“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Хабарландыру!

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!!!

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту ережелері өзгертілді!!!

Құжаттарды тапсыру мерзімдері қысқартылды!!!

Ақылы негізде оқитын студенттер бағдарламаға қатыса алады!!!

IELTS және TOEFL сертификаттарын беру міндетті емес!!!

Ниет білдірген барлық студенттер шұғыл түрде 2.02.2019 ж. дейін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне, Н-210 кабинетке келуі керек!!! 

 

30.01.2019, 11:48:43, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Объявления, Студентам

«Болашақ мамандықты таңдау»

Қарағанды мемлекеттік индустриалдыуниверситеті «Болашақ мамандықты таңдау» аясында Теміртау қаласы мектептерінің және Ақтау кентінің 9-11 сынып оқушылармен кездесулері жалғастыруда.

Осы жылдың 25 қаңтарында Университет қызметкерлері Ақтау кентінің №28, 29, 32 орта мектебінің түлектерімен кездесті. Кездесу барысында университет өкілдері түлектерді университеттің, ҚМИУ колледжімен мамандықтарымен таныстырды және барлық үміткерлердің сұрақтарына толық түсініктеме берді.

Бұл кездесулер мектеп бітірушілеріне болашақ мамандықты тандауға, нақты мамандықтың мүмкіндіктерін білу және студенттік өмірдің атмосферасына ену.

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті барлық білдірушілер үшін әрдайым ащық және жоғары сапалы қажетті білім алуды ұсынады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Қарағанды қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы АНК кафедрасының меңгерушісі Жанабергенова Д.К. қатысуымен 2018 ж. қорытындысына арналған отырысы өтті.

2019 жылы 23 қантарда Қарағанды қаласының Достық уйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы АНК кафедрасының меңгерушісі Жанабергенова Д.К. қатысуымен отырыс өтті.

Отырыстың модераторы Қарағанды облысы ҚХА ҒСТ-ның төрағасы Вилен Борисович Молотов-Лучанский 2018 ж. жұмыс қорытындысын шығарды, сондай-ақ 2019 ж. жоспарлары мен жұмыс бағыттарын айтты.

Сессияның күн тәртібінде 2019 ж. ҒСТ-на арналған жұмыс бағыттары талқыланды:

– ҚР Президенті Н.Ә. назарбаевтың жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»;

– Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары» атты халыққа үндеуі;

– Мемлекет басшысынң «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы;

– Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы;

– Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-білім беру жобасын іске асыру;

– Әлеуметтік зерттеулер жүргізу: «Студенттердің өңірдегі құндылықты бағдарлау».

Кездесу барысында 2019 ж. Қарағанды обылысы Қазақстан халқы Ассамблеясынның ғылыми-сараптамалық тобының құрамын және жоспарын бекіту туралы сөз болды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

29.01.2019, 09:10:33, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Хабарландыру!

Қарағанды ​​мемлекеттік индустриалық университеті 2019-2020 оқу жылының күзгі семестріне академиялық ұтқырлық аясында студенттер арасында шетелде оқуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.

 

Конкурсқа 1 және 2 курс студенттері қатыса алады

Талапкерлерді іріктеудің негізгі талаптары және міндетті талаптар:

  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (нотариуспен расталған түстік көшірме);
  • ағылшын тілін білу деңгейін растайтын халықаралық деңгейде мойындалған сертификат (егер сізде IELTS 5.0 немесе одан жоғары, TOEFL 35-44 немесе одан жоғары)

 

Барлық сұрақтар бойынша Н-210 кабинет, Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуларынызға болады. Телефон: 8 (7213) 92-05-94

24.01.2019, 17:12:41, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Жастар жылының ресми басталуы!

23 қаңтарда ҚМИУстуденттері Жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне онлайн тәртібінде қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды, жыл бойы мемлекеттік жастар саясатын қолдау және жүзеге асыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылады.

Іс-шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Үкімет мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа тұлға» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, студент және жұмысшы жастар қатысты. Салтанатты ашылу рәсімінде түрлі салаларда табысқа қол жеткізген жарқын жастар және шығармашылық өкілдері сөз сөйледі.

Салтанатты рәсім барысында елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыруға жол ашылды. Мемлекет басшысының қолдауымен ауылдық жерлердегі әлеуметтік ортаны жаңғыртуға бағытталған “Ауыл – Ел бесігі” арнайы жобасы  іске қосылды. Сонымен бірге балалар-жасөспірімдерге арналған скаут қозғалысына ұқсас “Сарбаз” бірлестігі мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беруді жүзеге асырады.  Нұрсұлтан Назарбаев  «Өзіңнің туған жеріңді тану» жаңа бастама шеңберінде еліміздің өңірлері бойынша жаппай туризмді дамытуды ұсынды. Сонымен бірге, Қазақстанда төрт мақсатты: білім беру, тұрғын үй, денсаулық сақтау және патриоттық тәрбиені жүзеге асыруға бағытталған жастар үшін арнайы мемлекеттік бағдарламаны қабылдайды.

Сарбаз балалар-жасөспірімдер ассоциациясы да балалар скаут қозғалысына ұқсас болады, мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беруге назар аударылады. Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздің жеріңді біл» атты бастамасы аясында еліміздің аймақтарында жаппай туризмді дамытуды ұсынды. Бұдан басқа, Қазақстанда төрт мақсатты: білім беру, тұрғын үй, денсаулық сақтау және патриоттық тәрбиені жүзеге асыруға бағытталған жастар үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданды.

Университет студенттері Жастар жылында жастар бастамаларын қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күні елде әлеуметтік жаңғыртуға, инновациялық индустрияландыруға және өзара тиімді экономикалық интеграциялауға бағытталған жаңа ауқымды міндеттер қойылған кезде, жастар көшбасшыларының рөлі аса маңызды және қажеті, өйткені кез келген мемлекеттің стратегиялық дамуы жастар көшбасшылары, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың күш-жігерінсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Қазақстандағы Жастар жылының басталуы жастар саясатының мүдделері шеттте емес, мемлекеттің тікелей назарында тұрған басымдықтарының бірі екенін айқындайды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 

 

23.01.2019, 20:00:42, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар