Архив:
Тарау таңдап алу:
Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →
5 шілде ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығында еліміз үшін маңызды мемлекеттік мереке – Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында –Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде 2018 жылы оқу бітірген бакалаврлар мен магистранттарға, сондай-ақ ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледж түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табысталды.
Біздің университет металлургия, машина жасау, энергетика, құрылыс және Қазақстанның өнеркәсіптік кешендерінің басқа да салаларының білікті мамандарын үлкен өмірге мақтанышпен шығарады. Кешегі студенттің – дәрістері, емтихандары, сынақтары, ұйқысыз түндері, кітапханада және интернетте өткізілген уақыттары артта қалды. Көптен күткен сәтте туды, олар ЖОО бітіргені туралы құттықтаулар қабылдайтын кез келді. ҚМИУ ректоры Б.А.Жәутіков сахнадан жиналғандарға сөз сөйледі. Ол жарты ғасыр бұрын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бітірген ЖОО-да оқудың үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. ҚМИУ түлектері тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерлерде өнеркәсіп және экономиканың барлық салаларында іс жүзінде жұмыс істей отырып, өндірістік және қоғамдық қызметте жақсы нәтижелерге қол жеткізе бұл өмірлік сынақты абыроймен көтеруде.
Қарағанды облысының көптеген танымал адамдары ҚМИУ-ға екінші, тіпті үшінші рет жоғары білім алу үшін келеді. Соның ішінде, 5 шілдеде диплом табысталғандар арасындағы металлургиялық әулетінің өкілі, мемлекет Басшысы үзеңгілесінің ұлы Т.Ж. Арысов және Теміртау қалалық мәслихаттың хатшысы А.Б. Ломакин.
Бұл күні ҚМИУ ректоры барлық оқу жылдары үздік нәтижелер көрсеткен ЖОО үш факультетінің бакалавриаттарына және ҚМИУ жанындағы колледж түлектеріне қызыл диплом табыстады. ҚМИУ мақтанышы: А. Абилхасымова, А. Мусин, Ж. Аменов, Р. Романов, А. Талгатова, М. Аубакирова, В. Рахимов, А. Рахимбекова и С. Сайфуллин (Металлургия және машинажасау факультеті); Д. Корепанова, Р. Кудайбергенов и А. Базаров (Экономика және құрылыс факультеті); В. Ким и С. Попов (Энергетика, көлік және басқару жүйелері факультеті); В. Курлаев, Е. Богданова, Н. Болюх и М. Скрынникова (техникалық-экономикалық колледжі).
Биылғы жылы ұзақ үзілістен кейін ҚМИУ жанындағы техникалық-экономикалық колледжінің алғашқы түлектері бітірді. Колледж директоры С.Б.Хамитов құттықтау сөз және диплом табыстау рәсімі үшін сахнаға шақырылды. Құрметті ақсақал, соғыс және еңбек ардагерлер қалалық кеңесінің төрағасы Б.К. Ордабаев өзінің эмоционалдық сөзінен кейін ҚМИУ түлектеріне магистрлер дипломдарын табыстады. Содан кейін сахнаға ЖОО үш факультетінің декандары кезек-кезек көтеріліп әркім өз түлектеріне дипломдар табыстады, оларға жарқын жол, сәттілік, кәсіби қызметте табыс тіледі.
Сәт сапар, қымбатты түлектер!
ҚМИУ баспасөз қызметі
Жәутіков Б. А.,
Қарағанды мемлекеттік
индустриялық университетінің ректоры
(ҚМИУ, Теміртау қ.),
техника ғылымдарының докторы, профессор
Астананың жиырма жылдығы – әрбір қазақстандық үшін өте маңызды оқиға. Қазір, көптеген жылдар өткеннен кейін, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің бас қаласын ауыстыру туралы шешімінің дұрыстығы мен негізділігі бұрынғыдан да айқынырақ көрінеді. Бұл маңызды қадам елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Еуразияның ортасында орналасқан Астананы ғылым, мәдениет және білім орталығы, сондай-ақ жас мемлекеттің тәуелсіздік символы деп атайды.
Жиырма жылда бұл тамаша қалада көп нәрсе өзгерді, ол 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша «Бейбітшілік қаласы» атанды, ал 2000 жылдан бастап астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық ассамблеясының мүшесі болды. Осы жиырма жыл ішінде Астананың ауданы шамамен 500 шаршы километрды құрады; тұрғындардың саны үш еседен артық көбейді; миллиондаған шаршы метр тұрғын үй салынды; салық түсімдері, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, шетелдік кәсіпорындардың саны мен жалақы көбейді; таңғажайып архитектуралық ойды бейнелейтін көптеген объектілердің үлкен саны пайда болды. Әлемге бұрыннан әйгілі жаңа астана саммиттер, конгресстер, съездер мен конференциялар, түрлі деңгейдегі кездесулер өткізу орны болды.
