“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ-да қылмыстық құқық бұзушылықтардың онлайн-карта жұмысы бойынша таныстыру семинары өтті

 

3 қазан 2018 ж. Теміртау қаласы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің прокуроры Батталова Гүлмира Серікқызы тәрбие ісі және жастар саясаты Департаментінің директоры Салпенова Мадина Мейрамқызымен бірлесіп ҚМИУ-дың күндізгі бөлім студенттері үшін «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған адамдардың карталары» және «Апаттылық картасы» деректер базасы жұмысы бойынша таныстыру семинар өткізді.

Семинар барысында Г.С. Батталованың сөзінен студенттер Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 32-ші қадамы «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» ұлттық ақпараттық жүйесінің негізінде «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталын құру болып табылатыны туралы білді. Картада елде жасалатын барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар, олардың жасалған орындары мен жағдайлары көрсетіледі. Карта «online» режимінде жұмыс істейді.

Картаның бірегейлігі – бұл сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізілім базасымен ықпалдастырылған және соның арқасында қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат полицияда арызы тіркелгеннен кейін автоматты түрде Карточкада дереу пайда болады.

«Орнын, уақытын және қылмыс түрін, сондай-ақ қылмыс жасаған адамдар туралы барлық ақпаратты көруге болады. Сондай-ақ, аймақтағы қылмыс динамикасы көрсетіледі. Адамдар ауданның қаншалықты қылмысты екенін біле алады, аудандарды, көшелерді немесе үйлерді бір-бірімен салыстыра ала алады. Карталарда Қазақстанның кез келген нүктесінде жасалған қылмыстар көрсетіледі», – деді прокурор Г.С. Батталова.

«Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар картасы», «Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған адамдардың карталары» және «Апаттылық картасы» үйлестік тәсілі бойынша жұмыс істейді.

Семинар жұмысын қорытындылай келе, ТІ ж ЖС директоры М.М. Салпенова дұрыс өмір салтын жүргізу, заң бұзбау маңызды екенін атап өтті, себебі кез келген бұзушылық, тіпті ұсақ бұзақылық ҚР құқықтық статистика Комитетінің деректер базасында тіркеледі және болашақта құқық қорғау органдарына, сондай-ақ мемлекеттік қызметке жұмысқа кіруге елеулі кедергі болуы мүмкін.

ҚМИУ баспасөз қызметі


«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарлама мақсаты – еліміздің еңбек ресурстары мол оңтүстік өңірінің жастарын оқытумен (Алматы, Түрікстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) кадрлар жетіспейтін шығыс, солтүстік және батыс өңірлерінде жұмыспен қамтамасыздандыру.

2015 жылдан бастап Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасына техникалық мамандықтар бойынша біздің Қарағанды мемлекеттік инлдустриялық университетті де қатысады.

2015 жылы ҚМИУ 8 мамандық бойынша 300 грант бөлінді. Оның 01.09.2015 жылы 294 гранты игерілді, 6 грант 2016 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2016 жылы ҚМИУ 11 мамандық бойынша 160 грант бөлінді. Оның 01.09.2016 жылы 157 гранты игерілді, 3 грант 2017 жылдың қаңтар айында қайта бөлінді.

2017-2018 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша 11 мамандықтар бойынша 161 талапкер оқуға қабылданды. 6 грант игерілмеді.

Ағымды 2018-2019 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша  90 талапкер, 9 мамандық бойынша оқуға қабылданды.

Мамандық  2015-2016 оқу жылында оқуға қабылдау

2016-2017

оқу жылында оқуға қабылдау

2017-2018 оқу жылында оқуға қабылдау 2018-2019 оқу жылында оқуға қабылдау
1 Машинажасау 32 15 16 4
2 Көлік, көлікті техника және технологиялар 35 10 20 9
3 Технологиялық машиналар және жабдықтар 34 20 5
4 Электрэнергетика 35 5 12 14
5 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы 35 20 4 5
4 Металлургия 44 19 9 7
5 Құрылыс 39 15 24 9
8 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы 40 28 27 9
9 Автоматтандыру және басқару 10 23 24
10 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 5
11 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру 10 21 9
БАРЛЫҒЫ: 294 157 161 90

 

Қазіргі таңда барлығы 659 студент оқиды.

Осы бағдарлама бойынша ҚМИУ оқуға түскен талапкерлер жатақханамен қамтамасыз етілген, олар оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналастырылады.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде жақсы оқу үшін студенттеге қолайлы жағдай жасалған.

Университетте заманауи оқу дәрісханалары және ғылыми зертханалары орналасқан 6 оқу-зертханалық корпус, 260 мың кітап қоры бар кітапхана, екі заманауи акт залы, құрамында 6 ойын залы және ашық алаңды спорт кешені жұмыс жасайды.

Университетте 890 орынды 2 жайлы жатақхана бар. Студенттер үшін жатақхана тегін. Университетте қоғамдық тамақтану орындары (4 дәмхана, 80 орынды асхана), сонымен бірге медициналық бөлме  жұмыс жасайды.

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетін таңдаумен – болашаққа сенімді кепілдендірілген  жолдаманы таңдайсың!

 


ҚМИУ «ТІЛ-ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНЫ» АТТЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ САЙЫСЫ ӨТТІ

2018 жылы 20 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының Тілдер күні мерекесі қарсаңында «Қазақ, орыс және шет тілдер» кафедрасы студенттердің тілге деген құрметін қалыптастыру мақсатында «Тіл-халықтың жаны» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

Университеттің бірінші, екінші және үшінші курс студенттері және ҚМИУ жанындағы колледж студенттері әртүрлі тақырыпқа арналған өлеңдерді ұсынды.

