“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті магистратураның 7 білім беру бағдарламасы және докторантураның 2 білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады.

Университетке түсу процесі “Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережелерімен” регламенттеледі.”. 

ҚМИУ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсетеді.

1. Магистратура-тиісті білім беру бағдарламасы бойынша “магистр” дәрежесін бере отырып, кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі.Магистр-магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға берілетін дәреже.

Магистратурада кадрлар даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
оқу мерзімі 1 жылдан кем емес (1-1,5 жыл));
оқу мерзімі 2 жыл ғылыми және педагогикалық.

Бейіндік магистратура экономика, медицина, құқық, өнер, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады. Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламалары оқытудың қолданбалы сипатына ие, басқару дағдыларын дарытуға және кәсіби менеджерлерді (басқару қызметінің барлық аспектілері бойынша жалпы бейіндегі жетекшілерді) даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Ғылыми және педагогикалық магистратура терең ғылыми-педагогикалық дайындыққа ие жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми сала жүйесі үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асырады.

Алдыңғы білім деңгейі: магистранттың магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру үшін қажетті барлық пререквизиттері болуы тиіс. Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда магистрантқа оларды ақылы негізде меңгеруге рұқсат етіледі. Магистрант пререквизиттерді толық игергеннен кейін магистратурада оқуын бастайды.
Магистратурада оқу тек күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.

Магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысын жүзеге асыру шеңберінде міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту көзделеді.

Магистратура түлектерінің іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруі, ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында құзыретті болуы, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді қалыптастыра және шеше білуі, жоғары оқу орындарында оқыта білуі, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруы тиіс.

2. Докторантура – білім беру бағдарламалары ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім.Доктор по профилю – кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде диссертация қорғаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған адамдарға берілетін дәреже.

Докторантурада оқу мерзімі-3 жыл.