Зияткерлік ойын
[Дата публикации: 09.04.2018, 15:21:42, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Астанада 4-6 сәуірде Динара Сәдуақасова Кубогына студенттер арасында шахматтан дәстүрлі республикалық турнир өтті. Жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің командасы жарыстарға алғаш рет қатысты.
Динара Сәдуақасова – шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер, ҚР бірнеше дүркін және даусыз чемпионы, ООН Unicef балалар қорының Ізгі ниет Елшісі. Динара Сәдуақасованың Кубок Турниры Гумилев ат.Еуразия Ұлттық университетінің студенттік қоғамдастық бастамасымен 2013 жылы құрылған. Бұл жарыстар осы ЖОО қабырғасында жыл сайын Қазақстан Республикасының жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқитын күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін өткізіледі.
Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 33 команда қатысты. Әр команда құрамына 26 жастан аспаған екі ер бала және бір қыз кірді. ҚМИУ-дан жарысқа Василий Ким (ЕТБҚ-14 т.), Сұлтан Тұран (ЭЭ-17қ т.) және Айгерім Махметова (Қ-15қ т.) қатысты.
Турнир тоғыз турдан тұрды. Үш күннің әрқайсысында командалар бір-бірімен әрқайсысы ұзақтығы 15 минуттық үш ойында кездесті. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өткізілді, бұл қажет болған жағдайда жетіспейтін ұпайларды жинауға мүмкіндік берді.
– Жарыс қызықты өтті. Партиялар арасында үлкен үзілістер болды, сол кезде біз өз қателіктерімізді анықтауды, сөйлесуді, басқа қатысушылармен ойнауды жүзеге асырдық, – деді Василий Ким. – Біздің қарсыластар әртүрлі болды, бірақ тұтастай команда болған жоқ. Әр ойында мүмкіндіктер болды және күрес болды.
ҚМИУ командасы 21-ші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар біздің балаларымыздың жақсы дайындық деңгейін, сондай-ақ олардың университеттің атымен және логотипімен бірыңғай формасын атап өтті. Турнир соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 746