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде классикалық және заманауи авторлардың өлеңдері, прозалары және әндері, студенттердің жеке шығармашылықты өлеңдері оқылды.

Қатысушылар өздерінің жақсы мәнерлеп оқу шеберліктерімен өлеңді және әнді  сезіммен айтуға қабілетті екендіктерін көрсетті. Сайысқа 30 астам студент қатысты.

Сайыс жеңілпаздары: 1 орынды – Акерке Жетписбаева «АжБ-18» тобының студенті, екінші орынды – «АжБ-18» студенті Кирилл Берегов, үшінші орынды  – Ернар Ерболұлы ТЭК студенті жеңіп алды.

Мәнерлеп оқу сайысы өте жылы жағдайда өтті. Қазылар алқасы бірауыздан  мәнерлеп оқушыларға өздерінің шығармашылық таланттарын әрі қарай дамытуға және Қазақстанның белгілі әншілері, ақындары, өнер адамдары болуларына тілек білдірді.

 


Конкурс жеңімпаздарына – гранттар мен оқуға жеңілдіктер

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Мамандықты таңдай – тағдырымды таңдаймын» атты эссе конкурсы өтті. Оның қорытындысы бойынша №19 ОМ түлегі Алейникова Валентина ҚМИУ жанындағы Техника-экономикалық колледжінде (ТЭК) бірінші курста оқуға ректор грантын иеленді, ал бірнеше адам университеттің бірінші курсында оқу үшін жеңілдіктер алды. 

Дәстүрге айналған және екі тілде жүргізілетін бұл конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы шеңберінде жастардың белсенді азаматтық-патриоттық ұстанымын қалыптастыру.

Конкурстық комиссияның құрамына кіргендер: төрағасы – тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі Департамент директоры М.М. Салпенова; төраға орынбасары – ТЭК директорының орынбасары Т.К. Акишев; «ҚТ ж ӘГП» кафедрасының меңгерушісі О.Н. Гуменчук; «ҚО ж ШТ» кафедрасының меңгерушісі Н.А. Абдикарим; комиссия хатшысы – тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі Департамент маманы Н. Е. Попова.

Конкурстық комиссияның алдында қала және облыстың жалпы білім беру мектептерінің түлектері қатарынан жеңімпаздарды айқындау бойынша оңай емес таңдау жасау міндеті тұрды. Алдымен конкурстық жұмыстар қарастырылды және олардың ең үздіктері іріктеліп алынды. Сосын сайыскерлер өздерінің эсселерін жеке таныстырды, содан кейін география бойынша тестілеуден өтті. Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері міндетті түрде ескерілді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Валя Алейникова үздік деп танылды. Енді ол техника-экономикалық колледжінде “Есеп және аудит” мамандығы бойынша бірінші курста тегін оқитын болады. Егер қыздың емтихандық сессияның қорытындысы бойынша “үштік” болмаса, онда ол одан әрі грантта қалады.

Екінші орынды экономист болуды жоспарлап отырған БТКЛ түлегі Әнуар Қазбеков иеленді, ол ҚМИУ-да оқуға 50 пайыздық жеңілдік алды. Үшінші орынды Кристина Кучеренко (№19 ОМ), Ақерке Куанышбекова (№9 ОМ) және Әлия Мадкен (№5 ОМ) өзара бөлісті. Қыздар ҚМИУ-да оқуға 25 пайыздық жеңілдік алды. Аталмыш жеңілдіктер әзірге тек бірінші курста ғана жарамды. Егер барлық жеңімпаздар оқу барысында жақсы нәтижелер көрсетсе, онда жеңілдіктер оларға әрі қарай берілетін болады.

Аталған конкурстың жеңімпаздарын құттықтау 1 қыркүйек 2018 жылы сағат 11.00-де ҚМИУ жаңа корпусының акт залында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиналыста өтеді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Чемпионаттағы төрт бірінші орын – ҚМИУ студентінде

«ККТжТ-15» тобының студенті Виктор Степанов 2003 ж.т. және одан жоғары арасында «Динамо» ДШжСҚ ОК Ашық Чемпионатының байдарка және каноэ ескек есу бойынша Қазақстан Республикасының Жеке Чемпионатында төрт бірінші орын иеленді.

Жарыс 22-26 тамыз аралығында Жезқазған қаласында өтті. Виктор Степанов каноэ-бірлікте 200 метр қашықтықта, каноэ-екілікте Владимир Петровпен бірге 200 және 500 метр қашықтықта және каноэ-төрттікте аралас экипаж құрамында 500 метр қашықтықта көш бастады. Аталған жарыстардың қорытындысы бойынша Виктор 26-28 қазанда Самаркандта (Өзбекстан) өтетін Азия чемпионатына қатысуға таңдап алынды.

Соңғы уақыттағы ҚМИУ студентінің бұл барлық жетістіктері емес. Шілде айының соңында Пловдивте өткен әлем чемпионатында Виктор Степанов 23 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша каноэ-бірлікте 200 метр қашықтықта 10-орынды иеленді. 30-дан астам елдің өкілдері жарыс қатысушылары болды. Чемпионатта Виктордан басқа тағы үш теміртаулық өз шеберліктерін көрсетті. Ең үздік нәтиже – Кирилл Тубаевта: ол 1000 метр қашықтықта байдарка-бірлікте 7 орынды иеленді.

ҚМИУ баспасөз қызметі