“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«АЛТЫН ГЕФЕСТ 2016» Ұлттық байқауы

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетін  Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму Министрлігінің бастамасымен өткізілетін Ұлттық тау-кен – металлургия саласы бойынша «Алтын Гефест 2016» байқауына қатысуға шақырамыз. Сіздер Қазақстан металлургиясы мен тау –кен ісінің үздігі номинациясы үшін  оқытушылар мен соңғы курс студенттерін байқауға қатысуға  ұсына аласыздар.

Төмендегі марапаттаулар қарастырылған:

  • Ғалым-педагог (200 мың тенге көлемінде ақшалай сыйлық);
  • Жылдың дипломдық жұмысы (100 мың тенге көлемінде ақшалай сыйлық).

Сіздің мекемеңіздегі мамандар арасында  осы ақпараттың таралуына Сіздердің септіктеріңіз тиеді деген сенімдеміз. Мәселен, Хабарландыру тақтасы (модульдер осында:  https://files.iteca.kz/design/GoldenGefestus/).

Байқауға қатысуға тапсырыс берілген уақыттан бастап, қатысушыларға номинант  сертификаты беріледі. Тапсырыс үлгісі осында: https://amm.kz/ru/konkurs-zolotoj-gefest/zayavki-na-uchastie.

Байқауға қатысу тегін және қашықтан!

Байқауға қатысуға тапсырыс қабылдаудың соңғы мерзімі – 01 маусым 2016 жыл.

Марапаттау Астана қаласында 15 маусым күні өтетін «Rixos President Astana» Гала қабылдауында өткізіледі.

Толық ақпаратwww.amm.kz сайтында берілген.


БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде 21 сәуір күні бітіруші түлектер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Оған «АрселорМиттал Темітау», «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты», Теміртауэлектрометаллургия-лық комбинаты, «Саэм орталығы» және тағы да басқа ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыс берушілері мен жүздеген бітіруші түлектер қатысты.             Бұл жәрмеңкені өткізу ҚМИУ-де дәстүрге айналған. Жылына бір рет жұмыс берушілер жақсы жұмысқа орналасқысы келетін түлектермен кездесіп, түйіндемелерін қабылдайды, бос орындар жайлы әңігмелеседі. Бітірушілер «Сіздің ұйымыңыз мені жұмысқа қабылдайды ма?» деген сұраққа бірден жауап ала алмайды. Өйткені түйіндемелерді қарап, оған шешім шығару үшін фирмалар мен кәсіпорындарға уақыт керек. Дегенмен бос жұмыс орындарының барлығы көпшілікке оптимистік көзқарас қалыптастырады.            Мұндай іс-шаралардың кезінде факультет декандары мен кафедра меңгерушілері әр уақытта өз студенттерінің жанынан табылады. Жуырда жастар дипломдық жұмыстарын қорғап, еңбек жолдарын бастайды. Мұғалімдердің басты міндеті – түлектерге осы мәселелерді шешуге көмектесу. –     Біз дайындайтын «Материалдарды қысыммен өңдеу» мамандығы жайлы әңгіме болғанда, біздің жұмыс берушіміз «АрселорМиттал Теміртау» екендігін айтуымыз қажет.Оның цехтарында ҚМИУ студенттері өндірістік іс-тәжірибеден өтеді, – дейді «Металдарды қысыммен өңдеу” кафедрасының меңгерушісі Ольга Кривцова. – Біз «Құрылысмет» ЖШС және басқа да бірнеше ұйымдармен, кәсіпорындармен қызметтестік қарым-қатынастамыз. Олардың барлығы біздің университет дайындап шығаратын барлық мамандық түлектерін қуана қабылдайды. Осы жәрмеңкенің арқасында біздің түлектеріміздің  тоқсан пайызы жұмысқа орналаса алады. Ең көп түйіндеме қала құраушы кәсіпорынға түседі. Жастардың көпшілігінің металлургиялық комбинатқа жұмысқа орналасқысы келетіні ешкімге құпия емес.-     Біздің кәсіпорында «100- топ инженері» бағдарламасы жұмыс жасайды, ол техникалық, металлургиялық, тау-кен және экономикалық мамандықтар бойынша ЖОО түлектерін іріктеп, жұмысқа орналастырады – дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ңстуденттермен және оқу орын-дарымен жұмыс жасау бойынша менедженері Ольга Долженко. – Жұмысқа бір жылға орналастырылады, әрі қарай  түлек өзін жақсы жағынан көрсетіп жатса, еңбек келісімшарты ұзартылады. Бағдарлама жас мамандарды болашақта  қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде әр түрлі деңгейдегі жетекшілік дәрежесіне көтеруді мақсат етеді.

