“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«Рухани жаңғыру» кеңсесі жұмыс бастады

 

IMG_0233IMG_0220IMG_0208IMG_0310

 

 

 

 

 

 

«Теміртау қ. ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, қаланың меценаттар жәрдемімен Теміртау қ. әкімі Ғ.А. Әшімовтың бастамасымен, ҚМИУ ректоры Б.А.Жаутиковтың қолдауымен «Рухани жаңғыру» кеңсесі ашылды. «Рухани жаңғыру» кеңсесі Теміртау қ. этномәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестірудің ресурстық орталығы.

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 13 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблея Академиясының «Рухани жаңғыру» кеңсесі ашылды. Шараның қатысушылары мен қонақтары – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың серіктестері, мемлекеттік органдар мен Теміртау қ. этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды.

Кеңсенің салтанатты ашылу рәсімін – Теміртау қ. әкімінің орынбасары Дәурен Есімханов, мемлекет Басшысының серіктесі Қуаныш Омашев, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының жетекшісі Ерлан Құсайын және ҚМИУ ректоры Бақыт Жаутиков лента кесумен, қазақтың «Шашу» ұлттық дәстүрімен және орыстың  дәстүрлі тағамынан дәм татумен өткізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, ҚМИУ профессоры Татьяна Семенова шараға қатысушыларды «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жұмыс бағыттарымен таныстырды. Олардың ішінде:

– өлкетану негізінде ұйымдастырылған “Туған жер” бағдарламасы арқылы патриотизмді қалыптастыру;

– жаһандық әлемде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениетті дамыту;

– “Тәрбие және білім”, “Атамекен”, “Рухани қазына”, “Қасиетті география”, “Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы”, “Отаным-тағдырым”, “Өлкетану” жобалары шеңберінде іс-шаралар кешенін  өткізу;

– этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру және тілдердің үштілділігін насихаттау;

– жастардың жоғары тарихи сана-сезімін, белсенді азаматтық-патриоттық ұстанымын қалыптастыруға, мәдени деңгейін көтеруге және рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу  .

Жұмыстар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен, «Рухани жаңғыру» аудандық кеңсесімен, Теміртау қ. әкімдігімен, қалалық тарихи-өлкетану мұражайымен, ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығымен, этномәдени бірлестіктермен, Теміртау қ. колледждерімен және мектептерімен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.

«Полония» грек этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Деспина Касапиди «Рухани жаңғыру» кеңсесі базасында ЭМО жұмысының жоспарларымен бөлісті. Студенттік жастар өкілдері Мадияр Кәрібжан, Татьяна Силаева, Василий Ким және Сухроб Ашуров «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралар мен жобалар туралы айтып берді.

Іс-шара соңында Теміртау қ. әкімдігі, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті және Теміртау қ. этномәдени бірлестіктер арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ҚМИУ баспасөз-қызметі

IMG_0304IMG_0303IMG_0268IMG_0256

 

 

 

 

 

 

14.12.2017, 14:53:25, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Сәрсенбі күні «Рухани жаңғыру» кеңсесі жұмысын бастайды

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 13 желтоқсанда сағат 14.30-да Қазақстан халқы Ассамблея Академиясының «Рухани жаңғыру» кеңсесі ашылады. Шараның құрметті қонақтарына Теміртау қаласының әкімі, Елбасымыздың үзеңгілестері, этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысады.

«Рухани жаңғыру» кеңсесінің ашылуынан кейін акт залында сағат 15.00-де ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс басталады.

 

12.12.2017, 18:05:19, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Мерейтой иелерін құттықтаймыз!

 

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректораты мен профессорлық-оқытушылар құрамы «Экономика және қаржы» ка-федрасының аға оқытушысы Әлия Сұрағанқызы Ақмағанбетованы және «ЭАжЕТ» кафедрасының аға оқытушысы Ольга Николаевна Ле-ликованы мерейтойларымен құттықтады!

Әлия Сұрағанқызы Ақмағанбетова – біздің университетіміздің түлегі, уни-верситетте 2003 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Жұмыс бары-сында өзін білікті маман және оқытушы ретінде көрсетті. Өзінің барлық білі-мі мен тәжірибесін ол өзінің сүйікті ісіне – ғылыми прогресс пен инновация-лық технологияларға негізделген, қазіргі заманғы қоғамды дамыту мүмкін емес экономикалық ғылым негіздеріне студенттерді оқытуға арнайды. Әлия Сұрағанқызы үнемі кәсіби білімдерін жетілдіреді, білім берудің жаңа техно-логияларын меңгереді және өз білімімен әріптестерімен бөліседі.

Ольга Николаевна Леликова университетте 1990 жылы жұмысын тағы-лымдамадан өтуші-зерттеуші лауазымы бойынша бастады, көп ұзамай “ӨЖЭжМЖТ” кафедрасының оқытушысы болды. 2002 жылдан бастап аға оқытушы қызметін атқарады. Екі жыл бұрын «Құрылыс» мамандығы бо-йынша магистратураны бітірді. Оның барлық еңбек қызметі – таусылмайтын күш пен үлкен талпынысты, таңдалған мамандыққа жанқиярлығы мен адал қызмет көрсетуі куәландырады. Жиырма бес жылдан астам уақыт бойы ол тек Қарағанды облысындағы ғана емес, бүкіл республика бойынша әртүрлі өндірістер үшін жылу энергетикасы бойынша мамандарды дайындады. Ольга Николаевнаның жетекшілігімен өткізілген студенттердің жұмыстары облыс-тық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие, өздерінің ғылы-ми жұмыстары жылу қуатын зерттеу бойынша оқулықтарға тәжірибелік то-лықтырулар ретінде қызмет етеді.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Бақыт Ахатұлы Жәутіков мерейтой иелерін 11 желтоқсан күні өткен профессорлық-оқытушылар құрамының жиналысында барлық профессорлық-оқытушылар құрамының атынан құттықтап, керемет әйелдерге мықты денсаулық, барлық мәселелерде табысқа жетуді, жеке бақыт, жақсылық, орындалған жұмыстар-дан қанағаттануды тіледі. Ұжым, мерейтой иелерінің күш-қуаты, білімділігі, еңбекқорлығы мен өмірлік ұстанымдары қызметтері Қазақстан Республика-сының үдеуі мен гүлденуіне, зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталғанына сенімді.

IMG_0153

11.12.2017, 15:27:08, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Қалалық әкімшіліктегі өзін-өзі басқару күні

11.12.2017, 08:43:16, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

«Аяз Атадан сыйлық»

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ертеден дәстүрге айналған «Аяз Атадан сыйлық» науқаны басталды. Бірнеше жыл бойы оның бастамашылары «Қамқор» еріктілер орталығының және Жастар ісі жөніндегі комитеттің өкілдері.

Науқан барысында студенттер мен мұғалімдер ақшалай қаражат жинайды, оған сосын теміртаулық «Айналайын» балалар үйінің және кәмелетке толмағандарға арналған бейімделу орталығының тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлықтар сатып алынады. Сонымен қатар, еріктілер сусабын, сабын, әтір және дезодоранттар алады.

Бірақ, тек тәттілер мен гигиеналық заттарды жеткізумен шектелмейді. ҚМИУ студенттері түрлі тақырыптар бойынша концерттік бағдарлама мен ойындар дайындайды. Науқанға барлық факультеттердің декандары да белсене қатысады. Мысалы, өткен жылы балаларға сыйлықтар беру үшін өздері балалар үйіне барды.

Науқанға ҚМИУ кез-келген студент немесе оқытушы қатыса алады. Көп ұзамай, университеттің ескі және жаңа ғимараттарында ақшаны жинау үшін арнайы қораптар орнатылады. Сонымен қатар еріктілер ойыншықтар мен тәттілерді жинайды.

Жаңа жылға дейін қалған уақыт көп емес, сондықтан жақсылық жасауға және күлкі сыйлауға асығыңыз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

08.12.2017, 18:41:58, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар