“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Болашақ мамандық таңдауға бағытталған жұмыстар

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің өкілдері ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша білім беру ұйымдарының ұжымдарымен, сондай-ақ болашақ мамандықтарды таңдау бойынша облыс мектептерінің 9-шы және 11-ші сыныптар түлектерімен кездесулер өткізуді жалғастыруда.

«Металлургия және машинажасау» факультетінің деканы Д.К. Мусин және ҚМИУ жанындағы Техникалы-экономикалық колледж директорының орынбасары Т.Қ. Әкішев 23 ақпанда Шахтинск қ. барып, Технологиялық колледждің қызметкерлерімен және студенттерімен кездесті. Д.К.Мусин адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөле отырып, Президент Жолдауының негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сондай-ақ, Шахтинск қ.  мектеп бітірушілерімен кездесулер өткізілді,  онда Д. К. Мусин мен Т. Қ. Әкішев университеттің және ҚМИУ жанындағы колледждің барлық мамандықтары, олардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы, сонымен қатар оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу салалары туралы айтты.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Оқу үрдісі үшін сол немесе өзге мәдениет ерекшеліктерін ескеру өте маңызды

Қазақ, орыс және шет тілдер кафедрасының бастамасымен 23 ақпанда ҚМИУ-да өткен семинарда көптілді білім беру жағдайында оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін пайдалану туралы сөз болды.

Көптілділік көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Көп мәдениетті және көптілді білім берудің мақсаты – көпұлтты және көп мәдениетті ортада белсенді өмірге қабілетті адам қалыптастыру, басқа мәдениеттерге дамыған сезіммен түсіну мен құрметтеуді, түрлі ұлт, нәсіл мен діндердің адамдарымен бейбітшілік пен келісімде өмір сүру қабілетін қалыптастыру болып табылады. Тұлғаның көп тілді сана-сезімін дамыту, бұл – сөйлеу, ойлау, ауызша және жазбаша қарым-қатынасты дамыту алгоритмі болып табылады.

Көптілді білім беру жағдайында тіл құзыреті мен оның дамуының маңыздылығы, сондай-ақ оқытудың заманауи әдістері мен технологиясы туралы «ҚОжШТ» кафедра меңгерушісі м.а., ф.ғ.к., доцент Нұрзия Әбдікәрім мемлекеттік тілде сөйледі.

Көптілді білім беру жағдайында күрделі тақырыптар ұсынғанда немесе, мысалы, ашық сабақ өткізу кезінде екі оқытушы ынтымақтастық мүмкіндігін ойлау керек. Жұптаса оқытуда сөзсіз артықшылықтар бар, – дейді Нұрзия Әбдікәрімқызы. – Екі оқытушы біреуге қарағанда көп біледі және бір-бірін толықтыра алады. Жұптаса оқыту оқуды көбінесе жанданған және алуан түрлі етеді. Екі оқытушы одан әрі іс-қимыл жоспарын  және сабақ барысы бойынша тікелей мүмкін өзгерістерді бірлесе талқылай алады.

Шақырылған жаттықтырушы профессор, «Болашақ»  Академиясы ЖММ шет тілдері және мәдениетаралық қарым-қатынас кафедрасының меңгерушісі Баян Ибраева болды, ол ағылшын тілінде мәдениетаралық құзыреттілік және оның элементтерін оқу үдерісіне енгізу туралы айтты.

– Әрбір сабақта, пәнге қарамастан мәдениетаралық қарым-қатынас элементтерін қолдану қазір өте танымал,- дейді Баян Мұқышқызы. – Менің мақсатым – әріптестерге оны қалай пайдалану керектігін және әртүрлі ұлт өкілдерінің бір-бірінен қалай ерекшеленетінін көрсету. Біз көп мәдениетті қоғамда өмір сүреміз. Сол немесе өзге мәдениет ерекшеліктерін ескеру – бұл оқу үрдісі үшін өте маңызды.

Біздің сайтқа берген сұхбатында қонақ еліміздің бірінші Президенті оқыған университетте болуды бұрыннан армандағанын мойындады. Сондықтан «ҚОжШТ» кафедрасының шақыруына дереу келісе жауап бердім.

– Сонымен қатар, осы кафедрада «Болашақ» академиясының түлектерінің бірі Гүлмира Омарова жұмыс істейді. Бұл бастаманы ол бастады, әрине, мен қолдадым, өйткені бізге, шет тілдерін оқытушыларға қазір қарым-қатынас, сөйлесуіміз қажет, – дейді әрі қарай Баян Мұқышқызы. Ғылым, білім, оқыту әдістемесі қазір тез алға жылжуда, ал сіздің жоо – бүкіл жер шарының алдында. Біріншіден, ҚМИУ жетекші университеттердің бірі; екіншіден, сіздерде өте үлкен көптілді кафедра. Сіздерде бізге айтар нәрсе, ал бізде – сіздермен бөлісетін нәрсе бар.

Баян Ибраева Нұрзия Әбдікәрімнің дәрістерді өткізудің жаңа формалары туралы сөйлегені өте қызықты және маңызды екендігін атап өтті. Бұл тақырыпты тәжірибені өзара байытуға, оқытушылардың кәсібилігін арттыруға және оқушылардың қызығушылығын арттыруға әкелетін әрі қарай ынтымақтастықтың негізі ретінде батыл түрде алуға болады.

– Мен сіздердің университеттеріңіздің қабырғасында болғаныма және менің бүгін көрген және естігендеріме өте ризамын, – деп қорытындылады профессор. – Әріптестер сауатты, жақсы оқыған, дайындалған, өте жауапты және белсенді түрде қатысты. Жасалған жағдайға және өте қызықты аудитория үшін үлкен рахмет.

ҚМИУ баспасөз қызметі


ҚМИУ-дің 5 студенті білім гранттарына ие болды

2017-2018 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы нәтижесінде жоғары білім алу үрдісінде босатылған бос білім гранттары бұрын ақылы негізде оқитын Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің бірнеше студентіне тағайындалды.

Бос білім грантын иеленушілер: Ақерке Нурланова және Жібек Абуова («Автоматтандыру және басқару-16к» тобы), Мақпал Берденбаева («Машина жасау-15к-2» тобы), Рамазан Мамыров («Электроэнергетика-16к» тобы) және Аян Шерметов («Құрылыс-16к» тобы).

Бұл маңызды іс-шарамен, тегін оқитын студенттерді ҚМИУ ректоры Б.А.Жәутіков құттықтады.

– Мен ҚМИУ-ға жақсы маман болу үшін түстім. Маған грант тағайындалғанын білгендегі көңіл-күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес, соншалықты қуандым – дейді Жібек Абуова. – Біздің университетіміздің басшылығына өте ризамын. Сенімін ақтауға тырысамын.

– Біздің мемлекет Басшысы бітірген университетте оқитынымды мақтан тұтамын деп, – әңгімеге Рамазан Мамыров қосылады. – Әрине, мен грантқа ие болғаныма қуаныштымын және университет ректоры өзі бізді құттықтады – бұл үлкен абырой.

– ҚМИУ-да оқу – бұл мейірбан студенттер, қайырымды оқытушылар, қамқор декандар мен олардың орынбасарлары. Мұнда оқу – бәрі бір-бірін жақсы біледі және бір үлкен бақытты отбасы өмір сүреді, – дейді Ақерке Нурланова. – Гранттың берілгені туралы білген сәттегі менің эмоцияларымды сөздермен жеткізе алмаймын. Қуанышымда шек жоқ! Енді мен одан да көп тырысамын.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 


Уважаемые студенты!

В целях обеспечения верховенства Конституции Республики Казахстан и ее популяризации в обществе, воспитания конституционного патриотизма, формирования конституционной культуры, Конституционный Совет Республики Казахстан организует конкурс ЭССЕ среди студентов высших учебных заведений. Приглашаем принять активное участие и внести вклад в проведение данного конкурса. 
Работы предоставляются в бумажном или электронном виде.
Почтовый адрес: 010000, г.Астана, ул. Кунаева, зд.39, каб.№3.036.
Электронные адреса: ckr@ksrk.gov.kz, burkina.elena@ksrk.gov.kz (отправлять с пометкой “Конкурс эссе”). 
Контактные телефоны: + 7 (7172) 74-76-53, 74-79-55. 
Положение о конкурсе каз – по ссылке… 

Положение о конкурсе рус – по ссылке… 


Уважаемые студенты!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі өскелең ұрпақтың арасында жүріс-тұрыстың нормалары болуға тиіс сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеяны ұғынуды дәріптеу мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттері арасында ҮЗДІК ЭССЕ байқауын ұйымдастыруда. Осыған байланысты, аталған байқауды өткізуге үлес қосуды және белсенді қатысуды сұраймыз. Қосымша ақпарат – сілтеме бойынша…