Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
Қарағанды мемлекеттік индустриалды универсиетінде 7 сәуір күні «Жастардың ғылыми шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуы» атты XLVI ғылыми-техникалық конференция болып өтті. Серіктес ретінде Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университеті және Теміртау жастарының ресурстық орталығы қатысты.
Оған ЖОО-ң профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, студенттер, сондай-ақ қаланың политехникалық және индустриалды-технологиялық колледждерінің оқушылары, Теміртау сауда және азық-түлік колледжі, ПТКЛ, №1 және бірнеше мектеп оқушылары қатысты.
- Конференцияны өткізудің негізгі мақсаты – студенттер мен оқушылардың оқу-танымдық және оқу-зерттеу әрекеттерін ынталандырып, студенттер мен оқушылардың арасындағы таланттылар және дарындыларды қолдау және іріктеу, республикамыздың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал жасау, – дейді ғылым және инновация департаментінің директоры Әлия Аменова.
Конференция пленарлық отырыстаҚМИУ студенттері мен оқытушыларының дайындығының өте жоғары екендігін айтып, конференцияға қатысушыларға сәттілік тілеген Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университеті өкілдерінің видеобайланыс арқылы сөйлеген сөзінен басталды. Университеттің магистранттары мен жас ғалымдары баяндама жасады. Соңынан университеттің түрлі дәрісханаларында секциялар өз жұмыстарын жалғастырды. Онда «Материалтану және металлургия», «Металдарды қысыммен өңдеу», «Химиялық технология және экология», «Жылуэнергетикасы, электроэнергетика және өндірісті автоматтандыру», «Физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологияялар», «Архитектура және құрылыс», «Экономикалық ғылымдар және бизнес», «Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар» және «Филологиялық ғылымдар» тақырыптары бойынша өзекті мәселелер қарастырылды. Барлығы 370 баяндама жасалып, бұл өткен жылдағымен салыстырғанда әлдеқайда көп.
Нәтижесінде ең үздік баяндамалар алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Олар: бірінші орын – №24 ЖОМ 8-сынып оқушысы Кристина Касяник және Елена Прутько, ҚМИУ магистранты Александр Доля, ҚМИУ студенті Владислав Голуб, Денис Воронин, Бауыржан Жалгасов, Иван Головаш, Дмитрий Бужинский, Айбар Аяганов, Василий Ким, Андрей Маринин, Дарья Корепанова жіне Ульяна Шарафутдиновалар.
Екінші орын Теміртау индустриалды технологиялық колледжі студенттері Юрий Ибраев және Олеся Федченко, ҚМИУ магистранты Владислав Соловьев, ҚМИУ студенттері Валихан Рахимов, Анастасия Невзорова, Татьяна Коржаневскаяй, Александр Кожемякин, Дмитрий Варзиа, Сүндета Тұрсынбек, Аида Шарипова, Әйгерім Пірмағанбет, Анастасия Носова, Бауыржан Усенбековтерге бұйырды.
Үшінші орынға №21 ЖОМ ПТКЛ 8-сынып оқушысы Константин Дружинин, Георгий Мезенцевқа, №21 ЖОМ 10-сынып оқушысы Диана Хамидулловаға, Темиртау сауда және азық-түлік колледжінің студенті Даниил Пышняк, Темиртау политехникалық колледжінің студенті Роза Жұмабайқызы, ҚМИУ магистранты Сергей Толмачев, ҚМИУ студенті Алексей Короленко, Сергей Атакишиев, Галиае Чебурей, Владимир Величко, Александр Кожемякин, Иван Мойсейкин, Сергей Зокоеву, Алмасбек Аднабеков, Салтанат Кенжеахметова, Сабира Қараман, Бауржан Құдайбергендер ие болды.
ҚМИУ баспасөз орталығы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы күміс медальмен жемісті еңбегі және ғылым мен жоғары білімге қосқан үлесі үшін Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті «Құрылыс және жылуэнергетикасы» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Анатолий Филатов марапатталды.
