Кафедра туралы
«Жаратылыстану – ғылыми пәндер» кафедрасы университеттің барлық мамандықтарына оқитын студенттерді физика – математикалық іргелі дайындықпен қамтамасыздандырады.
Студенттерге оқу сабақтарын жоғары кәсіпті ғылыми – әдістемелік жұмыстағы тәжірибелері мол оқытушылар жүргізеді: ф.-м.ғ.к., доцент Хуанбай Е., п.ғ.к., доцент Кукало Л.И.,: т.ғ.к., доцент Танагузов Б.Т., аға оқытушылар: Карипбаева А.Р., Холодова Г.М., Шаяхметова Г.А.; оқытушылар Уркен Г.А., Цой Е.Г.
Барлық оқытушылар мамандығын жоғарылату үшін ҚР бас жоғары оқу орындарында кезеңді курстардан өтеді, әрқашан педагогикалық шеберліктерін жетілдіреді. Кафедра ТГУ (Томск, Россия), Universiti of Massachusetts Boston (USA) және т.б. жоғары оқу орындарымен ғылыми тығыз байланыста жұмыс істейді.
«ЖҒП» кафедрасы сағат бойынша университетте зертханалық тәжірибеден ең көлемді кафедра, онда 4 оқу зертханасы, 2 арнайы дәрісхана, құрал – жабдықпен қамтамасыздандырылған 5 кабинетпен жабдықталған.
Кафедрада іргелі зерттеудің мемлекеттік бағдарламасы бойынша YBaCuO өте өткізгіш физикалық қасиеті бар жұқа пленкаларын оқып зерттейтін ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді.
Кафедрадағы оқу жұмысына физика, математика және механика курстарына кәзіргі заманға сай құралдар қолданады, дәрістер, тәжірибелік, СОӨЖ мен зертханалық сабақтар кіреді.
Кафедрадағы әдістемелік жұмыстар барлық оқылатын пәндерді оқудың кәзіргі заманға сай әдістерімен оқытуға, компьютерлік техниканы қолдануға, оқу материалдарын кәсіпті таратумен бағытталып жүргізіледі.
Кафедра оқытушылары студенттердің білімін тестілік бақылау арқылы өткізеді және жаңа технологияны енгізуге белсене қатысады, педагогикалық қызметтің пайдалы стратегиясын қалыптастыруда әдістің бүтін жүйесінің рөлін зерттей отыра, пәнаралық байланысты құрылымдайды.
Кафедрада оқу процесінде оқудың жаңа инновациялық технологиясын қолдануға және енгізуге барлық жағдайлар орнатылған.