“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Тағы да – дін мен бейбітшілік туралы

Теологтардан құрылған облыстық ақпараттық-түсіндірме тобы 29 наурызда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу діннің, толеранттылықтың, мемлекеттің зайырлы негіздерін нығайту мен дамытудың, экстремизм мен радикализмнің, оның ішінде дін саласындағы көріністерімен күресу мәселелеріне арналды. Оған Қазақстан Республикасы дін және азаматтық қоғам істері жөніндегі Министрлігі, дін істері жөніндегі Комитетінің діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқарма басшысы М.Иманбаев, Қарағанды облысының Діни істер жөніндегі департаментінің басшысы Н.Бикенов, Теміртау қ. әкімінің әлеуметтік мәселелер және ішкі істер жөніндегі орынбасары Д.Есімханов, халықты жұмыспен қамту қалалық бөлімінің аға маманы Д.Саттыбаева қатысты.

Барлық сөз сөйлеушілер студенттердің ерекше назарын Қазақстан – зайырлы мемлекет, онда білім беру мекемелерінде діни атрибуттар мен діни киімдер киюге жол берілмейтініне аудартты. Жастарға діни сипаттағы сұрақтар туындаған жағдайда қайда хабарласуға болатыны туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, кездесу қатысушылары сенім телефондарын, жергілікті атқарушы билік органдарының байланыс номерлерін және т.б. хабарлады.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша «2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының діни саладағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы» әзірленіп, 2017 жылдың маусым айында бекітілген. Бұл құжатта қысқа, бірақ дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың үрдістері мен пайымының ағымдағы жағдайдың мазмұнды талдауы берілген. Осы құжатпен бірге “Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын әзірлеу қатар жүрді. Ол ағымдағы жылдың қаңтарында Мәжіліс депутаттарына ұсынылды және қазір қоғамның және конфессиялардың пікірін ескере отырып өңделуде.

ҚР Президентінің бес жаңа әлеуметтік бастамасы әлеуметтік-экономикалық негізді нығайтуға бағытталған, бұл азаматтардың сана-сезіміне әсер ететін деструктивті діни ілімдердің жақтастарына қарсы тұруға ықпалын тигізеді. Басым бағыттардың бірі азаматтық қоғам институттарын тарта отырып, халық арасында алдын-алу жұмыстарды қамтамасыз ету болып табылатындығын ескере отырып, Қарағанды облысында ақпараттық-түсіндірме топтар мүшелерінің халықпен кездесулері ұйымдастырылды. 29 наурызда кездесу ҚМИУ-да ғана емес, сонымен бірге қаланың басқа да ұйымдарында өтті.

Университет студенттері баяндамашыларды қызығушылықпен тыңдады, содан кейін оларды қызықтырған сұрақтарды қойды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


ҚМИУ студенттері «Жас Отан» жастар қанатының IV съезінің онлайн-көрсетілімінің қатысушысы болды

Астанада 28-29 наурызда «Біз әлемді өзгертеміз» ұранымен «Нұр Отан» партия жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті съезі өтті. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 1500-ден астам делегат қатысты. 29 наурызда ҚМИУ студенттері съездің жұмысын онлайн-көрсетілімінде көрді.

Съездің алғашқы күні «Jas Otan conf» конференциясының форматында ұйымдастырылды, онда қатысушылар ғылымға, білім беруге, инновацияларға, кәсіпкерлікті дамытуға, цифрландыруға,  сондай-ақ Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыруға қатысты ең өзекті мәселелерді қарады. Конференциядан кейін “жас отандықтар” бірнеше командаларға бөлінді, олардың әрқайсысы “Рухани жаңғыру”, “Цифрлы Қазақстан”, “Қазақстанда жасалған”, “Білім. Ғылым. Инновациялар”, “Дені сау ұлт” сияқты өзекті тақырыптар бойынша нақты жағдайларды сипаттайтын мысалдар алды. Қатысушылар жағдайды зерттеді, мәселе індетімен және ықтимал шешімдер ұсынды. Съездің бірінші күнінің жұмыс барысында қорытынды құжат әзірленді, онда сессияларда айтылған барлық ұсыныстар көрсетілді.

Екінші күні өткен «Біз әлемді өзгертеміз» Гала-форумы шарықтау шегі болды. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үндеу жолдады. Президент үндеуін ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова оқыды.

– «Жас Отан» – менің барлық бастамаларымды, стратегиялық жоспарларымды қолдайтын және менің саясатымның тірегі болып табылатын мыңдаған белсенді жас патриоттарды біріктіретін қозғалыс. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі басты назарда болды және осы салада ондаған бағдарлама жүзеге асырылды. Жастар осы жұмыстың нәтижелерін біліп, біздің қамқорлығымызды сезінетініне мен кәміл сенімдімін, – деп атап өтілген жастарға үндеуінде.

Мемлекет басшысы жас қазақстандықтарды спортпен шұғылдануға, шет тілдерін үйренуге, сондай-ақ отандық және әлемдік әдебиеттердің мұраларын зерделеуге шақырды.

Қоғамның, тарихтың, ғылымның және мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан заманауи, табысты, жас қазақстандықтар съезд қатысушыларымен өз жетістіктерінің рецептерімен бөлісті. Съезде металлургия комбинатының (Теміртау қ.) домна пештерінің газ жағушысы, Қостанайдан эндоскопист-дәрігер, жас кәсіпкер, Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, “Air Astana” компаниясының ұшқыштары, сондай-ақ «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының қатысушылары және басқа да көптеген сөз сөйледі.

