“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚМИУ мен венгриялық жоғарғы оқу орындары арасындағы меморандумдарға қол қойылды

Төрт венгриялық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің (Теміртау қ.) ректоры Б.А.Жәутіковтің Будапештте өткен венгер-қазақстандық ректорларының форумына белсенді қатысуының нәтижесі.

“Корвинус” университетінде өткен ректорлар форумын, білім беру технологиялары бойынша екі елдің диалог алаңы деп атауға болады. Бірлескен жобаларды әзірлеу саласындағы басым бағыттардың бірі сандық технологиялар, энергетика, көлік және логистика, спорт және туризм. Форумда жоғары оқу орындары арасындағы өзара түсіністік туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ЖОО ректорлары Кеңесі мен Венгрия ректорларының Қауымдастығы арасындағы меморандумдар мен келісімдерге қол қою рәсімі өтті.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б.А.Жәутіков Венгрияның University of Pannonia ірі университетімен (Веспрем қ.), Будапешттің Eotvos Lorand University жетекші университетімен,  Еуропадағы ең ежелгі техникалық университеттердің бірі Budapest University of Technology and Economics университетімен,  сондай-ақ сол елдің жетекші жоғары оқу орындарының бірі –  University of Debrecen университетімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.

– Паннония университеті өңірлік өндірістік серіктестермен және жергілікті билік органдарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Аталған жоо Венгриядағы үздік оқу орындарының ондық қатарына тұрақты кіреді. Онда 14 мыңнан астам студенттер, оның ішінде жергілікті азаматтар да, шетелдіктер де оқытылады, олар кейіннен студенттер алмасу бойынша бағдарламаларына қатыса алады, – деді Бақыт Жәутіков. – Лоранд Этвеш атындағы университет тарихы төрт ғасырдан астам уақытқа созылған. Қазіргі заманауи атауы физикадан бүкіл әлемге белгілі – оның профессорлар бірінің атымен байланысты. Университет «Утрехтская сеть» Еуропалық университеттер Қауымдастығының құрамына кіреді және сегізінші жыл зерттеу мәртебесіне ие. Қазіргі уақытта университетте 1500-ден астам оқытушы жұмыс істейді және 30 мыңға жуық студенттер, соның ішінде шетелдік студенттер білім алуда. Лоранда Этвеш университеті жыл сайын шәкіртақы бағдарламаларының  бірнеше нұсқасын ұсынады,  онда шетелдік студенттерде қатыса алады.

Будапешт университетінде техникалық және экономикалық ғылымдарда мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді және 24 мыңнан астам студенттер оқиды, оның үштен бір бөлігі Венгрияға шетелден келеді. Дебрецен университеті шамамен 32 мың студент қабылдайды, оның ішінде 2 мыңнан астам шетелден,  профессор-оқытушылар құрамы бір жарым мыңнан астам адамды құрайды.

Бақыт Жәутіков атап өткендей, екі елдің әртүрлі университеттерінің өкілдерімен қарым-қатынас жасау – ҚМИУ үшін өте маңызды. Венгриялық жоғары оқу орындарымен байланыс орнату білім беру үдерісіндегі барлық тараптар үшін жағымды өзгерістерге әкеледі.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналар болып табылады: оқыту үшін студенттермен, магистранттармен, PhD докторанттарымен алмасу, ғылыми зерттеулер, тағылымдамалар жүргізу; бірлескен курстар мен семинарлар өткізу, магистрлік, PhD-докторлық диссертацияларды  басқару; ЖОО жанынан профессорлық-оқытушылық құрамға, ғылыми қызметкерлерге, магистранттар мен PhD докторанттарға тағылымдама ұйымдастыру. Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыру сапасын жақсартуға; ғылыми зерттеулер негізінде жаңа оқулықтар әзірлеу мен жаңарту мақсатында оқу-әдістемелік әдебиеттерді бірлесіп дайындауға және шығаруға; ғылыми әдебиеттерді дайындау мен жариялауда  баспа қызметі бойынша бірлескен бағдарламаны әзірлеуге  назар аударылатын болады.

Магистранттар, PhD докторанттар даярлау деңгейін, сондай-ақ олардың диссертациялық жұмыстарын бағалау мәселелерінде сараптамалық, ғылыми – техникалық және диссертациялық кеңестердің өзара іс-қимылы қамтамасыз етілді және механизм әзірленетін болады; өзара қолайлы негізде тараптардың материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып, басым бағыттар бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға қатысу.

– Бұдан басқа, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру, білім және ғылым жүйесіндегі инновациялық белсенділікті арттыруды қамтамасыз ететін кадрларды даярлау мен қайта даярлау үшін жағдай жасау, – деді Б. А. Жәутіков, – ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларды бірлесе ұйымдастыру, инновациялық технологиялар ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын бірлесе әзірлеу мен қатысу, әлемдік ғылыми – білім беру және ақпараттық жүйелерге интеграциялау, халықаралық қорлар мен ұйымдардың конкурстарына қатысу үшін бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу, сондай-ақ қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жүргізу.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Құрметті оқытушылар,қызметкелер мен студенттер.

