынан ҚМИУ студенттерін байқауға дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
ҚМИУ баспасөз қызметі