ҚМИУ Nazarbayev University өкілдерімен студенттердің кездесуі өткізілді
Nazarbayev University өкілдері студенттерді «Nazarbayev University» АҚ құрылымында жұмыс жасайтын инженерия, ғылым және технологиялар, гуманитарлы және әлеуметтік ғылымдар, жоғары білім мектебі және жоғары бизнес мектебінің магистратура, докторантурасының академиялық бағдарламаларымен таныстырды.
Nazarbayev University 2010 жылы құрылған және Қазақстан Республикасында әлемдік деңгейдегі зерттеу жоғары оқу орны ретінде қалыптасқан.
Nazarbayev University халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес және академиялық еркіндік және инстутциялық автономия қағидалары бойынша жұмыс жасайды, 2018 жылы осы оқу орны төртінші түлектеріне өмірге жолдама берді.
Бүгінгі күні Nazarbayev University жеті мектеп жұмыс жасайды, олар халықаралық алдыңғы жоғары оқу орындарымен стратегиялық серіктестік аясында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алуды ұсынады.
Сонымен бірге университет құрамында National Laboratory Astana және Nazarbayev University Research and Innovation System басшылығымен ғылыми орталықтар, пилотты Технопарк және Nazarbayev University Инновациялық кластері құрамында басқа ұйымдар, сонымен бірге «University Medical Center» Корпоративті қордың төрт клиникасы жұмыс жасайды.
Nazarbayev University Қазақстанда зерттеу түріндегі жоғары білім беру ұйымдарының жаңа парадигмасын қалыптастыруға және халықаралық білімдік хаб, инновация және білім орталығы ретінде Астана қ. дамуына үлес қосуға ұмтылады.
Nazarbayev University қызметі алдыңғы зерттеу, инновациялы және технологиялық, индустриялық дайындыққа және жылдам өзгерістерге және интегрирленген жаһандық экономика талптарына жауап беретін өтпелі кезеңде қазақстандық білім жүйесін қолдауға бағытталған.
Кездесу барысында 4 курс студенттері тек ғана Nazarbayev University жүзеге асырылатын білімдік бағдарламалар жайлы ғана емес, сонымен бірге байқауға қатысуға арналған ережелер және қажетті құжаттар туралы мәліметтерді білді. Сонымен бірге студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.
ҚМИУ баспасөз қызметі