 Құрметті оқытушылар,қызметкелер мен студенттер. 6 наурыз сағат 16.00-де  “ҚМИУ Аруы – 2018” атты университеттік конкурсына шақырамыз. Сіздерді көруге қуанышты боламыз! Сағат 19.00-де бас ғимараттың  акт залында мерекелік жастар би кеші болады.


«Ұлт ұлысқа ортақ үй – Қазақстан»

ҚМИУ оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ бірнеше теміртаулық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қуғын-сүргіннің ауыр жылдарында әртүрлі халықтарға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан мен қазақ халқына алғыстарын білдірді.

2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен елімізде жаңа мейрам – Алғыс айту күнін бекітті, ол бұдан былай Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызда атап өтіледі. Алғыс айту күнін тойлау Мемлекет басшысымен Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толуына арналған оның мерейтойлық сессиясында ұсынылды. Алғыс айту күні – 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өмір сүретін елде бейбіт өмірге қажетті түсіністік пен келісім, достық мерекесі.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мыңға жуық жеке шаруа жер аударылған. Сталиндік режимде әр жылдарда бүтіндей бір халықтар жер аударылды: 800 мың немістер, 102 мың поляктар, 550 мың солтүстік Кавказдағы халық өкілдері және 100 мыңға жуық Қиыр Шығыстағы корей отбасылары.

Алғыс айту күні жалпы тарих, қазақтардың және барлық этникалық топтардың бір-біріне, қазақтарға қолдау көрсету арқылы бірлесе бастан кешкен қиындықтары туралы естелік негізінде, көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау мен дамытуды бейнелейді. ҚМИУ-де өткен дөңгелек үстелдің басты идеясы – Қазақстанға жер аударылған  адамдардың тағдырын көрсету. Теміртау қ. әкімінің орынбасары Дәурен Есімхановтың құттықтау сөзі мен «ҚТ және ӘГП» кафедра меңгерушісі Оксана Гуменчуктың сөзінен кейін,  Қазақстанға көп жыл бұрын қоныстанған отбасы ҚМИУ студенттері Татьяна Силаева, Савелий Элефтериади, Ламара Султаева, Земфира Атакулова және Леонид Ким сөз сөйледі. Олар өз отбасыларының тарихын негізге ала отырып,  Қазақстанға әр түрлі халықтарды дүрбелеу туралы эмоцияларын жасырмастан, кейде тіпті көздеріне жас ала айтты.

– Алғыс айту күні– бұл, ең алдымен, Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні, соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен ынтымақ, біздің еліміздің халқымызға деген өзара сенім мен құрмет орнады, барлық қиын кезеңдерде бір-біріне арқа сүйе өмір сүрді», – дейді іс-шараның модераторы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Татьяна Семенова. – Қысқа мерзім ішінде біздің Президентіміздің басшылығымен ортақ күш-жігерімізбен біз тәуелсіз, гүлденген Қазақстанды құрдық. Бұл – қуғын-сүргін мен дүрбелең жылдары біздің халқымыз жасаған сияқты, бір-біріне көмектесу, ашық жүрекпен бөлісуге дайын болу және рухани қайырымдылық дәстүрлері күні.

Іс-шараның соңында ҚМИУ фойесінде арнайы орнатылған ақ баннерге әр қатысушы алғыс сөздері мен туған Қазақстанына деген тілектерін жазды. Ал, содан кейін барлық қонақтар далаға шығып, көгілдір ашық аспанға сол түсті – бір шаңырақ астында тұратын халықтардың бейбітшілік пен өзара түсіністігінің символы әуе шарларын ұшырды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Оқытушылар мен студенттер ҚМИУ өкілдері жазған оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесінің қатысушылары болды

28 ақпанда бас ғимараттың бірінші қабатының дәлізінде көрме ұйымдастырған университет кітапханасының қызметкерлерінің күш-жігері бекер болған жоқ: оқу құралдарына қызығушылық танытқандар көп болды.

Жаңа оқулықтар көрмесінде 2017 жылы ҚМИУ баспаханасында шығарылған 50-ден астам әдебиет атаулары ұсынылды: оның ішінде 19 кітапшалар қазақ тілінде, 34 орыс тілінде жазылған.

Көрмеге келген көптеген оқытушылар мен студенттер жұмысқа қажетті кітапшалардың атауын жазып алды,  ал кейбіреулер қажетті әдебиеттерді кітапханадан бірден алды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


“Магнитка” лигасының КТК кубок көшбасшылары анықталды

28 ақпанда Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің сахнасында “Магнитка” лигасының КТК кубогында 16 көңілді және тапқыр ұлдар мен қыздар командалары кездесті.

Ойын «Нұр Отан» партиясының Күні мен алғыс айту Күнін мерекелеу аясында «Нұр Отан» партиясы филиалының және университет басшылығының қолдауымен өтті.

Ойын қорытындысы бойынша “ҚҚЭУ Құрама” командасы (Қарағанды қ.) көшбасшы болды. Екінші орында – Теміртау медициналық колледжінің «Группа крови», үшінші орында – сахна иесі «ҚМИУ құрамасы».

«Үздік ойыншы» номинациясы «Нестандартная» командасының қатысушысы Меней Ерқанатқа берілді.

Теміртау қалалық мәслихатының хатшысы Алексей Ломакин жеңімпаздарға грамоталар, кубоктармен мен медальдарды табыстады.

ҚМИУ баспасөз қызметі