“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Президент– менің тағдырымда

IMG_7519IMG_7523

1 желтоқсан елеулі күндер күнтізбесінде – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күні.Еліміздің барлық азаматтары бұл мерекені Мемлекет басшысының Жолдауын және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясат стратегиясын жалпы талқылау жағдайында қарсы алады.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің профессор-оқытушылар ұжымы мен студенттік қауымдастығы үшін ҚР Президентінің Күні аса маңызды мереке, себебі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің университетіміздің қабырғасында күрделі металлург мамандығының негізін алды. Тұңғыш Президент жоо-да жұмыс істеу және оқу тек құрмет ғана емес, сонымен қатар өте жауапты.Барлық факультеттерде, оқу топтарында жиналыстар, кафедра отырыстары, кураторлық сағаттар өтеді.

21 қараша күні ҚМИУ тарих мұражайында Қарағанды облысының «Жас Отан» жастар қанатының басшылары мен біздің университетіміздің қатысуымен ұйымдастырылған Нұрсұлтан Әбішұлының сыныптасы – Омашев Қуаныш Омашұлымен студенттердің кездесуі өтті.  Мұражайдың жағдайы, оның орталық бөлігі «Біздің Президент! Біздің көшбасшы! Біздің түлек!» экспозициясы болып табылады, онда Н.Ә.Назарбаевтың үлкен қоғамдық қызметі, еңбек жетістіктері, студенттік жылдары туралы қызықты, бейресми ақпарат орналасқан.

Қ.О. Омашев студенттермен Н.Ә.Назарбаев жанында оқу, жұмыс істеу,  өмір сүру бақыты кімге бұйырғаны, олар не туралы армандайтыны,  өткен уақыт сынынан өткені, достықтың қалай қалыптасқаны, алғашқы қазақстандық металдың қалай оңай емес балқытылғаны туралы өз естеліктерімен бөлісті. Ал барлығында бір арман – Көшбасшы деп танылған – Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен біздің Отанымыздың өркендеуі мен гүлденуінің кепілі – бейбіт аспан, барлық халықтардың тұрақтылығы мен үйлесімі.