ТҮСУ ТӘРТІБІ
Ұлттық бірыңғай тестілеу – ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
ҰБТ өткізіледі:
- ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
- республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
- ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
- ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.
Өткізу формасы: тестілеу.
Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.
Өтініш қабылдау мерзімі | Тестілеу мерзімі | Қатысушылар |
24 желтоқсан –21 қаңтар | 25 қаңтар – 22 ақпан | 1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары |
2) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін | ||
3) ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар | ||
4) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және “Педагогикалық ғылымдар” білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғаларға өткізіледі. | ||
20 февраля – 10 марта
|
1-31 марта
|
1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары |
2) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері | ||
3) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар | ||
4) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін | ||
28 апреля-14 мая
|
16 мая-5 июля
|
1) қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері |
2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері | ||
3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері | ||
4) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар | ||
5) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін | ||
15 – 30 июля
|
10 – 20 августа
|
1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері |
2) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері | ||
3) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар | ||
4) ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар | ||
5) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және “Педагогикалық ғылымдар” білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғаларға өткізіледі | ||
6) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін |
*Қазіргі таңда Қағидаларға ҰБТ-ны өткізу мерзімі бойынша өзгерістер енгізілуде.
Тестілеуге қатысу бағасы – 4230 теңге. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді тестілеуге қатысуға онлайн өтініш беру кезінде банк картасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн режимде жасайды.
ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Барлық тест тапсырмалар саны —120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут)
Апелляция: қарастырылған.
ҰБТ қорытындысы бойынша ақпарат:
Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) еліміздің 51 ҰБТ өткізу пункттерінде (бұдан әрі – ҰБТӨП) ағымдағы жылдың 6 мамыр – 1 шілде аралығында, онлайн форматта «1 компьютер – 1 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізілді. ҰБТӨП – 51, оның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда – 4 пункт, облыс орталықтарында – 14 пункт, моноқалаларда – 4 пункт, аудан орталықтарында – 29 пункт.
ҰБТ-ға қатысуға барлығы 285 164 адам, оның ішінде 216 643 (76%) қазақ тілінде, 67 801 (23,7%) орыс тілінде, 720 (0,3%) – ағылшын тілінде тест тапсыруға өтініш берді.
ҰБТ-ға өтініш берген тапсырушылардың жалпы санының 94%, яғни 267 731-і қатысты (2018 жылы – 96,3%, 2019 жылы – 94,2%, 2020 жылы – 92%), оның ішінде 205 273 (76,6%) – қазақ тілінде, 61 864 (23,1%) – орыс тілінде, 594 (0,22%) – ағылшын тілінде.
SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар қалауы бойынша ҰБТ тапсырудан босатылады және Үлгілік қағидаға сәйкес білім беру грантын беру конкурсына қатыса алады және (немесе) ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдана алады.
SAT (САТ) балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру SAT reasoning (САТ ризонинг) және SAT subject (САТ сабджект) сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылды.
Жалпы саны 116 түсушіден (SAT (САТ) – 107, ACT (ЭйСиТи) – 9) халықаралық стандартталған сертификаттарын ҰБТ балдарына ауыстыру туралы өтініш түсті.
Тексеріс нәтижесінде 104 түсушінің сертификаты ҰБТ балына ауыстырылды (SAT (САТ) – 96, ACT (ЭйСиТи) – 8).
Түсушілер тестілеуге өтінішті https://app.testcenter.kz/auth ҰТО сайты арқылы онлайн режимде берді.
Колледж түлектеріне ЖОО-ға қысқартылған оқу мерзіміне ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ сертификаты талап етілмейді.
Қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттар тізімі:
- арнайы бланкта қабылдау туралы өтініш
- білім туралы құжат қосымшасымен бірге (құжаттың өзі);
- білім грантын беру туралы куәлік (бар болса);
- 3х4 өлшеміндегі 6 фотосурет;
- 075/у үлгідегі медициналық анықтама ФШК суретімен;
- жскс куәлік/жекс куәліктің көшірмссі – 3 дана; мрук
- жігіттер үшін әскери тізім куәлігінің көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
- құжат тігілетін мұқаба; файл – 3 дана; конверт.