“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТАРДЫҢ ЖЕҢІЛПАЗДАРЫ АТАНДЫ

13.01.2021, 15:36:55, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ  оқу процесін ұйымдастыру туралы ақпарат

Назар аударыңыз! 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ  оқу процесін ұйымдастыру туралы ақпарат

«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ оқу процесін ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, білім беру бағдарламаларына, жұмыс оқу жоспарларына және 2020-2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

1 курс студенттері үшін университеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша аралас оқыту (дәрістер мен семинарлар – онлайн режимінде, зертханалық және практикалық сабақтар күндізгі форматта, санитарлық режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып) қамтамасыз етіледі, 25 01.2021 ж. 29.05.2021 дейін

2, 3 курсының студенттері үшін «Экономика», «Есеп және аудит» «Менеджмент», «Компьютерлер және бағдарламалық қамтамасыздандыру», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Бағдарламалық инженерия», «Қаржы ұйымының экономикасы», «Кәсіпкерліктегі есеп және аудит», «Өндірістік, экологиялық және өрт қауіпсіздігі» білім беру бағдарламалары бойынша толық қашықтықтан оқыту 25.01.2021 ж. 29.05.2021 дейінгі аралықта сақталады.

2, 3 курс студенттері үшін «Металлургия», «Автоматтандыру және басқару», «Құрылыс», «Электрэнергетика», «Жылуэнергетика», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Машинажасау», «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы», «Көлік».  көлік техникасы және технологиялары» «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Материалтану және жаңа материалдардың технологиясы», «Өндірістік нысандарды электрмен жабдықтау», «Қара металлургия», «Түсті металдар металлургиясы», « Материалдарды қысыммен өңдеу», «МЖ саласындағы соғу және штамптау», «Автоматтандыру жүйелерін жобалау», «Өндірістің технологиялық жабдықтары», «Жүк көтергіш-көлік және жол-құрылыс машиналары», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» білімдік  бағдарламалар бойынша аралас форматта арақашықтықты және санитарлық-гигиеналық шараларды сақтаумен 25.01.2021 ж 29.05.2021 дейін сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

4 курс студенттері барлық білім беру бағдарламалары бойынша 25.01.2021ж мен 03.04.2021г дейін аралас форматта диплом алдындағы практикадан өтеді.

Магистратура  және докторантура бойынша  аралас оқыту,  01.02.2021ж мен 29.05.2021ж дейінгі кезеңдегі барлық білім беру бағдарламаларының соның ішінде практикалық сабақтар, ҒЗЕЖ,ЭЗЕЖ (студенттердің жеке жоспарлары бойынша) күндізгі форматта, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-гигиеналық шараларды сақтай отырып, теориялық сабақтарды қашықтықтан оқыту  қарастырылған.

Шетелдік академиялық ұтқырлық пен тағылымдама үшін шектеулер енгізілді.

COVID-19, өкпе пневмониясы немесе басқа вирустық аурулардың белгілері анықталған жағдайда, студенттер өтініштерді тиісті факультеттердің Сапа кепілдігі комитетінің және университеттің Академиялық сапа комитетінің отырысында қарастырған жағдайда, олардың өтініші негізінде қашықтықтан оқуды жалғастыруға мүмкіндік қарастырылған.

12.01.2021, 12:25:39, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БАЛА КӨЗІМЕН» АТТЫ БАЛАЛАР СУРЕТТЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

2020 жылдың 21-28  желтоқсанында Парасаттылық мектебі  мен «Саналы ұрпақ»студенттік клубының жұмыс жоспарына сай университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамының, қызметкерлерінің балалары, немерелері арасында «Сыбайлас жемқорлық бала көзімен»тақырыбында суреттер конкурсын ұйымдастырып, өткізді.

Конкурс мақсаты – өскелең ұрпақты әдеп қағидаттарына тәрбиелеу, құқық бұзушылықтар туралы білімді кеңейту; алдыңғы буын мен келешек ұрпақты құқықтық білім, парасаттылық мәдениет мәселелері бойынша насихаттық бағыттау; отбасылық парасаттылық мәдениетін дамыту. Конкурсқа 5-16 жастағы балалар мен жасөспірмдер қатысты.

Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды арнайы құрылған комиссия талқылап, нәтижесінде 3 жүлделі орын және 1 ынталандыру орны анықталып, жеңімпаздарға университеттің әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер жөніндегі уәкілі Г.А. Сивякова Мадақтау қағаздармен, арнайы сыйлықтармен марапаттады.

1-орын жеңімпаздары апалы-сіңлілі 7, 10 жасар Хайролқызы Інжу мен Жанерке (анасы  «Экономика және бизнес»  кафедрасының аға оқытушысы Шаймардан Айсауле).