Біз ҚМИУ–мен тұрақты байланыс орнатқанбыз, бос орындар жәрмеңкесіне үнемі қатысамыз. «100-Топ инженері» бағдарламасына қатысушылардың басым көпшілігі осы университет түлектері.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауытының» өкілдеріне де студенттер тарапынан түскен түйіндеме аз емес. Онда қазір ҚМИУ-ң 5 түлегі зауыт ашылғаннан бері 2 жыл көлемінде жұмыс жасап келеді. Қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы Нұргүл Ақмурзинаның айтуынша, Теміртау студенттерінің дайындық және жеке тұлғалық сапалық деңгейі өте жоғары. ҚМИУ-ң студенттерді қалай дайындайтындығын көрген ақтөбеліктер Теміртауға қайта келіп, рельс-арқалық цехында және металтану зертханасында бос орын бар екендігін айтты. Бұл жолы олар өз кәсіпорындарына 10 түлекті жұмысқа орналастырмақшы.

Түйіндемені қабылдап, студенттер жұмыс берушілермен әңгімелес-кеннен соң, жұмыс берушілер мен ҚМИУ профессор-оқытушылары арасын-да дөңгелек үстел өткізілді. Пікір алмасу барысында студенттердің міндетті пәндерді меңгеруімен қатар, ағылшын тілін де меңгеруге көп көңіл бөлу керектігі, білімдерін үнемі жетілдіріп, коммуникативтік дағдыларын жетілдіру мақсатында түрлі тренингтерге тұрақты түрде қатысып отыру керектігі жайлы мәселелер айтылып өтті.

 


МЕТАЛЛУРГИЯ – КЕҢ ҰҒЫМ

Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің 75 жылдығын атап өткен құрметті профессоры Өтепберген Артықбаев «Жалпы металлургия» еңбегін орыс тілінен қазақ тіліне аударуды жоспарлап отыр.

Өтепберген Артықбаевтың жалпы ғылыми-педагогикалық өтілі жарты ғасырды құрайды. Қарметкомбинат жанындағы зауыт – ЖТОМ-ға (ҚМИУ бұрын солай аталған) ол 1966 жылдың қаңтарында Еңбек Қызыл Ту орденді құрыш және қорытпа институтын бітіргеннен соң бөлу негізінде келген. Мұнан соң ол ССРО астанасындағы аспирантурада білім алып, қазақ жеріне қайта оралды. Зауыт – ЖТОМ-дағы ондаған жылдардың ішінде  Өтепберген Артықбаев «Қара металдар металлургиясы» кафедрасының оқытушысы, кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, соңынан сол кафедраның меңгерушісі, металлургия факультетінің деканы, тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 2003 жылдан ол – «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры.  Университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады, Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ғылым академиясының тау-кен секциясы (ХҒАТС)  бойынша академигі Өтепберген Артықбаев 70-тен астам әдістемелік еңбек, авторлық бірлестікте ISBN грифімен 8 оқу құралын жазған. «Шойын металлургиясы» және «Қазақша-орысша металлургиялық түсiндiрме сөздiгi» қазақ тіліндегі жеке авторлық еңбек.

Ол күні бүгінге дейін ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. «Құрмет белгісі», «Еңбек ардагері» медалінің иегері, «Білім беру ісінің үздігі» және «КарМетИ-ге еңбегi сiңген қызметкер» атағына ие. Өтепберген Артықбаевтың жетекшілігімен «Кен Агломериациясы» және «Шойын металлургиясы» зертханалары ашылды.

Металлургияның негізгі бөлімі – ең бастысы кенді балқытуға дайындау. Өтепбарген Артықбаев өз шәкірттерін осыған дайындайды.  Сабақтан тыс уақытта өзі тақырыбы бойынша кезекті әдебиетті орыс тілінен қазақ тіліне аударумен айналысады. Жуырда ғана 450 беттен тұратын «Кен даярлау және оны балқыту» («Подготовка руд к плавке») атты еңбегін баспаға ұсынды.

–   Металлургия  сөзі кенді дайындау дегеннен гөрі  кеңірек ұғымды білдіреді. Сондықтан мен Воскобойников, Кудрин және Якушевтердің «Жалпы металлургия» атты еңбектерін қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмын. Кітапта негізгі металлургиялық өндірістер мәселесі, шикізаттардың сипат-тамасы және оларды дайындау тәсілдері қарастырылған, домна және болат өндірудің, сондай-ақ ферроқорытпа өндірісінің теориясы мен технологиясы бүге-шігесіне дейін анық көрсетілген, металлургиялық үдерістердің және өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштерініңфизика-химиялық негіздері көрсетілген, металлургиялық цехтардың жабдықтары жайлы материалдар берілген.  Оқулық қарапайым  және түсінікті тілмен жазылған, ол өзіміздің кітапханада бар. Студенттер оны ынты-жынтысымен пайдаланады – дейді ҚМИУ-ң құрметті профессоры.