Съезд делегаттарына сондай-ақ, “Нұр Отан” партиясының төрағасының бірінші орынбасары М. Әшімбаев жастарға арнап сөз сөйледі, ол Мемлекет басшысы жас ұрпаққа үлкен көңіл бөлетінін, Тәуелсіздіктің барлық жылдарында еліміздің ең маңызды стратегиялық және адами ресурстары ретінде жастарға назар аударатынын атап өтті.

– Алдағы кезеңде «Жас Отан» өз қызметінің тиімділігін арттыруға тиіс. Біздің  жобалар ойластырылған, түсінікті болуы керек және нақты нәтижелер әкелуі тиіс. «Жас Отан» – шығармашылық пен креатив аумағы. Егер елде мәселелер бар болса, егер жастар қиындықтарға тап болса онда олар туралы алдымен “Жас Отан” айтуы керек. Менің ойымша, бұл съезді «Жас Отан» дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы деп қарауға болады. Креативті, шығармашылық, өнімді және ең бастысы, ел үшін пайдалы кезең, – деді М.Әшімбаев.

Қазақстанда алғаш рет “Жас Отан” съезі  «Үшінші жаңғыру» деп жарияланған рухына толық сәйкес келетін VR (virtual reality) форматында жүргізілді. Бір қызығы, әлемдегі кез-келген интернет пайдаланушысы нақты уақыт режимінде Қазақстан астанасындағы жастар форумын көріп және қатыса алды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

nur.kz  сайтының материалы бойынша


Наурыз – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі

Жарқын және көңілді Наурыз мейрамы – ҚМИУ басшылығының, оқытушылар мен студенттердің мейірімді дәстүрі. Биылғы жылдың 22 наурызында «Металлург» стадионының алдындағы алаңда университеттің өкілдері құрған киіз үйде Теміртауда тұратын этностардың құрастырған шығармашылығы ұсынылды.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесі өз жұмысын жүргізеді, мерекеде құрылған киіз үй Теміртау қаласының этномәдени бірлестіктерінің салт-дәстүрлерін насихаттауға бағытталған. Кіреберісте қонақтарды этномәдени орталықтардың өкілдері және ҚМИУ профессорлары ұлттық киімде қарсы алды.

Бұл күні киіз үйде қолданбалы шығармашылық заттардың көрме-жәрмеңкесі болды, онда  киізден және теріден жасалған бұйымдар, қолдан жасалған сабын, фетрден және тұзды қамырдан жасалған кәдесыйлар, сондай-ақ әдемі қиық көрпешелер, шебер қолөнершілердің қолымен дайындалған сәукеле және той көйлектері ұсынылды. Бұдан басқа, қаланың этномәдени бірлестіктері өздерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырды, қала тұрғындарын өздерінің ұлттық тағамдарымен тамақтандырды. Домбырада күй тарту мен шашу әдет-ғұрыпсыз өтпеді.

Қонақтар ежелгі түркі әдет-ғұрыптарының бірі – сәттілік үшін түйіндер тоқу бойынша шебер-сыныбынан өтті. Бұл шеберлікті меңгергендер қатарында Теміртау қ. басшысы Г.А.Әшімовте болды. Бұдан басқа, қала тұрғындарына киізден құрғақ майлау бойынша шебер-сыныбы берілді.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні –

Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Ғасырлар қойнауынан тамыр тартып, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерінен негіз алған Наурыз мейрамы күні бүгінге дейін жасампаздық пен жаңғырудың белгісіндей болып келеді. Сол себепті, біз оны тұңғыш Президентіміз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан жаңашыл реформалармен байланысты қол жеткізетін жаңа табыстарды күтетін мереке деп сеніммен айта аламыз.

Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, баянды ғұмыр, бақ-береке  тілейміз.

Наурыз мейрамы әрбір үйге қуаныш, бейбіт өмір, тыныштық және мол табыс әкелсін.

Қарағанды мемлекеттік

индустриялық университетінің ректоры                                                                           Б.  Жаутиков


ҚИУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде бірыңғай ақпараттық сағат өтті

14 наурыз Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде бірыңғай ақпараттық сағат өтті. Шараға Қарағанды индустриялық университетінің екі жүзден астам студенті қатысты.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Астана қ. уақыты бойынша сағат 11.00-де университетте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» атты тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. ҚИУ тәрбие ісі және жастар саясаты Департаментінің директоры М.Салпенова және «ҚТжӘГП» кафедрасының оқытушысы М.Солтан студенттерге сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және алдын алудың маңыздылығы туралы ақпарат берді. Содан кейін жақында “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” атты университеттік эссе конкурсының жеңімпаздары болған бірінші курс студенттері Мақсат Тұрымов, Ақнұр Хишат және Мейрамгүл Абдулова өздерінің жұмыстарымен ұсынды.

Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде іс-қимылдың тиімділігі туралы өз пікірлерін білдірді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілетін шаралардың маңыздылығын атап өтті, осындай алдын-алу жұмыстарын балабақшадан бастауды,  сондай-ақ жемқорлар үшін жауапкершілікті күшейтетін шаралар енгізуді ұсынды. Әрбір қазақстандық ең алдымен, өзінен бастауы  керек деген пікірлер айтылды. Егер қандай жағдай болмасын пара алмайтын және бермейтін болса, онда уақыт өте келе бұл зиянды құбылыс қоғамда жойылады.

ҚИУ баспасөз қызметі

 

14.03.2018, 16:02:35, Баспасөз-орталығы, көшу → Тараулар: Жаңалықтар