“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Архив:

Тарау таңдап алу:

Все сделанные на сайте записи одним потоком: көшу →


«ВЕЧЕРНЯЯ ГАЗЕТА» ГАЗЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН

18.08.2018, 13:46:09, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Образовательные программы специальностей КГИУ лидируют в национальном рейтинге!

 

ҚМИУ мамандықтарының білімдік  бағдарламалары ұлттық рейтингте алдыңғы қатарда!

Жоғары оқу орындарының 66 білімдік бағдарламалары бойынша рейтингті «Атамекен» ҰКП құрастырған. Бұл мәліметтер білім жүйесін өзектендіруге және жоғары оқу орындары арасында аутсайдерлерді анықтауға мүмкіндік береді, бұл Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, еліміздегі жоғары оқу орындарының санын қысқарту кезінде дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.

Рейтингті Ұлттық палата сарапшыларды тартумен статистикалық талдау жасаумен және нәтижелер туралы есепті дайындаумен басқа мәліметтер негізінде құрастырылған. Білімдік бағдарламалар рейтингісін жүзеге асырудағы негізгі мақсат еңбек нарығы және/не кәсіпті стандарттар талаптарына білімдік бағдарламалардың сәйкестігін анықтау.

Әдістеме еліміздің жоғары оқу орындарының білікті түлектерін дайындау және жұмысқа орналастыруда бизнес және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыздандыру мақсатында әзірленген.

Әдістеме көп факторлы рейтингтен қалыптастырылған, ол мүмкіндік береді:

  • түлектерді жұмысқа орналастыру түрінде жоғары оқу орындарын қортынды нәтижеге бағдарлау;
  • грант және бюджеттік қаржыны жоғары оқу орындарына бөлу бойынша шешім қабылдау;
  • жоғары оқу орындарының бизнеспен байланыстарын нығайту;
  • жұмыс беруші күтетін үмітіне сәйкес түлектердің дағдылар жиынтығына қатысты білімді ұсынуға ауысу.
  • жоғары оқу орнының түлегінің еңбекақысы деңгейі және жұмысқа орналастыруға қатысты жоғары оқу орындарының мәртебесін арттыруға ынталандыру.

ҚР «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Олжас Ордабаев түсіндіргендей, білімдік бағдарламаларды бағалау білімнің әртүрлі саласындағы кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Білімдік бағдарламаларды бағалау кезінде түлектерді жұмысқа орналастыру және орташа еңбекақы мөлшеріне ерекше көңіл бөлінеді. Осы көрсеткіштер мамандардың пікірі бойынша түлектер нарығы қаншалықты жоғары екендігін, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы олар қаншалықты оңай жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді. Сонымен бірге ұсынылған әдебиеттердің оқытылуы, контент өзектілігі және жаңалығы, бөлінген уақыт мөлшері, тақырыптар толықтығы ескеріледі.

«Әртүрлі жоғары оқу орындарының білімдік бағдарламалары арасындағы бәсекелестік басталды. Білім және ғылым министрлігі білімдік бағдарламалар реестрін және рейтінгісін жүргізеді және жұмыс берушілер қауымдастығымен бірге реестрден  нарық жағдайына қажет емес және әлсіз бағдарламалар алынады» – деп атап өтті білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев.

Білімдік бағдарламалар рейтингісінің нәтижесі бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 4 мамандығының білімдік бағдарламалары жоғары орындарды иеленіп, үздік ондық  құрамына кірді:

Электрэнергетика 3 орын

Органикалық заттардың химиялық технологиялары – 4 орын

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру – 6 орын

Құрылыс – 6 орын

20 озық білімдік бағдарламалар топтамасына ҚМИУ келесі мамандықтарының білімдік бағдарламалары кірді:

Автоматтандыру және басқару – 12 орын

Машинажасау – 11 орын

Көлік, көлікті техника және технологиялар – 16 орын

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

27.07.2018, 16:44:31, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ!

Көңіл аударыңыз!

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті магистратура және докторантураның келесі мамандықтары бойынша құжаттарды қабылдайды:

МАГИСТРАТУРА

6М070900 Металлургия 20
6М071000 Материалтану және жаңа метариалдар технологиясы 2
6М071200 Машинажасау 8
6М072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы 2
6М072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) 10
6М072900 Құрылыс 4
6М073100 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 6

ДОКТОРАНТУРА

6D070900 Металлургия 7
6D074000 Материалтану және жаңа метариалдар технологиясы 3

ҚМИУ магистратурасына оқуға қабылдау конкурс негізінде оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Магистратура бойынша құжаттарды қабылдау 3 мен 31 шілде аралығында жүзеге асырылады. Оқуға түсу емтихандары 10 мен 20 тамыз аралығында өткізіледі. Оқуға қабылдау 25 тамызға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

ҚМИУ магистратурасы жәнеи докторантурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) мекеме басшысының атына жазылған өтініш, шетел тілі бойынша оқуға түсу емтиханы тапсырылатын қала атауы көрістеледі;

2) жоғары білім туралы құжат көшірмесі;

3) шетел тілі бойынша (болған жағдайда) тест тапсырылған халықаралық сертификат көшірмесі;

4) еңбек өтілін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) және кадр есебі бойынша жеке парақша;

5) 3×4 өлшемді алты фотография;

6) 086-У үлгілі медициналық анықтама (ФШК суреті);

7) жеке куәлік көшірмесі;

8) ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстар тізімі (болған жағдайда).

 

Аталған құжаттар көшірмесімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары да тапсырылады.

Қабылдау комиссиясының телефоны: 8(7213) 91-42-34


Назар аударыңыз! Бос гранттар!!!

25.07.2018, 14:49:50, Әкімшілік, көшу → Тараулар: Жаңалықтар

Алға, жоғары білімге!

15 және 16 шілдеде ҚМИУ базасында талапкерлерді кешенді тестілеу екі ағынмен өтті. Оған 334 адам қатысты, олардың жартысы шекті деңгейден асып, енді жоғары білім ала алады.

Бірінші ағында өткен жылдардың орта мектеп бітірушілері тестілеу тапсырды. Ең жоғарғы балл-81, орта – 40,3 құрады.

Екінші ағында ТжКБ базасында, ең жоғары балл – 48, орта– 23,94.

Кешенді тестілеуді сәтті тапсырғандар мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысуға құқығы бар. Құжаттарды қабылдау шілденің 18-26 аралығында өтеді.

Өту балын жинамаған талапкерлер тамыз айында қайтадан тестілеуден өтуге және ақылы бөлімге түсуге болады, ол үшін 3 тамызға дейін университеттің қабылдау комиссиясына жүгіну қажет.

ҚМИУ баспасөз қызметі