               ҚМИУ баспасөз орталығы


МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры  Юрий Иванович Шишкин жуырда ғана ҚМИУ басшылығы мен әріптестерінің атынан 75 жылдығына орай құттықтауды қабылдады.

Ол 1941 жылы Волгоград обылысында дүниеге келген, сонда мектепті алтын медальмен аяқтаған. Қарағанды политехникалық институтының «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша білім алғаннан кейін, алдымен Бардин ат. ЦНИИЧМ-ң Қазақстандағы филиалында (қазіргі Ж.Әбішев ХМИ), соңынан Қарағанды металлургиялық комбинатында шихтаның аға мөлшерлегіші, балқытушы, аға балқытушы, ауысым бастығы, дистрибутор машинисі қызметтерін атқарды.  В.И.Ленин атындағы 100 жылдық  мерейтойлық медальмен марапатталған.

1974 – 1978 жылдар аралығында Юрий Иванович Шишкин Мәскеу құрыш және қорытпа институтының аспирантурасында оқыды, оны аяқтағаннан соң оған «Қара металдар металлургиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты атағы берілді.

Оның Карметкомбинаттың зауыт-ЖТОМ-на келіп, күні бүгінге дейін осында жұмыс жасап жатқанына 38 жыл болды. 1987 жылы оған доцент ғылыми атағы берілді.

Юрий Иванович университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады, қала мен аудан мектептерінің түлектері арасында кәсіби бағдар жұмыстарын жұргізеді, мемлекеттік бюджет және республикалық, халықаралық ғылыми-техникалық конференция жұмыстарына қатысады. Оның ықпалымен бірнеше зертханалар ашылып, лекциялық және тәжірибелік сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік құралдар кешені дайындалған. Профессор 100-ден астам ғылыми еңбек жариялап, ISBN грифімен 5 оқу құралын жариялаған.

ҚМИУ баспасөз орталығы


БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТА ОТЫРЫП

ЖОО студенттерінің«Металлургия» және «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша жылдағы Республикалық пәндік олимпиаданың екінші туры  8 сәуір күні Қарағанды мемлкеттік индустриалды университетінде өтті.

Бұл олимпиада республикалық студенттік олимпиада аясында ерекше кәсіби  қабілеті бар болашақ мамандарды анықтау және дамыту, талантты студент жастарды қолдау,  сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадаға команда қалыптастыру мақсатымен өткізіледі.

Олимпиаданың негізгі міндеті студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу әрекеттерін ынталандырып, студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін, өзіндік сана, шығармашылық қабілеттерін ашу, олардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау; студенттердің азаматтық көзқарасын тәрбиелеу; талантты және дарынды студентттерді қолдау және іріктеу; білім беру жүйесін жетілдіруге деген белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

«Металлургия» мамандығы бойынша олимпиадаға ҚМИУ, Қар МТУ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті, Евразия инновациялық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстің Қазақстан мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің 2,3,4 курс студенттерінен құралған 6 команда қатысты.

Екінші турдан соң байқау комиссиясы жасаған қорытындыға сәйкес1- орынға ҚМИУ командасы, 2-орынға Қ.Жұбанов атындағы ААМУ командасы, 3-орынға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ лайық деп танылды.

Сондай-ақ байқау комиссиясының шешімімен төмендегі студенттер:1-дәрежелі дипломмен ҚМИУ студенті Жексембаев М., ІІ-дәрежелі дипломмен Қ.Жұбанов атындағы ААМУ студенті Әбдірашит А. және Мальцев К., ІІІ дәрежелі дипломмен М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенті Б.Түленов пен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Д.Оралхановалармарапатталды.

«Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша олимпиадаға ҚМИУ және ҚарМТУ-ң  екі командасы қатысты. Нәтижесінде комиссия мүшелері  бірінші орынға №2 ҚМИУ командасы, екінші орынға №1 ҚМИУ командасы, үшінші орынға ҚарМТУ командасын лайықты деп тапты.

1-дәрежелі дипломмен ҚМИУ студенті С.Михеев, ІІ-дәрежелі дипломмен ҚМИУ студенті К.Таир және С. Әбдіраманов, ІІІ дәрежелі дипломмен ҚМИУ студенттері А.Мырзасейітова және В.Цыгановалар марапатталды.

ҚМИУ баспасөз орталығы