2-орын жеңімпазы 10 жасар Адалбек Айназым (анасы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы  Солтан Мағира).

3-орын 10 жасар Зайтова Айару (анасы «Материалдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының меңгерушісі, PhD Ахметова Гүлжайнат Есенжолқызы).

4-орын иегері 12 жасар Харченко Таисия  (анасы академиялық саясат департаментінің директоры,  PhD Харченко Елена Михайловна).

Саналы ұрпақ өкілдерін әрбилеудің тәсілі ретінде ұйымдастырылған бұл шара  әдеп негіздері отбасылық тәрбиеден басталатындығының айқын дәлелі болды.


12.01.2021, 11:20:15, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОN-LINE ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

2020 жылдың 11 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен және «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп, ҚР жоғары оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» пәні бойынша халықаралық оп-line олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру мақсатында студенттердің  белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; парасаттылықты қалыптастыру және дамыту; аса дарынды студенттерді іріктеу және қолдау.

Олимпиада екі турда өтті: бірінші турда студенттер www.online.test.kaznu.kz платформасында 60 тест сұрақтарына жауап берді екінші турда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту» тақырыбында ғылыми жобаның бейнефайлын ұсынды.  290 қатысушының (24 қазақстандық және шетелдік ЖОО) бірінші кезеңінен 251 қатысушы өтті, оның ішінде 194 қатысушы екінші кезеңге өтті. Олардың арасында Қарағанды индустриялық университетінің “Саналы ұрпақ” студенттік клубының мүшелері, МиТНМ-19к тобының студенттері Ибраева Адина мен Амина, ПГС – 19к тобының студенті Сақтапберген Арман, ИСА-19к тообының студенті  Абдуали Рамазан және ИСА-19 тобының студенті Романов Данил 1 турдан нәтижелі ұпаймен екінші турға өтті.

Екінші турдың қорытындысы бойынша «Бірегейлігі үшін» номинациясында «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшесі, ИСА-19 тобының студенті Романов Данил жеңімпаз атанды.

Теориялық сұрақтар бойынша олимпиадаға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары В. Г. Черкашин және М. Солтан дайындады, ал ғылыми жобаға  «Парасаттылық мектебінің» деканы Ж. К. Капашева даярлап, жетекшілік етті.

Біздің студенттердің жеңісі ерекше маңызға ие, себебі олар республиканың және шетелдік жоғары оқу орындарының заң факультеттері                                                                                                                                                             студенттері арасында жарысқа түсіп,нәтижеге жетті.

11.01.2021, 17:55:41, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Атамекен» ҰКП 2020 жылғы білім беру бағдарламаларының рейтингісі

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үшінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісін жасайды. Рейтинг «Түлектердің мансаптық болашағы», «Білім беру бағдарламасының сапасы» және «Студенттердің жетістіктері» атты үш блокқа енгізілген 17 меже бойынша жасалған.

2021 жыл қарсаңында өткен жылға арналған бакалавриат бағдарламалары рейтингісінің нәтижелері бойынша брифинг өткізілді.

2020 жылы зерттеу 2000 білім беру бағдарламаларын қамтыды, 68000 түлектің жұмыспен қамтылуы талданды және оған Қазақстанның барлық аймақтарынан 600 астам сала мамандары тартылды. Нәтижесінде 108 ЖОО бойынша 6 мың сараптамалық қорытынды жасалды.

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарының түлектерінің жұмысқа орналасуы негізгі көрсеткіштердің біріне айналуда. Қарағанды индустриялық университетінің келесі ББ жұмыспен қамтудың 100 пайыздық деңгейін көрсетті: «Автоматтандыру және басқару» (Автоматтандыру жүйелерінің инженері), «Компьютерлер және бағдарламалық қамтамасыз ет»у (бағдарламалық қамтамасыз ету), «Жылуэнергетика» (Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылу энергетикасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық).

Рейтингтің үш жыл ішінде қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сапасы айтарлықтай жақсарғанын атап өткен жөн. Зерттеуге қатысқан мамандардың айтуынша, бағдарламалар нарыққа бейімделе бастады.

Қарағанды индустриялық университеті бакалавриат бағдарламалары бойынша Қазақстан ЖОО-2020 білім беру бағдарламаларының рейтингінде келесі позицияларды иеленді:

• «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламасы – 1 орын;

• «Жылуэнергетикасы» білім беру бағдарламасы – 1 орын;

• «Металлургия» білім беру бағдарламасы – 6 орын;

• «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы – 6 орын;

• «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы – 7 орын;

• «Машинажасау» білім беру бағдарламасы – 9 орын.

 

ҚарИУ  баспасөз қызметі

11.01.2021, 11:22:00, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар