“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


Тіл шебері

М-16қ тобының студенті Әсемай Пушанова облыстық «Тiлдарын» байқауында екінші орынды, ал ҚМИУ командасы Қарағанды қаласында өткен өңірлік көптілді олимпиадада үшінші орынды жеңіп алды.

Әсемай Пушанова облыстық «Тiлдарын» байқауына ҚМИУ өткен қалалық байқаудың жеңілпазы ретінде қатысты. Бұл байқауда қатысушылар өздерінің үш тілді игеру деңгейін көрсетті. Ол үшін берілген тақырып бойынша эссе жазу, мәтіндерді синхронды аудару және тақырыпты толығымен ашуға арналған тапсырмаларды орындады. Облыстық «Тiлдарын» байқауының кезеңдері қалалық байқау кезеңдеріне ұқаса өткізілді. Байқау мақсаты – үш тілді жетік игерген оқушыларға қолдау көрсету, тіларалық мәдениетті, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, бәсекелестікке қабілетті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. ҚМИУ өкілі берілген байқау  тапсырмаларын табысты орындап, екінші орынды жеңіп алды.

Ал, ҚМИУ студенттері Анель Жумабекова (МҚӨТ-1қк-4), Нурислам Сарсен (М-16қ), Жанкельды Аманкельды (МҚӨТ-16қ) және Нурасыл Тарасов (ТМЖ-17қ) Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінде ұйымдастырылған  өңірлік көптілді олимпиадаға қатысты. Студенттерді олимпадаға дайындаған оқытушылар: Дана Ыбрай және Наталья Кан.

Олимпиада жоғарғы оқу орындарының тілдік емес факультеттерінің 1-2 курсының үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) игерген студенттері арасында өткізілді. Олимпиада бес кезең бойынша өткізілді. Үй тапсырмасы бойынша кез келген үш тілдің бірінде тұсаукесерді ұсыну қажет болды, бұл кезеңде үштілді оқытудың идеалды бағдарламасы, миссиясы, мақсаты және міндеттері ұсынылды. Екінші кезеңде студенттер «Geoprady» ойынына қатысты, ал келесі кезеңде үш тілде әріп бойынша сөздерді айту сайысы өткізілді, ал төртінші кезеңге – команда капитандары қатысты, соңғы кезеңде ұсынылған тақырып бойынша импровизирленген көрініс ұсынылды. Олимпиада нәтижелері бойынша ҚМИУ командасы үшінші орынды иеленді. Олимпиада көшбасшысы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ командасы, екінші орынды Қарағанды Экономика университетінің командасы жеңіп алды. Барлық жеңілпаздар сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Студенттер сенбілікке қатысты

21 сәуір күні Теміртау қаласында кеңауқымды сенбілік өткізілді. Сенбілікке Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 250 студенті қатысты.

21 сәуір күні Теміртау қаласы және Қарағанды облысының басқада қалалары мен аудандарында территорияны тазалауға арналған сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке қаланың әртүрлі кәсіпорындары және ұйымдарының бірнеше мың өкілдері қатысты.

Осы күні Металлургтер монументі жанында жас ағаштарды отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Жас көшеттерді қаланың кәсіпкерлері, қоғамдық бірлестіктер, депутаттар, этномәдениет орталықтарының өкілдері, Қарағанды облысының Табиғатты ресурстар және жер қойнауын пайдалануды реттеу басқармасы сатып алды. Сонынмен бірге жол жиектері және балалардың ойын алаңдары сырланды.

Жас көшеттерді отырғызуға: Қарағанды облысының әкімі Е. Ж, Қошанов Е. Ж, Теміртау қ. әкімі Ғ.Ә.Әшімов,  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры  В.П.Басин, Қарағанды облыстық мәсилихаты  және Теміртау қ. мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» партиясының депутаттары, Қоғамдық кеңес, қалалық ұйымдарының өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ белсенділері және көптеген қала тұрғындары қатысты. Осы іс-шараға ҚМИУ басшылығы, оқытушылары және студенттері де өз үлестерін қосты.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 


Түлектерге жұмысқа орналасуға көмектесуде

20 сәуір күні ҚМИУ жыл сайынғы дәстүрлі «Түлектер жәрмеңкесі» өткізілді. Биылғы  университет түлектері жиырмадан астам кәсіпорын және ұйымдарының өкілдерімен кездесті, оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, Теміртау электрметаллургиялық комбинаты, Текелі тау-кенді қайта өңдеу комбинаты, «Авангард-Строй» ЖШС,  Қазақстан Республикасының ірі банктері, қалалық еңбекпен қамту орталығы, салық басқармасы және т.б. ұйымдардың өкілдері болды.

Жұмыс берушілер түлектердің түйіндемесімен танысты, олардың іскерлік қасиеттерін бағалады, үміткерлерге арналған салыстырмалы талдауды және өздерінің жұмыс жағдайларын ұсынды. Студенттер бос жұмыс орындарымен танысты және міндеттер тізіміне кіретін мәселелерге, еңбекақы мөлшері, кәсіпби жоғарлау және әлеуметтік кепілдіктерге қатысты сұрақтарын қойды.

Жәрмеңке шеңберінде «домалақ үстел» өткізілді, онда жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер және олардың еңбек нарығына бейімделуі, атқарушы үкімет орындары, еңбекпен қамту орталықтары, жұмыс беруші және білім ұйымдарының арасындағы өзара ынтымақтастық бағыттары талқылады.

«Түлек 2018» жәрмеңкесінің қорындысы бойынша бес адам әңгімелесуге жолдама, ал 27 түлек нақты жұмысқа шақыру алды.

 

Ульяна Шарафутдинова,  «Есеп және аудит-14» тобы:

– Жәрмеңкеде мен қандай ұйымдарға қызметкерлер керек екенін білдім, бірақта жұмысқа орналасу үшін оларға жоғары білім туралы дипломды алған кезде барамын. Сонымен бірге «1с-бухгалтерия» курсын бітіру қажет, сонда жоғары еңбекақылы лауазымға жұмысқа орналасуға болады.

Руслан Кудайбергенов, «Экономика-14» тобы:

– Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру өте маңызды шара. Жоғарғы оқу орны бізге жұмысқа орналасуымызға көмектесетіні қуанышты. Бұл жерде барлық жұмыс берушілер жиналады – оларды қала бойынша іздеп уақытыңды босқа жоғалтпайсың. Біз алдын ала өзіміздің түйіндемелерімізді электронды түрде дайындадық. Сондықтан түйіндемелеріміз оларға жинақ түрінде ұсынылды. Қысқа уақытта қандай бос жұмыс орындары бар екенін және олар қандай талаптар қоятынын білдік.  Маған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «ТОП100 инженерлер» бағдарламасы бойынша үш жылдық оқу бағдарламасынан өту ұнады, кейін комбинатқа жұмысқа тұру мүмкіндігі ұсынылады. Мен казір әртүрлі мүмкіндіктерді қарастырып жатырмын.

Индира Стамкулова, «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы-14» тобы:

– Жәрмеңке маған біздің облысымызда көп кәсіпорындардың жұмыс жасайтынын білуге мүмкіндік берді, менің мамандығым нарықта сұранысқа ие. Көптеген қызық ұсыныстар түсті, мен болашақта жұмысқа қай жерге орналасатыным туралы ойлануға бұл жақсы мүмкіндік.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 


Мамандықтар фестивалі

14 сәуір күні Маңғыстау облысы Ақтау қ. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға! – Серпін» әлеуметтік жобасы шеңберінде облыстық мамандықтар фестивалі өткізілді.

Фестиваль мақсаты – ҚР БҒМ «Серпін» әлеуметтік жобасының жұмыс жоспарына сәйкес Маңғыстау облысының мектеп түлектеріне арналған кәсіпті бағдар жұмысын ұйымдастыру. Фестивалді ұйымдастырушы Маңғыстау облысының білім басқармасы.

Фестиваль шеңберінде ұйымдастырылған көрмеге осы әлеуметтік жобаға қатысушылар – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарының университеттері және колледждері қатысты. ҚМИУ «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультетінің деканының орынбасары К. Капашева, Қарағанды облысының өкілі ретінде қатысты және пленарлық отырыста баяндама жасады. Ол өзінің баяндамасында бағдарламаның жүзеге асырылуы, Мемлекет Басшысының алма-матері саналатын жоғары оқу орнының жетістіктері,  «Мәңгілік ел жастары – индустрияға! – Серпін» әлеуметтік жобасы шеңберінде оқып жатқан студенттерге арналған тәрбие жұмыстары және студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу туралы толық айтты.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Қазақстан және Польша ректорларының форумы

Сюжет телеканала Хабар 24

19.04.2018, 12:06:00, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар