“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ғылыми жұмысы

Кафедраның ғылыми қызметі кафедра мен университеттің келешегі зор және ағымдағы даму жоспарларына негізделген.

Кафедра іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламалары бойынша ҚР БҒМ бөлетін гранттар негізіндегі әр түрлі байқауларға тұрақты түрде қатысады. Аталған байқауларға оқытушылармен қоса кафедраның магистранттары мен студенттері де ат салысады.

Кафедра ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға бағытталған республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру бойынша байқауларға да қатысады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми мақалалар, өнертабысқа өтінімдер, әр түрлі деңгейдегі (оның ішінде халықаралық деңгейдегі) ғылыми-техникалық конференцияларда жасалатын баяндамалар түрінде рәсімделіп баспаға шығарылады.

5-ші халықаралық конференцияның қатысушылары. Металлургия секциясы. ҚМИУ. Қазан, 2009 жыл.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері республикалық, шетелдік журналдарды, еңбектер жинақтарында тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Кафедра оқытушылары мен магистранттары өнертапқыштық жұмыспен белсенді түрде айналысады.

Кафедраның ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:

• Қарқынды пластикалық деформация әдістерімен наноқұрылымды материалдар алу технологияларын әзірлеу, жетілдіру және тәжірибелік-өндірістік жағдайда сынау.

• Субультраұсақтүйіршікті құрылымға ие және механикалық қасиеттері жоғары металл алу мақсатында қарқынды ығысу деформацяларын іске асыратын калибрленген біліктерде дайындамаларды таптау технологиясын әзірлеу және жетілдіру.

• «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жағдайында, берілген құрылым мен қасиеттерге ие ыстықтай және салқындай тапталған қаңылтырлы металл өндіру үшін толассыз құйылған дайындамалардың пластикалық қорын пайдалану.

• Шамалы энергия және еңбек шығындарында субультраұсақтүйіршікті құрылымға ие және механикалық, сондай-ақ пайдаланушылық қасиеттері жоғары металл бұйымдарын алу мақсатында қарқынды пластикалық деформацияларды іске асыратын құралда метадар мен қорытпаларды соғудың технологиясын әзірлеу.

• Пластикалық деформациялауға ұшырау қабілетін қамтамасыз ету және жоғары деңгейде физикалық-механикалық сипаттамалар беру мақсатында Al-Si-Fe қорытпа жүйесін алу және деформациялау технологиясын әзірлеу және жетілдіру.

• Қарқынды пластикалық деформациялауға ұшырау қабілетін қамтамасыз ететіндей оңтайлы химиялық құрамы бар Al-Si-Fe қорытпа жүйесін алудың теориялық және технологиялық негіздерін әзірлеу.

• Білік құралында қарапайым ығысу схемасын іске асыру есебінен жоғары деңгейдегі физикалық-механикалық сипаттамаларға ие призма тәрізді дайындамаларды алудың теориялық және технологиялық негіздерін әзірлеу.

• Материал және энергия шығындарын барынша азайта отырып сапасы жоғары сым таптамаларын алу мақсатында ыстықтай таптаудың инновациялық технологиясын әзірлеу және зерттеу.

Соңғы жылдары кафедрада наноқұрылымды материалдар алуға мүмкіндік беретін технологиялар мен құралдарды әзірлеу мен зерттеу жұмыстары сәтті жүзеге асырылуда. Аталған ғылыми бағыт кафедралық, сондай-ақ ҚР мемлекеттік бюджетінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу тақырыптары мен бағдарламалары, оның ішінде іргелі зерттеулер бойынша республикалық бағдарламалар шеңберінде іске асырылып жатыр.

Аталған бағытта жасалған ғылыми зерттеулердің орындалу нәтижелері ретінде кандидаттық, докторлық және магистрлік диссертациялардың қорғалуын, әр түрлі ғылыми еңбектер жинақтары мен ғылыми журналдардағы, оның ішінде нөлдік емес импакт факторға ие журналдардағы жарияланымдарды, халықаралық және республикалық деңгейлердегі конференцияларға қатысуларды, бірқатар өнертабыстардың әзірленуін айтуға болады.

Өндірістік сынақ-тәжірибелер, зерттеулер базасы болып, сонымен қатар кафедраның ғылыми әзірлемелерін өндірістік жағдайда сынақтан өткізу мен өндіріске енгізу нысандары болып «АрселорМиттал Теміртау» АҚ таптау цехтары және «Құрылысмет» ЖШС соғу-престеу цехы есептеледі.

Кафедраның зерттеу нәтижелерін жариялайтын ғылыми басылымдар