“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Қарағанды индустриялық университеті білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2020-2021 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының нәтижелері негізінде бос қалған білім беру гранттарын алуға конкурс жариялайды. ҚарИУ https://old.tttu.edu.kz/student/vakantnie-granti/  оnline порталында бос білімдік гранттар тізімімен танысуға және өтініш беруге болады.

Өтініш 2021 жылдың 22 маусымға дейін қабылданады.

Анықтамаға арналған телефон: 8(7213)91-68-95.

11.06.2021, 16:05:43, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Жас мемлекеттік қызметші мектебі құжаттар қабылдау басталғандығын хабарлайды!

Жас мемлекеттік қызметші мектебі – өз мақсатыңызға жету үшін алғашқы қадам. МҚМ аясында сіз екі айлық тағылымдамадан өтіп қана ғоймай, тұлғалық даму бойынша оқытудан өтіп, облыстың көшбасшы жастарымен танысасыздар.

Құжаттар 04.06.2021 – 24.06.2021 аралығында онлайн қабылданады.

Қарағанды облысы жоғары оқу орындарының 3-4 курс студенттері, магистранттары мен 29 жасқа дейінгі түлектерін мектепке қатысуға шақырамыз.

Тіркелу сілтемесі.

Жас мемлекеттік қызметші мектебі туралы қосымша ақпаратты келесі байланыс нөмірлері және электронды пошта арқылы ала аласыз.
8 (778) – 152 – 69 – 28 (WhatsApp)
8 (707) – 262 – 37 – 53 (Telegram)

2021.shgs@gmail.com жас мемлекеттік

Қызметші мектебінде кездескенше!

11.06.2021, 14:22:32, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Стипендиялық бағдарлама – 2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы шетелдік студенттерге, оның ішінде республика азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты өкілдеріне арналған Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға арналған стипендиялық бағдарламаның басталғаны туралы хабарлайды. Қазақстан (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №389 бұйрығы).

2021 жылы бакалавриат бағдарламалары бойынша 490, магистратураға 50, докторантураға 10 степендия беру  жоспарланып отыр. Өтініштер 2021 жылғы 7 маусымнан 20 шілдеге дейін қабылданады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша стипендиялық бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орындарының тізімін анықтады. Толық ақпарат сайтта көрсетілген: https://enic-kazakhstan.kz/.

Қосымша ақпаратты мына байланыс телефоны арқылы алуға болады: 8 7172 287526, электрондық пошта: admission@n-k.kz.

Кітапша

03.06.2021, 11:14:51, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

В газете “Казахстанская правда” от 2 июня опубликована статья ректора Карагандинского индустриального университета Абдрасилова Б.С. “Новый этап в развитии университета”. В статье освещены новшества в система высшего образования, перспективы развития вузов и планы университета, направленные на улучшение качества высшего образования.

Открыть PDF документ

03.06.2021, 11:08:55, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

ҚарМУ «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басқа университеттермен белсенді ынтымақтастықты жүзеге асыруда

Қарағанды индустриялық университетінің кафедралары жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

«Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасы негізінде 2021 жылы мамырда Қарағанды техникалық университетінің «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының магистранты Александр Сергеевич Щербов «Компьютерлер және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Магистранттың өндірістік практикасы VPN технологияларын, технологиялық желілердің сипаттамаларын зерттеу және оларды басқару тақырыбына арналды.

Ғылыми тағылымдама аясында магистрант «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының жұмысымен, оның материалдық-техникалық базасымен, зертханаларымен, кафедраның және жалпы университеттің негізгі ғылыми бағыттарымен танысты, сонымен қатар диссертациясының бір тарауына арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүзеге асырды. Жемісті жұмыс нәтижелері бойынша магистрант А.С. Щербов, өзінің ғылыми кеңесшісімен бірге «ҚарМИУ Хабаршысы» журналына жариялау үшін «Қолданушыларды авторизациялаудың қосымша әдістерін қолдану» атты ғылыми мақаланы  дайындады, тағылымдамадан өткендігі туралы сертификат алды.

27.05.2021, 14:48:17, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар