Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...
Архив:Тарау таңдап алу: Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу → ҚарИУ Ғылым айының қорытындысын шығардыБүгін Қарағанды индустриялық университетінде «Ғылым айлығы – 2021» іс-шаралары қорытындыланды, айлық аясында факультеттердің барлық кафедралары студенттер, магистранттар мен докторанттар арасында бірқатар шығармашылық және ғылыми жарыстар өткізілді. 2021 жылы 30 сәуірде өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша марапаттау рәсімі өткізілдііс-шараларға белсенді қатысысқан қатысушылар дипломдар және Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен, дәстүрлі LI (51-ші) Халықаралық ғылыми конференцияның жұмыс нәтижелері бойынша «Жастар, ғылым және техника: жетілдіру жолдары және интеграция» онлайн форматында, ол Қазақстан Республикасының ғылым күніне арналған кәсіби, ғылыми және іскери қоғамдастықтың үздік өкілдерін біріктірді, «Техникалық ғылымдар» секциясында марапатталды: ІІІ орын: ЖЭЖ-ЭЖЖ-18 тобының студенті Ернаур Ерболов, жетекшісі: Валерий Михайлович Дружинин; II орын: студент гр. АИЖ-19 тобының студенті Илья Левченко, жетекшісі: Татьяна Ивановна Сиверская; 1 орын: ӨАҚ-19қ тобының студенті Арман Сактапберген, жетекшісі: Айгерим Нурсулановна Касенова. «Цифрландыру және жасанды интеллект технологиялары» секциясы бойынша орындар келесідей бөлінді: III орын: ӨНЭҚ-19 тобының студенті Михаил Ачкасов, жетекшісі: Валерий Михайлович Дружинин; II орын: БИ-20с тобының студенті Мерген Жұмагелдиев, жетекшісі: Светлана Васильевна Кан; 1 орын: БИ-20с тобының студенті Подольская Анна, жетекшісі: Светлана Васильевна Кан. «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» 3 секциясының жұмысының нәтижелері бойынша: III орын: ФӨТ- 20қ-3 тобының студенті Әсел Жимахан, жетекшісі: Магира Солтан. II орын: АжБ-18 тобының студенті Ануар Казбеков, жетекшісі: Марина Александровна Латыпова. I орын: АжБ-19 тобының студенті Диана Хафизова, жетекшісі: Лариса Виталиевна Чепелян. Университеттің «Үздік жас ғалымы» байқауының қорытындысы бойынша «Металлургия» мамандығының докторанты Талғат Тоқашұлы Жүнісқалиев танылды. Сондай-ақ, «Үздік жас ғалым» байқауына қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды: «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы, Вячеслав Александрович Кунаев; «Энергетика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы, Зухра Ануаровна Баясилова; «Энергетика» кафедрасының докторанты Тоғжан Серікқызы Кенжебаева; «Химиялық технология және экология» кафедрасының докторанты Анара Аскарбаевна Рахметова және «Металлургия және материалтану» кафедрасының докторанты Гаухар Сәрсенғалиқызы Ерекеева. «Үздік ғылыми-инновациялық идея» байқауының қорытындылары бойынша мыналар марапатталды: ІІІ орын: ЭБ-19ғп тобының магистранты Елена Владимировна Кан; ІІ орын: ӨТЖ-19 тобының студенті, Виктор Сергеевич Кузьмин; 1 орын: ЭЭ-20ғп тобының магистранты, Айдын Муратқызы Есимханова. Алғыс хаттармен атап өтілді: ӨАҚ-19 тобының студенті Анастасия Юрьевна Бричковскаядағы, МҚӨТ-17қ-2 тобының студенті Анель Жазылбекқызы Жұмабекова және БИ-20қ-1 тобының студенті Ұлжан Ерболқызы Косаева. Жалпы, конференция және өткен іс-шаралар факультеттер студенттері, магистранттары мен докторанттарының ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығы жоғары және жан-жақты сипатқа ие екендігін көрсетті, факультет оқытушыларының ғылыми жетістіктері біздің университетте ғана емес, сонымен қатар республикада, сондай-ақ басқа аймақтар мен елдерде де белгілі. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Баршаңызға сәттілік пен жаңа жарқын жеңістер тілейміз! ҚарИУ-да «Антиплагиат» жүйесінде дипломдық және ғылыми жұмыстарды тексеру» тақырыбында мастер-класс өткізілді29 сәуірде Парасаттылық мектебінің әдістемелік апталығы аясында профессорлық-оқытушылық құрамға және қызметкерлерге арналған «Антиплагиат» жүйесінде дипломдық және ғылыми жұмыстарды тексеру» тақырыбында онлайн форматында мастер-класс жүргізілді. Бірлескен мастер-класс «Антиплагиат» компаниясының (РФ Мәскеу қаласы) оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі О.С.Беленькаямен жүргізілді. Мастер-класс мақсаты – ЖОО-да дипломдық және ғылыми жұмыстарды «Антиплагиат» жүйесінде тексеру жұмысын ұйымдастыруға әдістемелік қолдау көрсету. Аталған шара ғылыми әдеп принциптерін сақтау, академиялық ақпаратпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру, дамыту мақсатында пікір алмасу алаңына айналды. Оқыту вебинарының соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Парасаттылық мектебі «Пайда ойлама, ар ойла!» тақырыбында конкурс өткізді28 сәуірде «Парасаттылық мектебінің» әдістемелік апталығының үшінші күні «Пайда ойлама, ар ойла!» тақырыбындағы университетішілік студенттер конкурсына арналды. Аталған шараның мақсаты: – данышпан ойшыл, сазгер, ұлы ақын Абай Құнанбайұлы шығармашылығы арқылы жастар ортасында парасаттылық, адал еңбектену, әдеп, өнер, білім, ғылымды игеру сияқты рухани құндылықтарды дәріптеу; – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, ЖОО-дағы академиялық адалдық принциптерін насихаттау; – ЖОО білім алушыларының тұлғалық тұрғыдан рухани мәдениетін жетілдіру, патриоттық сезімдерін арттыру. Конкурс ҚарИУ-дың стратегиялық даму бойынша проректоры т.ғ.к.,профессор Г.А.Сивякованың алғысөзімен ашылды. Конкурс «Көркемсөз оқу шебері», «Абыройлы студент», «Үздік қойылым», «Үздік әнші» номинациялары бойынша өтті. «Көркемсөз оқу шебері» номинациясы бойынша Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла!», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» атты өлеңдері бойынша үздіктер таңдалса, «Абыройлы студент» номинациясы бойынша үздіктер көрермендер арасынан ҚарИУ білім алушыларының адалдық Кодексі мен «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл туралы» Заңы бойынша блиц сұраққа жауап бергендер арасынан таңдалды. «Үздік қойылым» номинациясында Абайдың пайдакүнемдік, ар, әдеп туралы 1 қарасөзі бойынша сахналық көрініс көрсетілді. «Үздік әнші» номинациясында Абайдың «Бойы бұлғаң» әні бойынша үздіктер анықталды. Конкурс нәтижесінде 1 орынды «Үздік қойылым» номинациясы бойынша Абайдың 29 қарасөзі негізінде көрсетілген қойылым иеленді. Қойылым жеңімпаздары МиТНМ-19к тобының студенттері Ибраева Адина мен Амина, Сиқымбаев Серғали,Съезбекұлы Темір, Қапанова Сәттігүл және МЦМ-19к тобының студенті Әблез Бекзат, ТФП-20к-1 тобының студенттері Сатынбаева Асель, Адильбаева Жанэль, ОМД-20к тобының студженті Сериков Мейрамбек,МЧМ-19к Зайнаев Алижан. Екінші орынды «Үздік әнші» номинациясы бойынша ТФП-19к-1 тобының студенті Меңдіғалиева Ұлдана жеңіп алды. Үшінші орынға екі жеңімпаз анықталды: бірі «Қарасөз оқу шебері» МиТНМ-18к тобының студенті Ағарыс Ақбота, екіншісі «Үздік әнші» номинациясы бойынша АиУ-17к тобының студенті Қылышбаева Нұргүл. Ынталандыру сыйлығын МЧМ-19к тобының студенті Зайнаев Алижан иеленді. Ал «Абыройлы студент» номинациясы бойынша ТФП-20к-1 тобының студенттері Жаңабек Мерей, Илесбек Әйгерім жеңімпазы атанды. Сыйлық ретінде с.Сейфуллин атындағы облыстық драмтеатрға спектакль билеттері табысталды. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері онлайн-кездесу өткізді
27 сәуірде Қарағанды индустриялық университетінің «Парасаттылық мектебінің» ұйымдастырумен «Саналы ұрпақ» студенттік клубы» университеттің 3,4 курста білім алушыларымен Академиялық адалдық Кодексі және Әдеп ережелері сияқты құықтық-нормативтік құжаттар бойынша онлайн кездесу өткізді. Кездесу мақсаты – қабылданған академиялық адалдық принциптерін, олардың сақталу тәртіптерін, ереже бұзылу түрлерін, академиялық ақпаратты заңсыз пайдалану және оның зардабын, Кодекс принциптері бұзылған жағдайда қолданылатын жаза түрлерін талдай отырып, ҚарИУ білім алушыларының парасаттылық мәдениетін көтеру. Онлайн кездесуді жүргізген – «Саналы ұрпақ» студенттік клубының ақпараттық насихат секторының жетекшісі Сарсенова Жайлыгүл және «Парасаттылық мониторингі» секторының жетекшісі Ибраева Амина. Клуб мүшелері «Таза сессия» акциясының мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, жаңа буын жастарын парасатты қоғам құрудың негізгі күші ретінде адал білім алып, адал еңбек етуді ғана мақсат етуге шақырды. |