74 жастағы Анатолию Васильевичке марапатты әріптестерінің ду қол шапалағымен салтанатты түрде университет ректоры М.К.Ибатов тапсырды. Медаль иегері өзінің еңбегін жоғары бағалаған әріптестеріне алғыс айтып, мұнан кейін де жас ғалымдар мен магистранттардың, ғылым кандидаттарының, «Құрылыс және жылуэнергетикасы» кафедрасының ғана емес, барлық әріптестерінің ықыласына сүйене отырып, болашақта да жемісті етуге тырысатындығын айтып өтті.
Анатолий Филатов Карметкомбинаттың зауыт-ЖТОМ-мен (ҚМИУ бұрын солай аталған) қызметтестікті 44 жыл бұрын «Қазметаллургқұрылыс» тресінің техникалық жетекшісі қызметінен бастаған. Ол жоғары білікті мамандарды дайындауға үлесін қосып, жаңа технологиялардың талдамасын әзірледі, Теміртау қаласының және металлургиялық комбинаттың құрылыс жұмысына қатысты. Соңғы 20 жыл бойында университтетте ғана жұмыс жасап келеді. Қазір магистранттармен жұмыс жасауда.
- Құрылыс пен металлургияның, энергетиканың тоғысында шешуін таппаған сұрақтар мен өзекті мәселелер өте көп, – дейді Анатолий Васильевич. – Еңбек және ғылым одағының арқасында экономикада үлкен жетістіктерге жетіп, Елбасымыздың біздің алдымығда тартып отырған міндеттерін шешуге болады.
Белсенді және жемісті еңбегі үшін ҚМИУ-ң басқа өкілдерінің есімдері де аталып өтті. Қалалық маслихаттың алғыс хатымен «Химиялық технология және экология» кафедрасынң меңгерушісі Гульнара Ульева және мамандардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау оқу орталығының жетекшісі, энергоаудит, энергияүнемдеу, энергия тиімділігі немесе энергоменеджментті іске асырушы Артем Гурушкиндер марапатталды.
ҚМИУ баспасөз орталығы
Пресс-центр КГИУ
Жыл сайын өтетін ҚР Жоғары оқу орындары студенттерінің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша республикалық ғылыми-зерттеу байқауы «Металлургия», «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандықтары бойынша негізгі оқу орны болып табылатын Қарағандымемлекеттік индустриалды университетінде өтті.
Байқау комиссиясының құрамына ҚМИУ, «АрселорМиттал Теміртау» және қалалық әкімдік өкілдері енді. Олар ҚМИУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰИТУ, М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік гуманитарлық унверситеті, Рудный индустриалды институты, Евразия инновациялық университеті және ҚарМТУ-ң«Металлургия», «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандықтарыстуденттерінің 23 ғылыми-зерттеу жұмыстарын қарап шықты.
Байқауға «Исследование твердофазного восстановления отвального шлака медеплавильного производства», «Повышение эксплуатационной стойкости элементов армировки скиповых стволов угольных шахт», «Деформация четырехвалковой системы НШПС-1700 АО «АрселорМиттал Темиртау», «Способы повышения качества литой заготовки», «Брикетирование отходов металлургического производства», «Исследование напряженно-деформируемого состояния при прокатке листов в винтовых валках», «Разработка технологиивыплавки марганецсодержащего чугуна из некондиционных железомарганцевых руд Казахстана» және тағы да басқа тақырыптар бойынша жұмыстар ұсынылған.
- Байқау комиссиясы бір ай көлемінде жұмыс жасады, – дейді комиссия төрағасы, ҚМИУ оқу ісі жөніндегі проректор Гүлнар Жақсыбаева. – Арнайы дайындалған бағалау парақтарына сарапшылар тарапынан жұмыстың өзектілігін, жүргізілген зерттеулерін, қол жеткізген жетістіктерін, студенттің өзінің жұмысқа қатысу деңгейін есепке алған бағалар қойылды. «Металлургия» мамандығы бойынша Қазақстандағы 11 жоғары оқу орнында білім беріледі, ал «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандығы ҚМИУ және Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰИТУ-да ғана дайындалады. Сондықтан екінші мамандық бойынша байқау тек екі оқу орнының арасында ғана жүргізілді.
Студенттердің республикалық ғылыми-зерттеу байқауының екінші кезеңі ҚР Білім және ғылыми министрлігінің деңгейінде өтеді. Жеңімпаздардың есімі сонда анықталады.
ҚМИУ баспасөз орталығы
25 наурыз күні біздің университетте дәстүрлі «ҚМИУ аруы» байқауы өткізілді. Оған алты факультеттің өкілдері қатысты.
Байқауға қатысушылар көрермендердің алдына ұлттық костюммен шығып, залға «шашу» шашып өтті. Сонан соң сахнаға көтерілді. Олармен жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «ҚМИУ сұлтаны – 2015» және жүргізушілердің бірі Сұңғат Кәріпжанов таныстырып өтті.
Әкімнің орынбасары Ғалымжан Спабеков кештегі құрметті қонақтың бірі болды. Арулардың тағдырын «Банк-ЦентрКредит», депутаттар корпусының өкілдері, «Мэри Кей» фирмасының өкілдері, «NIM» парфюмерия-косметикалық кәсіпорны, «Ажур» сұлулық орталығы өкілдерінен және ҚМИУ түлегі мен екі студенттен құралған әділқазілар шешті.
Бағдарлама үш деңгейден тұрады. Визиттік карточка байқауында қыздар өздері жайлы айтты, шығармашылық байқауда қыздар хореографиялық нөмірлер, сахналық көріністерге байланысты өз таланттарын байқатты, үшінші кезеңде кешкі көйлектерді көрсетті.
Барлық кезеңді әділқазылар 5 балдық жүйемен бағалады. Үзілісте қонақтардың алдында ОДЭС«Бэби шлягер» солисіНастя Кулакова, гитарист Алихан Балкыбеков, тамаша вокалист Сағдана Алибаева және «Альтаир» би тобы өнер көрсетті.
Барлық қатысушылар басты сыйлыққа лайықты болды, сондықтан әділқазыларға үздікті таңдау оңай болған жоқ. Талқылау ұзаққа созылды. Әйтеуір, қорытынды да анық болды!
Металлургия және құрылыс факультетінің студенті Аида Шарипова «Талант аруы» атағына ие болды және «NiM аруы» демеушілік номинациясына ие болды. Экономика факультетенің студенті Адель Берікбаева «Көзайым аруы» атағына ие болды. Металлургия және құрылыс факультетінің студенті Аида Сапар «Көктем аруы» атағына ие болса, машинақұрылысы және автоматтандыру технологиясы факультетінің студенті Әйгерім Әбілқасымова «Миис оригинальность» атағына ие болды. Экономика факультетінің студенті Татьяна Силаева «Наурыз аруы» және «МэриКей аруы» атағына ие болып, осы фирманың сыйлығын алды.
«ҚМИУ аруы-2016» тәжін әділқазылар металлургия және құрылыс факультетінің студенті Салтанат Рахматуллаеваға кигізді. Ол «ЦентКредит» банкінің басты сыйлығын да иеленді.
Соңынан жеке демеушілер құттықтаулар айтып, гүл шоқтарын, сыйлықтарын тапсырды, суреттерге түсті.
Барлық қатысушылар депутаттар атынан берілген сыйлықтарға, күннің басты демеушісі ҚМИУ ректораты мен кәсіподақ сыйлықтарына ие болды.
Евгений Панин: «Лучшее вложение – это вложение в самого себя»
Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің оқытушылары мен студенттері әр түрлі деңгейдегі байқауларға жиі қатысады. Үстіміздегі жылы «Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Сергей Лежнев ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес мамандар мен ғалымдарға арналған, ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалым ретінде мемлекеттік ғылыми стипендияға ие болды. Оның шәкірті, сол кафедраның аға оқытушысы Евгениий Панинге талантты жас ғалымның мемлекеттік ғылыми стипендиясы тағайындалды.
Мемлекеттік ғылыми стипендия жыл сайын ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан 50-ден астам ғалымдар мен мамандарға (жас ерекшелігіне қарамастан) табысталады. Оны жасы 35-тегі ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы 25 жас ғалым да алды. Ол үшін байқау комиссиясының алдына ғылыми еңбектер мен конференция тезистерін, оқу-әдістемелік материалдар, патент, жақын және алыс шет елдерде рейтингтік журналдарда жарық көрген мақалалар (ағылшын тілінде жарық көрген) жинағын ұсынасыз.
- Біз ғылыми стипендияға ие болған оқытушылармызды мақтан тұтамыз, – дейді Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Гүлнар Жақсыбаева. – Евгений Панин біздің мамандарымыздың өсіп келе жатқандығын көрсетеді: ол біздің оқу орнын аяқтап, осында жұмыс жасауға қалды, үнемі ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. Біздің университет ғылымға қызығушылық танытқандарға, идеясы мен шығармашылық қабілеті барларға өсуге мүмкіндік береді.
Байқау комиссиясы стипендияны тағайындауда жалпы ғылыми жұмыстардың соңғы 5 жылдағы жетістіктерін есептейді. 32 жастағы Евгений Панин бірнеше жобамен жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта өзінің магистрлік диссертациясымен жұмыс жасауда, оны болашақта докторлық диссертацияға айналдыруды жоспарлап отыр. Ол қара және түсті металдар мен қорытпаларды дайындаудың сапалы ұзаққа жоспарланған қорын алуға негізделген аралас технологиямен жұмыс жасауда.
-Бұл технология машинақұрылысы кәсіпорындары өнімдерінің түрлі сорттарын арттыруды және ұзақ мерзімді өнімдерді алуды (қазір бұл мүмкін), сондай-ақ үдерісөндірісін бірден көтеруге, технологияның үздіксіз жұмыс жасауына мүмкіндік жасайды, – дейді Евгений Панин. – Мұндай жағдайда құрыштың кейбір маркілерінде кәдімге құрыштан қымбат тұратын физикалық және механикалық қасиеттер пайда болады. Мұның экономикалық тиімділігі өте жоғары.
Бұл жобамен Панин өзінің жетекшілерімен бірге 10 жылдың көлемінде жұмыс жүргізіп келеді. Теориялық зерттеулер, модельдеу, зертханалық жұмыстар толық жүргізілді. Қазір университетте тәжірибелік-өндірістік қондырғылар жинақталауда.
-Біз микроқұрылымдардың формасы бұзылған үлгілерін, қаттылығын және тағы басқаларын зерттейміз, – дейді Евгений. Бірақ бұл тек тәжірибелік жұмыстан кейін жүреді. Жоспар бойынша технологияны 1 жыл көлемінде сынауымыз керек. Сонон соң оны өндіріске енгізуге арналған технологиялық құжаттарды жинаймыз.
Жоғары сапалы бөлшектерді дайындауға кез келген машина құрылысымен айналысатын өндіріс орындары қызығушылық танытады. Оған қымбат өнімдерді сатып алудың қажеттігі жоқ, теміртаулық бұл өнім әлдеқайда арзан болады.
Евгений стипендиясын болашақта атқаратын ғылыми жұмыстарына салады. Ең жақсы қор – өзіңе салған қор –дейді ол. Экспериментке арналған үлгілерді сатып алу қажет, журналдарда мақала жариялап, біліктілікті арттыру курсынан өтіп, конференциялар мен вебинарларға (олар соңғы уақытта өте танымал) қатысу қажет. Яғни, өсу жалғасуда.
Евгений Паниннің жұмысының басым көпшілігі компьютерлік модельге арналған.
- Физикалық экспериментті түгел ауыстыруға болмайды, бірақ құрылғы сынып, өнімдердің жарамсыздығы секілді сәтсіз сынаулардың санын қысқартуға болады – дейді ол. Бұл жағдайда техүдерістің тиімділігі артады, эксперимент сәтті шығады.
Қазақстандық жас ғалым мемлект тарапынан қаржыландырылатын түрлі тақырыптағы жұмыстардың да орындаушысы. Солардың бірі – «Разработка новых математических принципов расчета удельного давления при горячей прокатке тонких листов». Тақырып Липецк мемлекеттік техникалық университетімен халықаралық қызметтестік аясында жүргізілуде.
ҚМИУ баспасөз орталығы
|