“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Ұлт ұлысқа ортақ үй – Қазақстан»

ҚМИУ оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ бірнеше теміртаулық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қуғын-сүргіннің ауыр жылдарында әртүрлі халықтарға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан мен қазақ халқына алғыстарын білдірді.

2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен елімізде жаңа мейрам – Алғыс айту күнін бекітті, ол бұдан былай Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызда атап өтіледі. Алғыс айту күнін тойлау Мемлекет басшысымен Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толуына арналған оның мерейтойлық сессиясында ұсынылды. Алғыс айту күні – 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүретін елде бейбіт өмірге қажетті түсіністік пен келісім, достық мерекесі.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мыңға жуық жеке шаруа жер аударылған. Сталиндік режимде әр жылдарда бүтіндей бір халықтар жер аударылды: 800 мың немістер, 102 мың поляктар, 550 мың солтүстік Кавказдағы халық өкілдері және 100 мыңға жуық Қиыр Шығыстағы корей отбасылары.

Алғыс айту күні жалпы тарих, қазақтардың және барлық этникалық топтардың бір-біріне, қазақтарға қолдау көрсету арқылы бірлесе бастан кешкен қиындықтары туралы естелік негізінде, көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау мен дамытуды бейнелейді. ҚМИУ-де өткен дөңгелек үстелдің басты идеясы – Қазақстанға жер аударылған  адамдардың тағдырын көрсету. Теміртау қ. әкімінің орынбасары Дәурен Есімхановтың құттықтау сөзі мен «ҚТ және ӘГП» кафедра меңгерушісі Оксана Гуменчуктың сөзінен кейін,  Қазақстанға көп жыл бұрын қоныстанған отбасы ҚМИУ студенттері Татьяна Силаева, Савелий Элефтериади, Ламара Султаева, Земфира Атакулова және Леонид Ким сөз сөйледі. Олар өз отбасыларының тарихын негізге ала отырып,  Қазақстанға әр түрлі халықтарды дүрбелеу туралы эмоцияларын жасырмастан, кейде тіпті көздеріне жас ала айтты.

– Алғыс айту күні– бұл, ең алдымен, Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні, соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен ынтымақ, біздің еліміздің халқымызға деген өзара сенім мен құрмет орнады, барлық қиын кезеңдерде бір-біріне арқа сүйе өмір сүрді», – дейді іс-шараның модераторы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Татьяна Семенова. – Қысқа мерзім ішінде біздің Президентіміздің басшылығымен ортақ күш-жігерімізбен біз тәуелсіз, гүлденген Қазақстанды құрдық. Бұл – қуғын-сүргін мен дүрбелең жылдары біздің халқымыз жасаған сияқты, бір-біріне көмектесу, ашық жүрекпен бөлісуге дайын болу және рухани қайырымдылық дәстүрлері күні.

Іс-шараның соңында ҚМИУ фойесінде арнайы орнатылған ақ баннерге әр қатысушы алғыс сөздері мен туған Қазақстанына деген тілектерін жазды. Ал, содан кейін барлық қонақтар далаға шығып, көгілдір ашық аспанға сол түсті – бір шаңырақ астында тұратын халықтардың бейбітшілік пен өзара түсіністігінің символы әуе шарларын ұшырды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Оқытушылар мен студенттер ҚМИУ өкілдері жазған оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесінің қатысушылары болды

28 ақпанда бас ғимараттың бірінші қабатының дәлізінде көрме ұйымдастырған университет кітапханасының қызметкерлерінің күш-жігері бекер болған жоқ: оқу құралдарына қызығушылық танытқандар көп болды.

Жаңа оқулықтар көрмесінде 2017 жылы ҚМИУ баспаханасында шығарылған 50-ден астам әдебиет атаулары ұсынылды: оның ішінде 19 кітапшалар қазақ тілінде, 34 орыс тілінде жазылған.

Көрмеге келген көптеген оқытушылар мен студенттер жұмысқа қажетті кітапшалардың атауын жазып алды,  ал кейбіреулер қажетті әдебиеттерді кітапханадан бірден алды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


“Магнитка” лигасының КТК кубок көшбасшылары анықталды

28 ақпанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің сахнасында “Магнитка” лигасының КТК кубогында 16 көңілді және тапқыр ұлдар мен қыздар командалары кездесті.

Ойын «Нұр Отан» партиясының Күні мен алғыс айту Күнін мерекелеу аясында «Нұр Отан» партиясы филиалының және университет басшылығының қолдауымен өтті.

Ойын қорытындысы бойынша “ҚҚЭУ Құрама” командасы (Қарағанды қ.) көшбасшы болды. Екінші орында – Теміртау медициналық колледжінің «Группа крови», үшінші орында – сахна иесі «ҚМИУ құрамасы».

«Үздік ойыншы» номинациясы «Нестандартная» командасының қатысушысы Меней Ерқанатқа берілді.

Теміртау қалалық мәслихатының хатшысы Алексей Ломакин жеңімпаздарға грамоталар, кубоктармен мен медальдарды табыстады.

ҚМИУ баспасөз қызметі


IT-құзыреттілік деңгейін арттыра

“Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру”, “Автоматтандыру және басқару” және “Электроэнергетика” топтарының 50-ден астам студенттері, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілде оқитын 18 адам жақында IT Essentials Cisco Академиясының базалық бастапқы курсын сәтті аяқтады және сертификаттар алды.

Cisco Желілік Академиясының аймақтық орталығы ҚМИУ базасында 2017 жылдың қыркүйек айының басында ашылды. Бұл маңызды қадам әрдайым жаңартылып және толтырылатын білім беру ресурстарына қол жеткізді. Академияның нұсқаушылар мәртебесі «ЭАжЕТ» кафедрасының аға оқытушылары С. Кан, А. Чванова және Д. Тоқсейітте бар.

2017-2018 оқу жылының күзгі семестр ағымында IT Essentials  базалық бастапқы курсын оқуды «ЕТжБҚ», «АжБ» және «ЭЭ» топтарының студенттері бастады. Курс қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың жалпы мәселелеріне арналған теориялық және практикалық материалдардың 14 тарауын қамтиды. Әрбір тарау материалды меңгеруді тексеру үшін емтиханнан тұрады.

– Курсты оқу компьютердің құрамдас бөліктерін, операциялық жүйелерді орнату дағдыларын және желі арқылы деректермен алмасу үшін компьютерді жөндеуге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді “ЭАжЕТ” кафедрасының аға оқытушысы Анастасия Чванова. – Курсты меңгеру – бұл мамандыққа қарамастан, студенттердің IT құзыреттілік деңгейін арттыру құралы.

Алдағы уақытта осы курсты ҚМИУ-дың барлық мамандықтарының студенттері біртіндеп өтуі жоспарлануда.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Бакалаврдан PhD докторға дейін

ҚМИУ «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистратура түлегі Галина Арбуз үш жыл бұрын Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетіне  (Алматы қ.) PhD- докторантураға жіберілді. Жақында ол «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша диссертация қорғады.

Галина Арбуз 2012 ж. Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иелене «Химия» факультетін бітірді, содан кейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетіне магистратураға түсті. 2014 жылы «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

2014 ж. қыркүйегінен 2017 ж. қыркүйегіне дейін Арбуз Г.С. Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің (Алматы қ.) «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «Химия және химиялық технология» факультетінің PhD-докторантурасында оқыды. Докторлық диссертация жаңа тасымалдағыштар мен поливалентті металдарға негізделген синергетикалық әсерде түрлендірілген электродтар әзірлеуге арналған.

Галина Арбуздың зерттеулері болашақта жаңа неғұрлым тиімді композициялық материалдар алуға, оларды электрохимиялық сенсорларды өндірудің органикалық пен органикалық емес сипаттағы қосылыстары ретінде электрокаталикалық процестерді синтездеу үшін қолдануға бағытталған. Соңғы бағыт әлемдік ғылыми ортада әсіресе өзекті болып табылады, өйткені поливалентті металдар және олардың оксидтері бар наноматериалдар негізінде тиімді сенсорлық жүйе синтезі, өсімдік шикізатының сорбциялық материалдарына оларды тұрақтандыру арқылы үлкен экономикалық перспективалар ашады. Осындай сорбциялық материалдардың көздері өсімдік қалдықтары болып табылады, қалдықсыз технологияларды құру үрдісін ескере кешенді пайдаланылудың маңызы зор.

Осы жұмыста электродтық композитті материалдарды шикізат ретінде алу үшін және оның одан әрі модификациясы ретінде, жақсы сорбциялық қасиеттері бар Қазақстанның қалпына келтірілетін өсімдік шикізаты мен құны төмен, тиімді болып табылатын күріш қауызы таңдап алынды.

Диссертацияның ғылыми кеңесшілері х.ғ.д., проф. Дүйсек Қайсағалиұлы Қамысбаев (Әл-Фараби ат. ҚазҰУ) және проф. Фриц Шольц (Грайфсвальд университеті, Германия) сөз сөйледі.

Оқу барысында Галина Арбуз Германияның ең көне университеттерінің бірі – Грайфсвальд Университетінде бірлескен ғылыми зерттеулер бағдарламасын орындаумен екі шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Қорғау сәтіне дейін физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері Орталығында жұмыс істеді, онда мемлекеттік гранттық қаржыландыру шеңберінде түрлі ҒЗЖ қатысты.

ҚМИУ баспасөз қызметі