Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық – бұл біз күнделікті өмірде үнемі кездестіретін жемқорлықтың бір түрі. Қолданыстағы заңдар, ережелерді айналма жолдар түрінде қолдану арқылы бәрі заңды болып көрінеді. Осылайша, аз мөлшердегі ақша қарапайым мәселелерді шешуге әсер етеді. Оларға ауруханаларда, мектептерде, жергілікті лицензиялау, полиция және салық органдарындағы парақорлық жатады. Сыйлық немесе конверттегі ақшамен көрсетілген алғысты біздің көпшілігімізге пара емес, оған қарағанда міндетті салт және қарым-қатынас төлсипаты ретінде қабылданады. Бізде не үшін алғыс білдіру қалыптасқан? Бір қызығы, барлығы үшін. Онымен қоса, қабылдаушы алғыстың жоқтығынан ренжіп қана қоймайды, сонымен қатар «өтініш беруші» алдын-ала дайындалмаса өзін ыңғайсыз сезінеді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын дәлелдеу өте қиын, себебі басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылығы, қылмыстың құпиясын жазасыз ашатын нақты жәбірленуші жоқ. Осылайша, сыбайлас жемқорлық бүкіл қоғамға зиян тигізеді.
Ең алдымен, бұл экономикалық залал, өйткені үлкен сомалар мемлекеттік бюджеттен тыс өтеді және оны қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланыла алмайды. Сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлықты күнделікті өмір құбылысына айналдырып, қоғамның моральдық қағидаларын бұзады. Ұзақ мерзімді жоспарда сыбайлас жемқорлық қоғамның одан әрі дамуын тежейді.
Ақылы негізде колледж базасында бакалавриатқа (сәйкес білім беру бағдарламалары үшін), жоғары білімге (екінші жоғары білім), сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын талапкерлерге оқуға түсуге арналған әңгімелесуді ҚарИУ қабылдау комиссиясы
2021 жылы 10 мен 28 тамыз аралығында қашықтықтан онлайн тәртібінде өткізеді. Әңгімелесу үшін ZOOM платформасы қолданылады. Әңгімелесу күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өткізіледі.
Әңгімелесу үшін сіз белгілі бір білім беру бағдарламасына сәйкес келетін конференцияға белгіленген уақытта сәйкес сілтемені басу арқылы қосылуыңыз керек.
Әңгімелесуден өту үшін сілтеме бойынша ZOOM-конференциясына қосылу қажет: https://us04web.zoom.us/j/73668757511?pwd=OTZobFNDZ01YeHN0ckVMNjdSKzNCdz09
Кіру коды: 00000 (барлық конференциялар үшін).
Әңгімелесу апта сайын кестеде көрсетілген күндерде өткізіледі.
Әңгімелесуден өткеннен кейін үміткер 10-28 тамыз аралығында оқу келісімшартын жасау үшін құжаттардың толық топтамасымен ҚарИУ қабылдау комиссиясына келуі керек.
Колледж талапкерлеріне байланысты білім беру бағдарламалары бойынша әңгімелесуге дайындалуға арналған сұрақтар.
Жоғары білім және шетел азаматтары үшін әңгімелесуге дайындалуға арналған сұрақтар
Сұрақтар бойынша телефон арқылы: +7 701 656 0326
2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық аясында студенттер арасында шетелде оқуға құжаттарды қабылдау басталды.
ҚР БҒМ Министрінің сайысына 2 және 3 курс студенттері қатыса алады.
ҚР БҒМ Министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына сәйкес шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (нотариалдық расталған түрлі-түсті көшірме);
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) бекітілген № 082/у нысанындағы медициналық анықтама;
3. Білім туралы құжаттар (нотариалды расталған түрлі-түсті көшірмелері): ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
4. Ағылшын тілін меңгеру денгейін растайтын құжат:
• ағылшын тілін меңгеру денгейін растайтын халықаралық тұрғыда танылған сертификат (IELTS, TOEFL);
• шетелдік университеттің ағылшын тілі деңгейі бар студентті қабылдауын растайтын келісім хат;
• Қазақстандық университеттің тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен кем емес);
5. Он сегіз жасқа толмаған өтініш берушінің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) шетелге шығуға жазбаша келісімі;
6. Студенттің көп балалы отбасы екендігін растайтын құжат;
7. Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін);
8. Мүгедектік туралы анықтама, болған жағдайда.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 жылдың 10 тамызына дейін. Құжаттарды dep.international@tttu.edu.kz электрондық поштасына немесе Whatsapp 87003715431 zip, rar форматындағы архивтелген файлда жіберу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша мына контактілерге хабарласыңыз:
1) Даирбекова Гульдана Суюндыковна – +77079908187; +77213920594
2) Рахметова Анар Аскарбаевна – 87003715431.
«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға халықаралық және республикалық конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады hr@tttu.edu.kz сканерленген нұсқада.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты: 2021 жылғы 15 тамыз, сағат 18:00 дейін.
Құжаттар тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Республика даңғылы 30, бас ғимарат, 221 кабинет, адами ресурстар департаменті.
Телефоны: 8 (7213) 91 02 40
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мәселелері бойынша кері байланыс беру және өтінімдерді қабылдау үшін келесі байланыс арналары жұмыс істейді:
Жұмыс нөмірі: 8 (7172) 74 23 52,
What’s App: 8 (708) 664 10 40 (хабарламалар),
Telegram: 8 (708) 664 10 40 (хабарламалар).