Астана – кадрлар және жастар мен жоғары білікті мамандар шоғыры. Жас қаланың гүлденіп, дамып келе жатқанын, онымен бірге бүкіл ел қалай дамып келе жатқанын көру мен сезіну ұнамды. Бәлкім, әрбір қазақстандық елордамызға кем дегенде бір рет болсын барып, оның ауқымын, сондай-ақ онда тұратын адамдардың мейірімділігі мен жомарттығын бағалай алды.
ҚР Тұңғыш Президентінің Альма-матеры болып табылатын біздің университетіміздің өкілдері, – Астанада жиі болып тұрады. Оқу озаттары, белсенділер мен талантты жастардың өкілдері Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымдамалық идеяларын және жаһандық бастамаларын зерделеу бойынша «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингтерге қатысады. ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында өтетін семинар-тренинг және Астана туралы мәдени іс-шаралар – әртүрлі қызмет салаларында жеткен жетістіктері үшін жастардың арнайы марапаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайы, Ақорда, «Хазрет Сұлтан» және «Нұр-Астана» мешіттері, Тәуелсіздік сарайы, мұражайлар мен театрлар, «Астана-Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, ән салатын фонтандар, океанариум , Есіл жағалауы – Астананың көрікті жерлерінің тізімін ұзақ уақыт бойы жалғастыра беруге болады. Экскурсиядан кейін барлығы есте қалады және жақсы көңіл күй тудырады.
«ЭКСПО-2017»-ге бару – біздің ЖОО тарихындағы жеке парақ. Халықаралық мамандандырылған көрмеде оның үш ай жұмыс ішінде бір жарым мыңнан астам студенттер мен ҚМИУ қызметкерлері болды. Осы уақыт ішінде шетелдік әріптестермен тікелей байланыстар орнатылып, ғылым мен білім саласындағы жаңа халықаралық байланыстар негіздері қаланды. «ЭКСПО-2017»-ге жасаған сапарымыздың нәтижесінде университетімізде бірқатар энергия тиімді жобаларды, соның ішінде – энергия үнемдеуші жылу жабдықтары, «ақылды» электр желілері, сөмкелер мен рюкзактардағы күн зарядтау модульдері, көк көмірді енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін ҚМИУ-да барлық қажетті жағдайлар бар. Тұрақты даму тұрақты энергиясыз мүмкін емес. Инновациялар, жаңа идеялар, стандартты емес шешімдер – бұл «EXPO-2017» көрмесіне барғаннан кейін студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына жасыл экономика қағидаларын практикалық енгізу мен дамытудың ауқымды міндеттерін іске асыруға жаңа серпін берді.
Біз ұрпақтардың тығыз байланысына ерекше назар аударамыз. ҚМИУ жиі қонақтары – Ұлт көшбасшы үзеңгілестері мен курстастары. Өмірлік тәжірибесі бай осы адамдарсыз маңызды іс-шаралар өтпейді, соның ішінде – ҚМИУ даму стратегиясын таныстыру; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың – 1967 жылы бітірген түлектердің 50-жылдығына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаңа тұжырымдамалар мен заманауи шешімдер» атты IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция; Теміртау қ. этномәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіру бойынша ресурстық орталығы болып табылатын «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ҚМИУ-да ашылуы; мемлекеттік мерекелерге және тағы басқаларға арналған салтанатты жиналыстар. Президент үзеңгілестері Н.Ә.Назарбаевпен бірге оқыған оқу жылдары, Теміртау қаласы, болашақ Мемлекет Басшысының мінез-құлқы қалыптасқан және тау-кен мамандығының құпиясы болатын металлургиялық комбинаты туралы естеліктерімен бөліседі. ҚР Президентінің үзеңгілестері жас ұрпақты тәрбиелеуде белсене қатысады. Студенттер олардың әңгімелері мен кеңестерін шынайы қызығушылықпен тыңдайды, ел Президентіне теңестіріле және өздерінің өмірлік басымдықтарын анықтай, жоғары мақсаттар қойып отырады.
Н.Ә.Назарбаев дұрыс айтқанындай, «Астана – мемлекет мақтанышы, халықтың ұлы жетістігі, ата-бабалардың ғасырлық арманының асуы». Астана – біздің Отанымыздың жүрегі және шын мәнінде тірі организм. Астананың 20 жылдығын мерекелеу жылы оған одан әрі дамуды, сауда мен экспорттық әлеуетті одан әрі арттыруды, сыртқы экономикалық байланыстардың географиясын кеңейтуді тілейміз. Астанада, сондай-ақ барлық көпұлтты Қазақстанда бейбіт аспан болсын! Ұрпақтар байланысы сақтала берсін! Бір шаңырақ астында халық тату және бақытты болсын!
Ашық көздерден алынған фото
Cisco Желілік академия бағдарламасы бойынша IT Essentials курсын сәтті аяқтаған барлық Қарағанды облыс мектептерінің отыз информатика пәнінің мұғалімдері сертификатталған нұсқаушылар болды және енді өз мектептерінде филиалдар ашу құқығы бар.
Оқу екі апта бойы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде өтті. Дәрістерді Л. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедра өкілдері жүргізді, олар сондай-ақ Қазақ инфокоммуникация Академиясының жаттықтырушылары.
Ақпараттық технологиялар негіздеріне арналған курс тәжірибелік пен зертханалық жұмыстарға құрылған. Барлық тыңдаушылар 28 маусымда белгілі білімдер мен дағдылар алғандығын растайтын сертификаттар алды. Өз біліктілігін арттырғандар арасында Теміртау, Қарағанды, Саран, Сәтпаев, Шахтинск, Балқаш, Жезқазған, Осакаровка, сондай-ақ, Абай, Нұра, Шет, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ақтоғай және Бұқар жырау аудандарының информатика пәнінің мұғалімдері. Енді педагогтар компьютер жаңғырту, жөндеу немесе құрастыру, Windows операциялық жүйесін орнату және оны басқару, интернетке қосылу үшін құрылғыларды реттеу, күрделі аппараттық және бағдарламалық ақауларды іздеу және жою, деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көптеген басқа үшін қолайлы компоненттерді қауіпсіз таңдай алады.
Естеріңізге сала кетейік: Cisco американдық трансұлттық корпорациясы желілік технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы және білім беру мекемелері үшін пайдалануда қарапайым және үнемді компьютерлік желілерді әзірлеу және құру бойынша бағдарламалар бастамашысы болып табылады. Білім беру қызметкерлеріне өз желілерін дамыту және қызмет көрсетуі үшін тиісті білім мен дағдылар талап етіледі. Cisco Желілік академия бағдарламасы – бұл жаһандық экономика жағдайында қажетті интернет технологиясы саласындағы тыңдаушыларға білім ұсынатын электронды оқыту жүйесі. Онда интернет арқылы қол жетімді материалдар, білімді бағалау құралдары, білім алушылардың академиялық жетістіктерін қадағалау, практикалық және зертханалық сабақтар, сондай-ақ кәсіби сертификаттар алу үшін оқытушыларды қайта даярлау курстары кіреді. Желілік Академиядағы көптеген интерактивті онлайн емтихандарды және практикалық сынақты біріктіретін білім бағалау жүйесі, оқу үрдісін бағалауға және жетілдіруге мүмкіндік береді және тыңдаушылар мен оқытушылардың оқыту нәтижелеріне жауапкершілігін нығайтады. Күн сайын Академияның бағдарламасы шеңберінде бүкіл әлем бойынша орта есеппен 30 мыңнан астам онлайн-тестілеу жүргізіледі.
Cisco Желілер Академиясы 20 жыл бұрын АҚШ-тың 64-ші білім беру мекемелері базасында құрылған, осы уақытқа дейін 165-тен астам елге таралды. Мүдделі оқу мекемелеріне Cisco Академиясының мәртебесі беріледі.
ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру мақсатында, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін енгізу және сандық экономика үшін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Cisco Желілік Академиясымен ынтымақтастықта Қарағанды аймағында сандық дағдылармен жаңа кадрларды даярлау мен жаңа сандық технологияларды енгізудің базалық алаңы болды. Cisco Академиясының Қазақстандағы қазіргі қызметі – бұл біздің еліміздің үкіметі қол қойған келісімнің нәтижесі, оған сәйкес Cisco Digital Kazakhstan бағдарламасын қолдайды. Келесі үш жылда Желілік Академиясы Қазақстан аумағында бірқатар оқыту бағдарламаларын енгізуді жоспарлап отыр.
ҚМИУ баспасөз қызметі
|