Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → «Аяз Атадан сыйлық»Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ертеден дәстүрге айналған «Аяз Атадан сыйлық» науқаны басталды. Бірнеше жыл бойы оның бастамашылары «Қамқор» еріктілер орталығының және Жастар ісі жөніндегі комитеттің өкілдері. Науқан барысында студенттер мен мұғалімдер ақшалай қаражат жинайды, оған сосын теміртаулық «Айналайын» балалар үйінің және кәмелетке толмағандарға арналған бейімделу орталығының тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлықтар сатып алынады. Сонымен қатар, еріктілер сусабын, сабын, әтір және дезодоранттар алады. Бірақ, тек тәттілер мен гигиеналық заттарды жеткізумен шектелмейді. ҚМИУ студенттері түрлі тақырыптар бойынша концерттік бағдарлама мен ойындар дайындайды. Науқанға барлық факультеттердің декандары да белсене қатысады. Мысалы, өткен жылы балаларға сыйлықтар беру үшін өздері балалар үйіне барды. Науқанға ҚМИУ кез-келген студент немесе оқытушы қатыса алады. Көп ұзамай, университеттің ескі және жаңа ғимараттарында ақшаны жинау үшін арнайы қораптар орнатылады. Сонымен қатар еріктілер ойыншықтар мен тәттілерді жинайды. Жаңа жылға дейін қалған уақыт көп емес, сондықтан жақсылық жасауға және күлкі сыйлауға асығыңыз! ҚМИУ баспасөз қызметі
ҚМИУ қаланың орта мектеп оқушыларына арналған олимпиада өтіп жатыр
7 желтоқсанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің он үш аудиториясында олимпиада басталды, онда төрт жүзден астам теміртаулық оқушылар қатысуда. 9-11 сынып оқушылары химия, физика, биология, математика, информатика, Қазақстан тарихы, география, сондай-ақ ағылшын, неміс, орыс және қазақ тілдерінен сұрақтарға жауап береді. Қатысушыларды университет, колледж және мектеп мұғалімдерінен тұратын қазылар алқасы бағалайды. ҚМИУ баспасөз қызметі
Студенттер – халық көңілді және тапқыр«ҚМИУ құрама» КТК командасы Ақмола КТК лигасының әкімінің жабық Кубогы мен Қарағанды облысы әкімінің Кубогы ойындарына қатысты. ҚМИУ студенттері және «Жайдарман» КТК-ның қазақ лигасының бірнеше өкілдері, барлығы 12 адам – 28 қарашада Көкшетауда Ақмола КТК Лигасының директоры А.Буровтың шақыруымен Қарағанды облысының атынан қатысты, теміртаулықтарды олардың ширек финалда сәтті ойын кезінде байқаған. Тәжірибелі ойыншылармен бірге жаңадан қатысушы – жақында университетте өткен «Магнитка» лигасының Күзгі кубогында дебют жасаған және «Үздік әзіл» номинациясында жеңімпаз атанған «Железнорожденные» КТК командасы сахнаны бағындыруға аттанды. – Көкшетауда Омбы, Петропавл, Қостанай, Көкшетаудан 12 команда кездесті. Қарағанды облысы атынан жалғыз біз ғана, – дейді біздің ойыншылар. – Көптеген командалармен осындай үлкен сахнаға шыққандықтан, баға жетпес тәжірибе алдық. Сонымен қатар, ТМД-ға белгілі “КВН Каzaхи” командасының бұрынғы ойыншысы, Ярослав Мелехинмен әңгімелестік. Ал 5 желтоқсанда біздің команданы кезекті ойындары күтті. Қарағандыда «ҚМИУ командасы» облыс әкімінің Кубогында үшінші орын алды. Енді «ҚМИУ құрама» командасы 20 желтоқсанда Көкшетау қаласында өтетін Ақмола КТК лигасының финалына дайындалуда. ҚМИУ баспасөз қызметі ҚМИУ студенттері бағдарламалау бойынша әлемдік чемпионаттың жартылай финалына қатысты
2-3 желтоқсанда Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында студенттік IT-олимпиадалар саласындағы ең маңызды және ірі іс-шаралардың бірі – Association for Computing Machinery ICPC университеттер студенттері арасында бағдарламалау бойынша 41-ші әлемдік құрамалық чемпионаттың жартылай финалы өткізілді. Оған ҚМИУ командасы қатысты. Association for Computing Machinery (ACM) халықаралық ұйымы 1947 жылы әлемдегі бірінші ENIAC компьютерін құрастырған Филадельфиядағы Пенсильвания Университетінің қызметкерлерімен құрылды. Қазіргі уақытта ACM компьютерлер мен бағдарламалау саласында әлемдегі ең беделді халықаралық ұйым болып табылады. Әлемдік құрамалық чемпионат алғаш рет 1977 жылы өткізілді. Биылғы жылы жартылай финал жарыстары өткізілген Солтүстік-Шығыс Еуропа аймағының төрт қала базасы: Санкт-Петербург, Барнаул, Тбилиси және Алматы. Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Латвия және Қырғызстаннан 300-ге жуық команда қатысты. Қазақстаннан 32 команда қатысты, оның ішінде екеуі ғана Қарағанды облысынан біздікі де бар. Жарыс екі күн ішінде өткізілді. Ширек финалда болғандай, студенттерге 12 тапсырма және оларды шешу үшін бес сағат ұсынылды. Өкінішке орай, ҚМИУ командасының нәтижелері келесі кезеңге өту үшін жеткілікті болмады, бірақ жарыстарды ұйымдастыру комитетінің өкілдерінің айтуы бойынша біздің студенттер лайықты нәтиже көрсетті. ҚМИУ баспасөз қызметі
|