“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Астанада 12 сәуірде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде оқулықтардың таныстырылымы өтті

Іс-шарада Мемлекет басшысына рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында аударылып, басып шығарылған 18 оқулық таныстырылды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала қазақстандықтар тарапынан кең қолдауға ие болғанын айтып, оның жекелеген бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

– Барлық өңір «Туған жер», «Киелі жерлердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобаларына атсалысып жатыр. Бір жыл ішінде меценаттар қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінді. 700-ден астам мәдениет ескерткіштері жөнделіп, қайта қалпына келтірілді. Жүздеген ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиін талқылау үдерісі біртұтас қоғамымыздың кемелденгенін танытатын тарихи қадамға айналғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы рухани жаңғыру аясындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор екенін айтты.

– Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітаптың таныстырылымына жиналып отырмыз, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті бұл шараның бүкіл әлеуметтік-гуманитарлық сала үшін маңызды екенін айтып, оның бірқатар ерекшеліктерін атап өтті.

– Бүгінгі алғашқы зияткерлік транш АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің ең үздік ғылыми еңбектерін қамтиды. Бұл кітаптармен танысуға мүмкіндік алған жастарымыз көп емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ұсынылған кітаптар қазақ тіліне түпнұсқадан аударылғанын айтты.

Елбасы бүгінгі іс-шара рухани жаңғыру бағдарламасының жаңа кезеңін бастайтынын атап өтті.

– Бұл – ауқымды энциклопедиялық ізденіс арқылы адамзат дамуының көкжиегіне жол ашатын кезең. Бүгінде зияткерлік даму үдерісінен туындаған тың серпіннің арқасында рухани революция бастау алып келеді, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда әлемнің дамуы көбіне инженерлік ғылымның әлеуетімен анықталатынына назар аударып, озық технологияларды пайдаланудың мақсаттарын ұғыну маңызды екенін айтты.

– Ғылыми таным – заманауи ұлттың бәсекеге қабілетті болуының басты шарты. Жаңа оқулықтар білімнің нағыз энциклопедиясы болып саналады. Бүгінде оқу әдісі ғана емес, сондай-ақ оның мазмұны да маңызды. Осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бес жылға арналған жалпыұлттық білім беру ісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы әлемдік тәжірибеде мұндай кешенді бағдарламаның іске асырылуы сирек кездесетінін атап өтті.

– Жаңа оқулықтар – эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Бұл оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта қол жетімді болмақ. Кітаптар латын қарпінде басып шығарылғаннан кейін, оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алатын болады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жобаны іске асырудың арқасында Қазақстанда аударма ісінің жаңа мәдениеті қалыптасқанын атап өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті еліміз бен қоғамымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторының маңыздылығы жөнінде айтты.

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылуда. Осы орайда, өскелең ұрпақтың оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқаны аса маңызды. Біз бүгін тәуелсіздік жылдары қалыптасқан ғылыми-кадрлық әлеуметіміздің зор екеніне тағы да көз жеткіздік, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы үштілділік қағидатын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, биыл бірнеше шетелдік оқулықты орыс тіліне де аудару мәселесін қарастыруды тапсырды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық аударма бюросына бірқатар нақты тапсырма берді.

– Біріншіден, 2018 жылға жоспарланған 30 кітаптың әрі қарай сапалы аударылуын және басылып шығуын қамтамасыз ету керек. Қаржыландыру уақтылы әрі толық бөлінуге тиіс. Келесі жылы аударылады деп жоспарланған оқулықтар өз уақытында іріктеліп, талдаудан өткізілуі керек. Екіншіден, бұл оқулықтарды білім беру үдерісіне тиімді түрде енгізу – маңызды міндеттердің бірі. Осы оқулықтар бойынша оқытылатын пәндер жаңа оқу жылының білім беру бағдарламаларына енгізілуі қажет. Үшіншіден, ғылыми тәжірибеде қолданылатын барлық терминдерді жүйелендіріп, гуманитарлық және экономикалық лексиканың жаңа түсіндірме сөздігін шығаруды тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті уәкілетті мемлекеттік орган мен Қазақстан Үкіметі тарапынан жобаның сапалы жүзеге асырылуына тиісті бақылау жасауды тапсырды.

– Төртіншіден, оқулықтар кәдімгі кітаптар сияқты басылып шығуы керек. Сонымен қатар онлайн білім беру ісін дамыту қажет. Қазір дамыған елдерде виртуалды университеттер бар. «Қазақстанның ашық университеті» жан-жақты қолдау табуы керек. Ашық лекциялар видеотекаларының және солардың негізінде дайындалатын оқулықтардың сапасын қадағалауға ерекше назар аудару қажет. Бесіншіден, «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми аударма мектептерін дамыту ісінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан аударма саласында тәжірибенің, білімнің және кәсіби дағдының жүйелі дамуын қамтамасыз ету керек, – деді Мемлекет басшысы.

Аударылған оқулықтардың толық тізімін мына жерден көруге болады.

Ақорда сайтының материалдарына негізделген

Хабар арнасының сюжеті

 

 

 

 

[/ru]
13.04.2018, 09:48:37, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Фибоначчи схемасы бойынша күн батареялары

ЭЭ-17қ тобының студенті Дмитрий Тарба ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша ғылыми жұмыстар мен шығармашылық жобалардың халықаралық байқауында ІІІ орынды иеленді.

Байқау 4-5 сәуірде Бөкетов ат.ҚарМУ-да өтті. Оған Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысты. Жұмыс бірнеше секцияда жүрді: «Компьютерлік графика және анимация, дизайн», «Инновациялық оқыту әдістері мен құралдары», «Web-ресурстар әзірлеу мен ақпараттық қауіпсіздік», «Бағдарламалау», «Мехатроника и робототехника».

ҚМИУ студенті Дмитрий Тарбаның «Фибоначчи схемасы бойынша әзірленген күн батареялары» жұмысы ІІІ дәрежелі дипломға лайық деп танылды. Оның ғылыми жетекшісі “Жаратылыстану-ғылыми пәндер” кафедра меңгерушісі м.а., ф-м.ғ.к., доцент Есенбол Хуанбай.

Дмитрий өзінің жұмысында күн энергиясын қолданудың баламалы тәсілі – кеңістікте күн панельдерін тиімді геометриялық орналастыруды ұсынды. Бірінші курс студенті жаңартылатын энергия көздерін құруға арналған жаңа форматты ұсынды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Зияткерлік ойын

Астанада 4-6 сәуірде Динара Сәдуақасова Кубогына студенттер арасында шахматтан дәстүрлі республикалық турнир өтті. Жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің командасы жарыстарға алғаш рет қатысты.

Динара Сәдуақасова – шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер, ҚР бірнеше дүркін және даусыз чемпионы, ООН Unicef балалар қорының Ізгі ниет Елшісі. Динара Сәдуақасованың Кубок Турниры Гумилев ат.Еуразия Ұлттық университетінің студенттік қоғамдастық бастамасымен 2013 жылы құрылған. Бұл жарыстар осы ЖОО қабырғасында жыл сайын Қазақстан Республикасының жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқитын күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін өткізіледі.

Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 33 команда қатысты. Әр команда құрамына 26 жастан аспаған екі ер бала және бір қыз кірді. ҚМИУ-дан жарысқа Василий Ким (ЕТБҚ-14 т.), Сұлтан Тұран (ЭЭ-17қ т.) және Айгерім Махметова (Қ-15қ т.) қатысты.

Турнир тоғыз турдан тұрды. Үш күннің әрқайсысында командалар бір-бірімен әрқайсысы ұзақтығы 15 минуттық үш ойында кездесті. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өткізілді, бұл қажет болған жағдайда жетіспейтін ұпайларды жинауға мүмкіндік берді.

– Жарыс қызықты өтті. Партиялар арасында үлкен үзілістер болды, сол кезде біз өз қателіктерімізді анықтауды, сөйлесуді, басқа қатысушылармен ойнауды жүзеге асырдық, – деді Василий Ким. – Біздің қарсыластар әртүрлі болды, бірақ тұтастай команда болған жоқ. Әр ойында мүмкіндіктер болды және күрес болды.

ҚМИУ командасы 21-ші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар біздің балаларымыздың жақсы дайындық деңгейін, сондай-ақ олардың университеттің атымен және логотипімен бірыңғай формасын атап өтті. Турнир соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

Фото с сайта https://kipyat.com

 


ҚИУ студенттері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы

6 сәуірде Қарағанды индустриялық университетінің 100 студенті Теміртау қ. әкімдігінің қолдауымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен ұйымдастырылған «Адал жол – Честный путь» атты жемқорлыққа қарсы марафонға қатысты. Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында өткізілетін акцияның негізгі мақсаттары – жемқорлықтың алдын алу, барлық құқық бұзушылықтардың нысандарында “мүлдем төзбеушілік” қағидатын, жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте теміртаулықтарды тарту, белсенді азаматтық позиция көрінісін көрсету.

Эстафетаны біздің қалаға Қарағанды берді. Теміртау әкімдігінің алдында митинг өтті, оған  қала әкімі Ғ.Әшімов, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің бастығы Ж.Сәрсенов, мемлекеттік қызметкерлер, қалалық мәслихат депутаттары мен студенттер қатысты. Митинг барысында ҚИУ өкілдері алаяқтық, парақорлық және лауазымды тұлғалардың сатылуын білдіретін әуе шарларын жарып жіберді. Осылайша, қыздар мен ұлдар Теміртау қаласының барлық жастарын республикалық акцияға қатысуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілермен бір қатарға тұруға шақырды.

Содан кейін ҚИУ студенттері мемлекеттік мекемелердің басшыларына сабын тілімдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белгісі ретінде таратып, әкімдіктің ғимаратында «Таза қолдар» акциясын өткізді. Бұдан басқа, жас адамдар Теміртау әкімінің, қалалық мәслихаттың хатшысы және барлық мемлекеттік органдардың басшылары кабинеттерінің есіктеріне «Мен пара алмаймын, бермеймін» ұраны мен сенім телефон тақтайшаларын бекітті. Осылайша, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты белсенді келіспейтін азаматтық ұстаным болды. Осы жерде айта кеткен жөн, ҚИУ студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған қалалық және облыстық байқаулардың бірнеше рет жеңімпазы болды.

Марафон қала бойынша автошерумен жалғасты. Автокөліктер мен автобустар мемлекеттік жалаумен, «Адал жол» жазуы бар жалаулармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға  қатысты ұрандармен Теміртау бойынша жүріп өтті.

Марафон 20 сәуірге дейін жалғасады. Оның аясында  байқаулар, акциялар, квест, флешмобтар, кездесулер өтеді, олардың негізгі мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Марафон форуммен аяқталады.

ҚИУ баспасөз қызметі

 

 


«Жұлдызды журналист»

Жас теміртаулықтар жаңадан бастаған журналистердің байқауына қатысты. Жұмысты бағалайтын қазылар алқасының бірі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің баспасөз хатшысы Светлана Егорова болды.

Т. Әубәкіров ат. гимназияда басшылығының бастамасымен жыл сайын “Жұлдыздар” балалар шығармашылығының фестивалі өтеді, биыл 13-ші рет. Осы іс-шара аясында «Өркен» шағын орталығында, Т.Әубәкіров ат. гимназияда және «Мирас» колледжінде шығармашылықпен айналысатын балалардың шығармашылығы әртүрлі номинациялар (вокал, суретші, журналист, балет, түпнұсқа жанр) бойынша бағаланады.

4 сәуір «Жұлдызды журналист» байқауында бірнеше жас категориясына бөлінген 18 колледж студенттері мен гимназия оқушылары өз шеберліктерін көрсетті. Жас журналисттер үйірмесінің жетекшісі және “Nomina” гимназия газетінің редакторы Татьяна Войтенко байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады. Қазылар алқасының құрамына Қарағанды облысының жазушылар Одағының мүшесі – Ольга Воротынская, ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығының «Елбасы және Теміртау» газетінің редакторы –  Андрей Каваев, ҚМИУ баспасөз хатшысы – Светлана Егорова, Т. Әубәкіров ат. гимназия кітапханашысы – Наталья Филиппова кірді. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың «визит карточкаларын» және портфолиосын, дипломдар мен жеке басылымдардың санын, сондай-ақ өлең шығару,  аббревиатурамен жұмыс істеу, лексикалық және грамматикалық қателіктері бар мәтінді түзету кезінде шығармашылық байқауда көрініс тапқан ойлау мен қиялын, эрудициясын бағалады. Бұдан басқа, сөйлеу дағдысының сауаттылығы, тез тіл табыса білуі және өзін көрсете білуі міндетті түрде бағаланды.

Бұл күні барлығы –7 жылдық тәжірибесі бар жас тілшілер де, олардан үлкенірек тәжірибелі әріптестерде тырысты. Бірінші рет емес қатысып отырған жетінші сынып оқушысы Дарья Молотовская мен төртінші сынып оқушылары Владислав Сурков, Артемия Уланов және Маша Криворучконы  ерекше атап өтуге болады, олар әртүрлі тақырыптарды қамти үнемі мектеп газетінде мақалалар жазады, көрермен алдында қорықпайды және жеткілікті шешен.

«Мирас» колледжінің студенті, бастауыш мектептің болашақ мұғалімі Галина Булгаковаға тең келер ешкім болмады, қазірдің өзінде нағыз журналист деп атауға болады. Ол жақында Астана қаласында өткен «Бақытты жұлдыз астында» атты БАҚ балалар мен жасөспірімдердің XIV Халықаралық медиа-фестивалінің «Жас тілші-2018» байқауында жеңімпаз атанды. Галя тек қана жақсы мақалаларды ғана емес, әртүрлі тақырыптар бойынша өлеңдерді де жазады.

Колледждің төрт курс студенті Юля Григорьева «Жұлдызды журналист» байқауына төртінші рет қатысуда. Сонымен қатар, онсыз  бірде-бір шығарма немесе эссе байқауы өтпейді. Өте белсенді және тез тіл табыса алатын Иван Баулиннің күші әр түрлі жанрлардағы жұмысқа жетеді. Оның театр ойынында және жастар ұйымдарындағы жұмысында үлкен тәжірибесі бар, бұл оған тек пайда әкеледі. Бұл жерде айта кету керек, Юля мен Иван «Бақытты жұлдыз астында» XIV Халықаралық медиа-фестивалінің медалімен марапатталды, сондай-ақ балалар өз материалдарын жариялайтын “Nomina” газеті БАҚ баспа арасында бірінші орынды иеленді.

ҚМИУ баспасөз хатшысы Светлана Егорова университет атынан арнайы сыйлықтарды Галина Булгакова, Иван Баулин мен Наил Гатаулинаға ұсынды, ол оның пікірінше, аса сенімді және кәсіби болды. Сонымен қатар, ол Галинаға қолдау мен жылжуға кепілдік бере отырып, ақпараттық порталдардың бірінде блог жүргізуді ұсынды.

Қазылар алқасының алдында қиын жұмыс тұрды: үздіктердің ішінен үздігін таңдау. Нәтижесінде «Жұлдызды журналист» байқауында өздерінің жас категориясында бірінші орынды Артем Трошин (7-9 жас), Вика Шатрова (10-12 жас), Дарья Молотовская және Эрика Толовова (13-15 жас), Наила Гатаулина (16-18 жас) және Галина Булгакова (18 жастан жоғары) иеленді.

Үштік жеңімпаздар барлық жас категориялары бойынша “Жұлдыздар” балалар шығармашылығының XIII фестивалінің барлық номинацияларында анықталатын болады. Марапаттау 21 сәуірде қалалық мәдениет Сарайы гала-концертте  өтеді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

06.04.2018, 10:35:28, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар